A A A
Мазмұнына өту

You are here

Салымшылардың дерекқорың қалыптастыру және ақпаратпен алмасу қағидарларын бекіту туралы бұйрықтың жобасы

ЖОБА

Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын

бекіту туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салымшылардың (алушылардың) Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде баспа және электронды түрде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау Министрі                                                           Т. Дүйсенова

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрі

          ________________  Д. Абаев

          ________________ 2017 жыл

 

                                                                                  Қазақстан Республикасы

                                                                               Еңбек және халықты әлеуметтік

                                                                               қорғау министрінің

                                                                           2017 жылғы __               №__

                                                                               бұйрығына 1-қосымша

 

Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру
қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидалары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы
21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)
7-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын (бұдан әрі – дерекқор) қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.

Осы Қағидалардың нысанасы пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың дерекқорын және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру болып табылады.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға (БЖЗҚ);

3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

4) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

5) мiндеттi зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Заңға сәйкес салынатын ақша (МЗЖ);

6) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша (МКЗЖ);

7) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер.

Орталық атқарушы орган, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алынған ақпаратпен қолданыстағы заңнамамен және осы Қағидалармен анықталған өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде пайдаланады.

 

 

2-тарау. Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ, МКЗЖ бойынша дерекқорын және МЗЖ, МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру тәртібі
 

3. Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ, МКЗЖ бойынша дерекқоры Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімінің (бұдан әрі – ЖТБТ) негізінде қалыптастырылып, ол әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай деректерді:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, туған жері, жынысы, тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі, берілген күні және берген органы;

4) МЗЖ, МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу күнін көрсете отырып, шарттардың ашылуы туралы ақпаратты;

5) МЗЖ, МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың бұзылған күнін және себебін көрсете отырып, шарттардың жабылуы туралы ақпаратты;

6) аударылған МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ белгіленген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оларды қайтару туралы;

7) белгіленген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агенттің атауы мен деректемелерін қоса алғанда, МЗЖ, МКЗЖ төлеу жөніндегі агенттер туралы;

8) салымшының (алушының) дербес деректерінің өзгергені туралы ақпарат;

9) салымшының (алушының) мәртебесінің өзгергені туралы ақпаратты қамтиды.

4. Мемлекеттік корпорация күнделікті негізде деректер базасын жаңарта отырып, ЖТБТ қалыптастырады.

5. Мемлекеттік корпорация күн сайын ЖТБТ-дағы салымшылардың (алушылардың) дербес деректерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтерімен салыстырып тексеруді жүргізеді.

Салымшылардың (алушылардың) дербес деректерінде айырмашылықтар анықталған кезде Мемлекеттік корпорация оларды «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорындағы деректермен сәйкестікке келтіреді.

6. Салымшының (алушының) дербес деректері өзгергені туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорациядан БЖЗҚ-ға беру ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, электрондық тәсілмен ЖТБТ-ға өзгерістерді енгізген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-мен бірлесіп бір салымшыда (алушыда) МЗЖ-нің есебі бойынша бір жеке зейнетақы шотының және (немесе) МКЗЖ-нің есебі бойынша бір жеке зейнетақы шотының болуын қамтамасыз етеді.

 


 

                                                                               Қазақстан Республикасы

                                                                               Еңбек және халықты әлеуметтік

                                                                               қорғау министрінің

                                                                           2017 жылғы __               №__

                                                                               бұйрығына 2-қосымша

 

Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы  Орталық атқарушы орган  мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Осы қағидалардың нысанасы болып орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында салымшылар (зейнетақы төлемдердің алушылыр) бойынша мәліметтермен алмасуға қатысты ақпараттық қарым қатынастарды қамтамасыз ету табылады.

2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

1) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;

3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

4) Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі - МОБКО) - «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;

5) ақпаратты тасымалдаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – АТҚАЖ) – жөнелтілетін құжаттамаға санкцияланбаған қолжетімділіктен қажетті қорғауы бар арнайы байланыс арнасы;

6) ақпараттық жүйелердің интеграциясы - деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде екі және одан да көп ақпараттық жүйе арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

7) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер;

8) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;

9) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын, жұмыскердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент төлемінің мөлшерi.

Орталық атқарушы орган, БЖЗҚ және Мемлекеттік корпорация ұсынылған ақпаратты қолданыстағы заңнамен және осы Қағидлармен  белгіленген тәртіпте қолданады.

2-Тарау. Ақпаратпен алмасу тәртібі

3. Орталық атқарушы орган мен БЖЗҚ арасындағы ақпарат алмасу Орталық атқарушы органы мен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттесуі туралы Келісімге негізінде жүргізіледі. (бұдан әрі – Келісім).

4. Орталық атқарушы орган мен БЖЗҚ-нің ақпараттық жүйелері  арасында алмасуға жататын ақпарат:

1) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысы тоқтатылған шарттар туралы;

2) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттары туралы;

3) салымшылардың (алушылардың) дербес деректері өзгерілгені туралы ақпарат;

4) нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі бойынша ақпаратты соның ішінде БЖЗҚ – да МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтар туралы;

5) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу бойынша орталықтандырылған дерекқордағы салымшылардың (алушылардың) банктік деректемелері туралы;

6) мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорындағы салымшыларда (алушыларда) мүгедектіктің болуын, белгіленген күнін және мерзімін растау туралы;

7) МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары сомалары, есепті күнге есептелген инвестициялық табыстың және БЖЗҚ-дан алушыға жүргізілген зейнетақы төлемдерінің сомасы туралы мәліметтерді қамтиды.

4. Осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мәліметтерді беру МОБКО және АЖҚАЖ пайдалана отырып, электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мәліметтермен орталық атқарушы органның және БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері арасында алмасу күнделікті негізде жүргізіледі.

6. БЖЗҚ күнделікті Астана қаласының ағымдағы күннің 23 сағат
30 минут уақытынан кешіктірмей орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесіне осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді жібереді.

Мемлекеттік корпорация мәліметтердің түскен күнінен бастап кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ-ға мәліметтерді алғаны туралы электрондық хабарламаны және ЖТБТ-ға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жөніндегі мәліметті қосқаны және қоспағаны жөніндегі жіберілген (алынған) мәліметтер бойынша салыстырып тексеру Хаттамасын (бұдан әрі – Хаттама) жолдайды.

ЖТБТ-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жөніндегі мәліметтерді өзектендіруден бас тартқан жағдайда Хаттамада бас тарту себебін көрсете отырып, зейнетақымен қамсыздандыру туралы өзектендірілмеген шарттар бойынша ақпарат қамтылуы тиіс.

7. Осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді беру ақпараттық жүйеден БЖЗҚ-ға Келісімге сәйкес ЖТБТ-ға өзгерістер енгізген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

8. БЖЗҚ салымшының (алушының) дербес деректерін алғаннан кейін бір күн кешіктірмей БЖЗҚ ААЖ өзгерістер енгізеді.

Жылсайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін, орталық атқарушы орган және БЖЗҚ – ның ақпараттық жүйелері арасында деректер базаларының салымшылардың (алушылардың) дербес деректерін орталық атқарушы органның Орталықтандырылған базасындағы мәртебесімен сәйкес келетіндікке салыстырылап тексеру жүргізіледі.

9. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан сұрау түскен күннен екі күн кешіктірмей осы Қағиданың 4 тармағы 4) тармақшасында көрсетілген ақпаратты береді.

10. Осы Қағиданың 4 тармағы 5), 6) тармақшаларында  көрсетілген мәліметтер берілуі қажеттілігіне қарай Келісімнің форматымен бекітілген тәртіпте жүргізіледі.

11. Осы Қағиданың 4 тармағы 7) тармақшасында көрсетілген мәліметтер әр тоқсан сайын есепті тоқсан кейінгі 15 ші санына дейін ұсынылады.

12. Мемлекеттік корпорация осы Қағиданың 4 тармағы 7) тармақшасына сәйкес ұсынылған ақпарат негізінде , орталық атқарушы органға БЖЗҚ –ғы есепті айдан кейінгі 1 санына инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі бойынша ақпаратты соның ішінде БЖЗҚ – да МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтар туралы және де Заңның 11 – бабы 1 тармағында айқындалған зейнеткерлік жасқа толатын азаматтар бойынша ақпаратты ұсынады.

13. Әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелеріне арналған бағдарламалық-аппараттық құралдардың және байланыс арналарының жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың басқа да ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды және ықпалдастықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

__________________

 

                                                                Қазақстан Республикасы

                                                                               Еңбек және халықты әлеуметтік

                                                                               қорғау министрінің

                                                                           2017 жылғы __               №__ бұйрығына

                                                                            3-қосымша

 

Күші жойылған кейбір бұйрықтар тізімі

 

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 202 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 12-ө «Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon proekt_prikaza_-_rus.doc78.5 KB
Microsoft Office document icon proekt_prikaza_-_gos.doc85 KB
Бөлімдер:
13 маусым, 2017 - 16:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші