check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы № ___ ҚР Заңына Қазақстан Республикасының Президенті қол қойды.

Заң:

2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақының мөлшерін 2016 жылғы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға дейін арттыруға;

2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала тууға байланысты берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 20 пайызға өсіруге;

жұмыс берушінің 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарының көзделген енгізу мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыруға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен төленетін зейнетақылардың мөлшері кезең-кезеңімен арттырылады. Ынтымақты зейнетақының жыл басынан 9%-ға артқанын ескергенде, тағы 11%-ға арттырылатын болады. Базалық зейнетақының жыл басынан 7%-ға арттырылғанын ескере отырып, тағы 13%-ға арттырылатын болады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының мөлшерін 2016 жылғы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға дейін арттыру қамтамасыз етілетін болады.

Бала тууына байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 7%-ға арттырылды, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 20%-ға артатын болады. Нәтижесінде 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы зейнетақының өсімі 27%-ды құрайды

Жалпы алғанда жоғарыда аталған зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру үшін республикалық бюджеттен 81,6 млрд.теңге көзделген.

Заң жобасында ҚР 11 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Заң жобасын қабылдаған жағдайда құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарға әкелмейді.

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon press-reliz.doc26 KB
Microsoft Office document icon press-reliz_gos.doc27.5 KB
28 маусым, 2017 - 10:43 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші