A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ұлттық біліктілік жүйесі туралы

Барлық замануи әлемде бәсекеге қабілетті азаматтарды қалыптастыру үшін еңбек нарығының және білімнің тиімді  өзара іс-қимылы Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу арқылы жүзеге асады.

Ұлттық біліктілік жүйесі деген не және оның енгізілуіне не істеліп жатыр екендігі туралы біз Қазақстан Респбуликасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Н.О. Тілеуовты айтып беруді сұрадық.

  1. Ұлттық біліктілік жүйесі деген не екенін айтып беріңізші?

Ұлттық біліктілік жүйесі еңбек нарығындағы мамандардың біліктілігіне сұраныс пен ұсынысты реттеуге мүмкіндік беретін тетік, сондай-ақ ол білім және еңбек нарығы салаларының өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  1. Ұлттық біліктілік жүйесі неден құралады?

Ұлттық біліктілік жүйесі мынадай элементтерден тұрады:

      - Ұлттық біліктілік шеңбері – салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды әзірлеу үшін жалпыкәсіптік құзыреттердің біліктілік деңгейінің бірыңғай шкаласы. Қазақстанда Ұлттық біліктілік жүйесі 8 деңгейден тұрады;

      -  салалық біліктілік шеңбері – орындалатын жұмыстың күрделілігіне және қолданылатын білімдердің, машықтардың және құзыреттердің сипаттамасына байланысты маманның нақты салалардағы деңгейлері бойынша біліктілігіне қойылатын талаптарын жіктейді;

      - кәсіптік стандарттар – кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбектің мазмұнына, сапасына және шарттарына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарттар;

- әзірленген кәсіптік стандарттардың негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары;

      - тәуелсіз бағалау және біліктілікті беру жүйесі.

  1. Ұлттық біліктілік жүйесі кім үшін арналған?

Мемлекетке жақсы дамыған Ұлттық біліктілік жүйесі бүкіл өмір бойы оқу, формалды және формалды емес дағдыларды тану, білім және кәсіптік дайындық сапаларын арттыру, еңбек нарығын талап етілетін кадрлармен қанықтыру және еңбек өнімділігін арттыру сияқты мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі.

Жұмыс берушіге Ұлттық біліктілік жүйесі кадрлық саясатты қалыптастыру, персоналды басқару кезінде, оқыту ұйымдастыру және жұмыскерлерді аттестаттау кезінде, лауазымдық нұсқауларды әзірлеу, жұмыстарды тарифтеу кезінде көмектеседі,

Білім беру саласына Ұлттық біліктілік жүйесі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін білім стандарттарын және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі.

Жұмыскерге Ұлттық біліктілік жүйесі өзінің кәсіптік дамуын жоспарлауға, өз біліктілігіне растау алуға, мансаптық мақсаттарын және оған қол жеткізу бойынша стратегияны айқындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Ұлттық біліктілік жүйесі балаға болашақ кәсібін анықтауға қалай көмектесуін білмейтін ата-аналар, өз мансабының көрінісін қалай қалыптастыра алмай журген студенттердің ата-аналары немесе еңбек нарығында өз біліктілігінің талап етілуін анықтауға тырысып журген жас мамандардың ата-аналары арасында өз қолдануын таба алады.

  1. Ұлттық біліктілік жүйесінің макро деңгейдегі міндеті неде екенін толығырақ айтыңызшы?

Ұлттық біліктілік жүйесінің құндылығы бүкіл өмір бойы оқу, формалды және формалды емес дағдыларды тану, білім және кәсіптік дайындық сапаларын арттыру, еңбек нарығын талап етілетін кадрлармен қанықтыру және еңбек өнімділігін арттыру сияқты саяси мақсаттарға қол жеткізуге оның әлеуетінде жатыр. Дәл осы мақсаттарға Елбасы «Болашаққа апарар көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақала-бағдарламасында өзінің назарын аударады.

Елдердің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту себептері де әр түрлі. Мысалы, көптеген елдер жұмыссыздықтың болуына алаңдауда, ол нарықтағы толтырылмаған бос орындардың көп болуына қарамастан сақталып тұр. Бұл жұмысшылардың біліктілігінің жұмыс берушілердің қоятын талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты болады.

Басқа елдерде біліктілікті тану азаматтарға оларға ыңғайлы уақытта бүкіл өмір бойы өздері алған біліктілікке растау алуға мүмкіндік береді.

Өзге елдерде біліктілік жүйесінің фрагменттігі үлкен проблема болып табылады, онда мектептен шығып қалғандар себебінен халықтың бөлігі формалды білім жүйесінен жойылған және олардың қолдарында құжаттары және сертфиикаттары жоқ. Бұл жағдайда, формалды емес алынған дағдыларды тану адамдарға сертификаттарды, дипломдарды алуға мүмкіндік береді және сондай адамдардың бірігуін еңбек нарығының формалды жүйесіне жылдамдата алады.

  1. Ұлттық біліктілік жүйесі жұмысшыны, жұмыс берушіні қалай қорғай алады?

Кәсіптік стандарттар жұмысшыларға да, жұмыс берушілерге де бірыңғай талаптарды орнатады, сол арқылы ашық «ойын ережелерін» қамтамасыз етеді. Екі тараптар да  әрбір кәсіптік қызмет үшін не керегін біледі. Жұмысшы жұмыс берушінің ақылға қонымсыз талаптарынан қорғаулы болады. Жұмыс беруші өзінің жұмыскерін немен және қалай қамтамасыз ету керек екендігін біледі және өз кадрлық саясатын жоспарлауға және өткізуіне болады.

  1. Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу жұмыс істейтін адамдар үшін қосымша бақылаулар және тестілеуді білдіреді ме?

Көптеген кәсіртерде (педагог, заңгер, дәрігер, құрылысшы және т.б.) кез келген жағдайда өзінің біліктілігін растау үшін аттестаттау, тестілер орын алады. Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу және қолдану қосымша бақылауларды қоспайды, бірақ кез келген кәсіпке қажет бақылаулар мен аттестацияларды тиімді етеді. Бастапқы кезеңде сертификаттау еңбек нарығына алғаш келіп түскен түлектерге қолданылады, кейін сертификаттау кезең бойынша барлық еңбек нарығына тарайды.

  1. Сіз Ұлттық біліктілік жүйесі ұғымын, мысалы мектеп оқушысына қалай түсіндіре едіңіз?

Мектеп оқушысына оны былай түсіндіруге болады: сен компьютер ойнын ойнай бастадың деп елестет. Белгілі бір базалық машықтар мен білімдер жинағы бар кейіпкер ретінде бастайсың. Ойын деңгейлерін сәтті өту үшін кейіпкер өзін нығайту керек, жаңа дағдыларды игеру, құралдар жинағын кеңейту керек. Ойынның дизайнына кейіпкерді оның квестінде бағыттайтын сыбырлар немесе карталар қосылған, олар келесі деңгейге өту үшін нені істей алу және білу керек екенін сыбырлап айтады, оларды қайдан үйренуге болады және бастысы, содан кейін сен шын мәнінде осы дағдыларды игергеніңді қалайша дәлелдей аласың.

Сол сыбыр - Ұлттық біліктілік жүйесі және оның элементтері – Ұлттық біліктілік шеңбері, Салалық біліктілік шеңбері, кәсіптік стандарттар, тәуелсіз бағалау және біліктілікті беру жүйесі болып табылады.

  1. Ұлттық біліктілік шеңберін және салалық біліктілік шеңберін пайдалануға мысал келтіріңізші?

Ұлттық біліктілік шеңберінің 8 деңгейлерінің негізінде Салалық біліктілік шеңбері әр түрлі секторларда қалыптасады.

Бірінші деңгейде бастапқы білім алған және жұмыс істеу дағдылары жоқ жұмыскерлер орналасқан. Барлық кәсіптердің барлық 8 деңгейлері бола бермейді, сондай-ақ барлық кәсіптер 1-ші деңгейден бастала бермейді. Мысалы, тігіншінің көмекшісі біліктілік шеңберінің екінші деңгейінен басталады және оқыту мен тәжірибенің нәтижесінде тігіншінің көмекшісі үшінші деңгейге өтеді және тігінші болады. Одан әрі төртінші деңгейде тігінші киім үлгісі жөніндегі маман болады, бесінші деңгейде ол тоқыма және былғарыдан жасалған бұйымдардың жобалаушысы болады, алтыншы деңгейде киім өндіру жөніндегі дизайнер немесе инженер болады.

Біліктілік шеңберлері көмегімен оқыту нәтижелерін және жұмыскердің біліктілік деңгейлерін айқындауға болады, соған байланысты жұмыскердің еңбегіне ақы төленеді.

  1. Ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде жұмыс берушілер және білім беру ұйымдары арасында өзара байланыс қалай орнатылады?

Салалық біліктілік шеңберінің негізінде жұмыс берушілердің қатысуымен кәсіптік стандарттар әзірленеді.

Кәсіптік стандарттар кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбектің мазмұнына және сапасына қойылатын талаптарды айқындайды. Көрініс үшін біздің алдыңғы мысалға – тігін ісі жөніндегі маманға оралайық. Кәсіптік стандарттарда тігінші атқаратын позициясына сәйкес келу үшін нақты нені білу және істей алу керек және келешекте киім дизайнері болу үшін нені үйрену керек екендігі жазылады. 

Сонымен, кәсіптік стандарттардың негізінде оқыту және білім беру бағдарламалары әзірленген кезде, сонда еңбек нарығының дағдыларына қойылатын талаптар мен білім жүйесі тарапынан сол дағдыларды ұсыну арасында байланыс пайда болады.

Оқыту нәтижесінде алынған дағдылардың шын мәнінде нарықтың талаптарына сәйкес келуін растау тәуелсіз бағалау және дағдыларды тану жүйесі, яғни тәуелсіз сертификаттау жүйесі қамтамасыз етеді.

  1.  «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының Ұлттық біліктілік жүйесінің дамуына қосқан үлесі туралы толығырақ айтыңызшы.

Жоба бұл тұрғыда дағдылар мен білімдердің қалыптасуына және адами капиталдың дамуына тікелей әсерін тигізеді. Білім беру бағдарламалары мен кәсіптік стандарттардың өзара байланысын қамтамасыз ету арқылы Жоба жұмыс күшінің біліктілігі мен жеке сектордың қажеттіліктерін келісуді қамтамасыз етеді.

Бұл мақсатқа кезең бойынша қол жеткізіледі.

Біріншіден, кәсіптік стандарттардың жүйесі кәсіптер құзыретінің барлық сегіз деңгейін, техникалық және кәсіптік білім дегейінен бастап басқару деңгейімен аяқтауды қамту мақсатында қайта қаралады және кеңейтіледі. Бұл процеске салалық жұмыс берушілер қауымдастығы белсенді қатысады, сол арқылы еңбек нарығы тарапынан сұраныстың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, техникалық және кәсіптік білім және жоғары білім беру бағдарламалары жаңартылған және қайта әзірленген кәсіптік стандарттарға сәйкестікке келтіріледі. Яғни жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, еңбек нарығы тарапынан сұранысқа білім тарапынан ұсынысты қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, оқу аяқталғаннан кейін оқытылған кандитаттың дағдылары мен білімдері тәуелсіз бағалауға және сертификацияға тап болады. Бұл жұмыс берушілерге кандидаттың құзыретінің алынатын лауазымға сәйкес келуін куәландырады.

2020 жылға дейін біз жұмыс берушілер қауымдастығымен бірлесіп, нақты секторларда және өндірістік салаларда жеті дағдыларды тестілеу және кәсіптік сертификаттау орталықтарын пилоттық енгізуді  жопарлап отырмыз.

Барлық жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып, Ұлттық біліктілік жүйесін дамытудың көмегімен бізбірыңғай кадрларды даярлау жүйесін қалыптастырамыз, оған барлық тараптар: жұмыс берушілер, жұмыскерлер, білім және оқу жүйесі, ең бастысы Ұлттық біліктілік жүйесінің тікелей бенефициарлары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қаратылады

20 маусым, 2017 - 16:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші