A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары

      3. Рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:

      1) бірінші санат – бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;

     2) екінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелер басшылары;

      3) үшінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;

      4) төртінші санат – кәсіптік стандарттарда, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.

      3-1. Осы Қағидалардың шетелдік жұмыскерлерге қолданылатын ережесі сондай-ақ Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде, немесе Қағидалардың 31-тармағына сәйкес тартылатын шетілдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

      4. Жергілікті атқарушы орган рұқсаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде береді.

      5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданыстағы, бұрын берілген рұқсаттардың саны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлген квотаның тиісті күнтізбелік жылға арналған санынан аспауға тиіс.

      6. Жергілікті атқарушы орган мынадай шарттар:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70%;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90% шарттарын сақтаған кезде рұқсат беру және (немесе) ұзартуды жүзеге асырады.

      Қадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік жұмыскерлер қатарында 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық қауымдастық туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары есептелмейді.

      Жұмыс беруші кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      7. Қағидалардың 6-тармағы:

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;

      мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерге;

      4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квота шеңберінде берілген рұқсаттарға;

      5) шетелдік заңды тұлғаның жұмыскерлерінің саны 30 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарына қолданылмайды.

      8. Басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттарды аумағында жобалар іске асырылып жатқан жергілікті атқарушы органмен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Қағидаларға  3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша мүдделі орталық мемлекеттік органдар айқындайды.

      8-1. Осы Қағидалардың жұмыс берушілерге қолданылатын ережесі сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде, немесе Қағидалардың 31-тармағына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғаның филиалдарына, өкілдіктеріне қолданылады.

      9. Рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.

      10. Рұқсат алу үшiн жұмыс берушi не олардың өкілі "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтерді қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.

      11. Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайларда жергілікті атқарушы орган олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттарды қайтарады және жұмыс берушіге құжаттардың қайтарылғаны туралы (Қағидаларға сәйкес берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жазбаша негіздеме береді.

      Құжаттарды қағаз түрінде қабылдаған кезде жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қабылданған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, қолхат береді.

      12. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:

      1) бірінші санат үшін – жыл сайын он екі ай мерзімге ұзартумен он екі ай;

      2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге, бірақ үш реттен артық емес ұзартумен он екі ай;

      3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі ай;

      4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға дейінгі мерзімге беріледі.

      13. Жергілікті атқарушы орган рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Жергілікті атқарушы орган шешімді жергілікті атқарушы орган құратын Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдарының негізінде қабылдайды.

      14. Комиссияның құрамына ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның өкілдері кіреді.

      15. Жұмыс беруші не оның өкілі өз ұйғарымы бойынша Комиссияның отырысына қатыса алады. Жергілікті атқарушы орган отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде үш жұмыс күні қалғанда өзінің интернет-ресурсында Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны туралы ақпаратты орналастырады.

      16. Жергілікті атқарушы орган "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не жазбаша жұмыс берушіге рұқсатты беру не беруден бас тарту, ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде оны қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      17. Рұқсатты беру және (немесе) ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес хабарлама жібереді.

      18. Рұқсатты беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда жергілікті атқарушы орган Қағидалардың 10-тармағында сәйкес оның негіздемелерін көрсетеді.

      19. Жұмыс беруші рұқсатты беру туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.

      Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды енгізгенін растайтын құжаттарды бермеген кезде жергілікті атқарушы органның шешімі, сондай-ақ рұқсаттын қолданысы Қағидалардың 33-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тоқталады.

      20. Жергілікті атқарушы орган Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушіге рұқсат береді.

      Жұмыс берушi екі жұмыс күнi өткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда жергілікті атқарушы орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.

      21. Мынадай:

      1) бөлінген квотаның мөлшерінен асып кеткен;

      2) жұмыс беруші Қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;

      3) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;

      4) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) кәсіптік стандарттарға, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылар, мамандар және қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді және ұзартылмайды.

      22. Рұқсат берілген шетелдік жұмыскер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда ол осы кәсіп үшін Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-баптың 16-1) тармақшасына көзделген тәртіппен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде бұрын берілген рұқсатты бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа нөмір бере отырып, басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеуге жол беріледі.

      Бұл ретте жұмыс беруші жергілікті атқарушы органға рұқсат қайта ресімделетін шетелдік жұмыскерге осы Қағидаларда көзделген құжаттарды жібереді. Қағидалардың 33-тармағы 6) тармақшасына сәйкес бастапқыда берілген рұқсат қолданысын тоқтатуға жатады.

      23. Жергілікті атқарушы орган бұрын берілген рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу туралы шешімді құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, Комиссия отырысында қарамай қабылдайды.

      24. Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшiн жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды жiбередi:

      1) өтініш;

      2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;

      3) тартылатын шетелдік жұмыскер туралы мәліметтер;

      4) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      25. Жергілікті атқарушы орган берілген құжаттардың негізінде құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті орган рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда рұқсат он екі айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күні басталады.

      Рұқсатты ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган Комиссия отырысында қарамай жүзеге асырады.

      26. Жергілікті атқарушы орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттың мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күнi iшiнде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушiге рұқсаттың мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      27. Жұмыс берушi рұқсатты ұзарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты ұзартқаны үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      28. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайдын.

      29. Жергілікті атқарушы орган Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттың көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жұмыс берушіге рұқсатты береді.

      Жұмыс берушi хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi өткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда жергілікті атқарушы орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.

      30. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.

      Бұл ретте жұмыс берушіге рұқсат алынған шетелдік жұмыскерлерді өзге әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуге рұқсат етіледі.

      31. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда не шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін онда мұндай шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама қатысу акциясы немесе үлесі бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда, онда қабылдаушы тараптың уәкілетті адамы "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтініш береді.

      Қағидалардың осы тармағына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезеңінде еңбек қатынастары шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлға-жұмыс берушінің арасында жасалған құжатпен (хат немесе ауыстыру туралы келісіммен) реттеледі.

      32. Жергілікті атқарушы орган қолданыстағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды кері қайтарып алуды мынадай:

      1) шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартқан;

      2) жұмыс берушi Қағидалардың 6-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған жағдайларда жүргізеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны Қағидалардың 6-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.

      33. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысы мынадай:

      1) ол берілген мерзім аяқталған;

      2) рұқсат кері қайтарып алынған;

      3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;

      4) жұмыс беруші рұқсатты жергілікті атқарушы органға өз еркімен қайтарған;

      5) рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алымды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмелерін енгізбеген;

      6) рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеген жағдайларда тоқтатылады.

      Жергілікті атқарушы орган осы тармақтың 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық органына рұқсаттың қолданысы тоқтатылғаны туралы ақпарат жолдайды.

 

4 қазан, 2017 - 11:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші