A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының
Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21,             89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92,
95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1,                                            3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат;                     № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат;
№ 19-II,  102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II,  67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 3 шілдеде «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

182-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«отын сатып алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек;».

         2. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж.,
№ 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат;
№ 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1 , 9-құжат; № 6 , 28-құжат; № 14 , 84-құжат; № 19-I , 19-II , 94, 96-құжаттар; № 21 , 122-құжат; № 22 , 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II,
145-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8,
16-құжат; 2017 жылғы 14 шілдеде «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

         1) 1-баптың 1-тармағы келесі мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:

         «17-2) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);»;

         2) 71-1-баппен толықтырылсын:

         « 71-1-бап. Көпбалалы отбасылардың статусы

         Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы және әлеуметтік кепілдік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес беріледі.

         Көпбалалы отбасы мәртебесі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органдармен анықтаған тәртіппен азаматтық акті жағдайында мемлекеттік тіркеуді орындайтын  органдар беретін анықтама негізінде беріледі.».

3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж.,
№ 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат;

2017 жылғы 3 шілдеде «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы):

         1) 23-баптың 2-тармағының 14) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

         «14) жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға және ол үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленген әлеуметтік аударымдар сомасы туралы мәліметті жұмыскерлерге ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей беруге;»;

         «17) жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды төлеу туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз ету;»;

2) орыс тіліндегі 53-баптың 8-тармағы жаңа редакцияда жазылған, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

         3) 99-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

         «2. Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді. Жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке қабілетсіздік парағының ұзақтығы денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленеді.»;

         4) орыс тіліндегі 133-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда жазылған, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

4. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6,
45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; №12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):

1) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбекте мертігуінің нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);»;

2) 11-бапта 31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Стационар, жартылай стационар және үйде қызмет көрсету жағдайларында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген ауқымын бірінші кезекте алу.

32. Ұлы Отан соғысы қатысушысын немесе мүгедегін жерлеуді ұйымдастырған отбасына немесе адамға жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мөлшерде төленеді.»;

3) 14-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жаңа кәсiптi меңгеру кезiнде (жаңа жұмысшыларды даярлау) бүкiл оқу кезеңiне жұмысшының тарифтік мөлшерлеменің 100 процентi мөлшерiнде еңбекақы төленедi.».

5. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, № 8, 238 б., 1999 ж.; № 23,925 б., 2000ж., № 23, 411 б.; № 2, 14 б., 2001 ж., № 6 71 б., 2002 ж.,
№ 24, 157 б., 2004 ж.; № 23,98 б., 2005 ж., № 12, 69 б.;  № 20, 152 б., 2009 ж., № 23 111 б., 2012 ж., № 4, 32 б.; № 8, 64 б.; № 6, 28 б., 2014 ж.; № 19-І,
№ 19-ІІ, 96 б.; № 6, 27 б., 2015 ж.):

1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат

Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерге кеткен жағдайда жәрдемақы қайтыс болған немесе кеткен айына қоса төленедi.»;

3) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қорытынды және өтпелі ережелер»;

4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

«8-1-бап. Жәрдемақы алуға құқығының сақталуы

Жәрдемақы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) жәрдемақы алуға құқығы сақталады.».

6. Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж.,
№ 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II,   96-құжат; 2015 ж.; № 6, 27-құжат):

4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Жұмыс өтілін есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

7. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж.,
№ 7-8,  23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3,  22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2,18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж.,
№1, 2, 3, 7-құжаттар, № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат;
2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат;
2013 ж., № 9, 51-құжат,
№ 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2,  10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

         34-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «2) отын сатып алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге жергілікті өкілді органдармен белгіленген тәртіпте және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсету;».

8. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140,
142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20,
152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10,
50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат;
№ 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат;
№ 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21,
122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат;
№ 22-II, 145-құжат; 2016 ж. № 7-1, 49-құжат):

1) 1-бапта:

1) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) асыраушы - өзiнiң асырауында болған отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраған адам;»;

«3-1) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек – есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтік аударымдар сомасы, сонымен қатар төленбеген өсімақылар сомасы;»;

мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

«3-2) агент (осы Заңда қолданылатын)- азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына  жеке және заңды тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеуді және аударуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  заңнамасымен айқындалған тұлғалар;»;

4) тармақша алып тасталсын;

6), 11), 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«6) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - осы Заңда белгiленген тәртiппен, өз қаржысы есебінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын адамдар;»;

«11) әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi – алушы) – әлеуметтік қатер төнгенге дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры оған қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;»;

«15) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) – олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген және оларға қатысты әлеуметтік қатер жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы – асыраушысынан айырылған жағдайда, асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және төлеуді жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;

16) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерi - әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды уақытылы және (немесе) толық төлемегені үшiн алынған өсiмпұл, инвестициялық табыс, артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдердің қайтарылған сомалары және Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтiк төлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артық төленген қаражатты қайтаруды шегерiп тастағандағы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсiмдер;»;

мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«16-1) инвестициялық табыс – Қордың активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алынуға тиіс) қаражат;

16-2) инвестициялық декларация – Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында инвестициялау үшін объектілер тізімін, мақсаттарын, стратегиясын, Қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет шарттары мен шектеулерін, хеджерлеу және Қор активтерін әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;»;

20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«20) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы – ол үшiн әлеуметтiк аударымдар төленген және осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер туған жағдайда   әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға;»;

21) тармақша алып тасталсын;

2)   6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

          «6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығы

Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде осы Заңда белгiленген шарттармен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi.

         Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сонымен қатар оралмандар әлеуметтік төлемдерді алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.»;

3)  7-бапта:

7-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету»;

1-тармақ және 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекет Қор активтерінің сақталуына және мақсатты жұмсалуына кепілдік береді

2. Қор активтерінің сақталуы: ...»;

4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға жататын адамдар

         «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттармен салық агенттерінің қорытындысы бойынша табыс алатын қызметкерлер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, сонымен қатар арнаулы салық режимi қолданылатын дара кәсіпкер, шаруа қожалықтарының иелері мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.»;

5) 10-бапта:

1-тармақтың 1) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында басқа да құқықтарға»;

2-тармақта:

  1. тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:

«1) құжаттарды қабылдауды және толықтығын тексеруді жүзеге асырады, әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, тоқтата тұруға, қайтадан жалғастыруға, қайта есептеуге, тоқтатуға істер макетін қалыптастырады және оларды Қорға береді;»;

1-1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;

  1. тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомасын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда бұл туралы алушыға хабарлауға;»;

5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) Қордың шешімі негізінде әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұруға, қайтадан жалғастыруға және тоқтатуға;»;

8) тармақша алып тасталсын;

10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті

органға және Қорға қажетті есептілікті беруге;

11) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер беруге.»;

6) 10-1) бапта:

1-тармақта:

1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) олар үшін Қорға әлеуметтік аударымдар төленген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды;»;

«3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толтыруды және жаңартып отыруды;»;

4) тармақша алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) әлеуметтік төлемдерге ай сайынғы қажеттілікті, әлеуметтік төлемдерді төлеу кестесін және әлеуметтік төлемдерге қаржы қажеттілігі туралы өтінімді қалыптастыру;»;

7) тармақша алып тасталсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Қорға аударуды,  артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомаларын, артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомаларынан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі келесі бір операциялық күннен кешіктірмей қайтаруды жүзеге асыруды;»;  

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) төлеушілерге артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақытында және (немесе) толық төлемегені үшін өсімақыларды қайтаруды Қордың қаржысы Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қамтамасыз етуге;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Мемлекеттік корпорация:

1) әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақытында және (немесе) толық төлемегені үшін өсімақыларды;

2) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) оларды уақытында және (немесе) толық төлемегені үшін өсімақыларды қайтаруды;

3) әлеуметтік төлемдер;

4) артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомасын қайтаруды есепке алу және аудару мәселелері бойынша Қормен ақпарат алмасуды жүзеге асырады және бірге әрекет етеді.

7) 12-бапта:

1-тармақтың 1-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 1), 2), және 3) тармақшаларымен көзделген негіздермен жұмысынан айырылған адамдарды қоспағанда, жұмысынан айырылуы жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайға "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;»;

2-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті анық құжаттарды беруге;»;

«3) әлеуметтік төлемдердің артық есептелген (төленген) сомаларын қайтаруды жүргізуге;»;

  1. 14-бапта:

         2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

         «2. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттармен салық агенттерінің қорытындысы бойынша табыс алатын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, сонымен қатар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер, шаруа қожалықтарының иелері үшін әлеуметтік аударымдардың мөлшері:»;

9) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«15-бап. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі

  1. Жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін табыстарды қоспағанда, жұмыскерлерге ақшалай немесе басқа да түрде төленетін жұмыс берушінің шығындары болып табылады.

Бұл ретте жұмыс берушінің шығындарына әскери қызметшілердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ақшалай қамту кіреді

         1-1) Арнайы салық режимін қолданатын жеке нотариустер, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып:

         өзі үшін – өз пайдасы үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсатында өздері анықтайтын алатын, табысының сомасы бірақ, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсатында айқындалатын табыстан артық емес;

         жалдамалы жұмыскерлер үшін Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін табыстарды қоспағанда, жұмыскерлерге ақшалай немесе басқа да түрде еңбек ақы ретінде төленетін жұмыс берушінің шығындары болып табылады.

1-2) Арнайы салық режимін қолданатын шаруа және фермер қожалықтары үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып:

         өзі үшін – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген, жалақының ең төменгі мөлшері;

         жалдамалы жұмыскерлер үшін - Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін табыстарды қоспағанда, жұмыскерге ақшалай немесе басқа да түрде еңбек ақы ретінде төленетін шығындары болып табылады.

1-3) Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін табыстарды қоспағанда, салық агенттерімен жасалған шарттар бойынша жеке тұлғалардың табыстары табылады.

         2. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспауы керек.»;

         10) 16-бапта:

         1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушi Мемлекеттік корпорацияның банк шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен, ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып Қорға әлеуметтiк аударымдарды төлейдi.»;

         2-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «2-1. Дара кәсіпкерлер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, сонымен бірге арнаулы салық режимін қолданатын  шаруа немесе ферма қожалықтары әлеуметтік аударымдарды Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.»;

         мынадай мазмұндағы 2-2 тармақпен толықтырылсын:

         «2-2. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар осындай жеке тұлғалардың қаржысы есебінен  Мемлекеттік корпорацияның банк шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен, табыс алған айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып төленедi.»;

         11) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

         «19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару

         Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, төлеушінің банк шотына банктік үш күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін, төлеушіге Қор қаржысы түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банк шотына аударылуға жатады.»;

         12) 20-бапта:

         4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқы бap. Осы мақсатта ол мемлекеттік кіріс органдарына әлеуметтік аударымдарды төлеушінің алатын табысы және жалдамалы қызметкерлердің бар болуы мәселелері бойынша және төлеушіге еңбек қатынастары мәселелері бойынша, жұмыскердің табыс мөлшері туралы тиісті сұрау салуы мүмкін. Бұл peттe, әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдаудың кешiктiрiлуi және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi туралы, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмде, өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабардар етуге тиiс.

5. Кейiннен өтiнiштер берiлген кезде әлеуметтік төлемдер осы Заңда белгіленген мерзімдерде тағайындалады.

Қордың шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.»;

         6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмысынан айырылуы, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты  табысынан айырылуы жағдайына Қордан  төленетiн әлеуметтiк төлемдерге, сонымен бірге жүктілігіне және босануына байланысты қайта есептеу жүргізуге жүгіну Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап он екі айдан аспауы тиіс.»;

13) 22-бапта:

1-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары егер он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, олардың, оның iшiнде  асырап алған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерi мен немерелерiнің немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын он сегіз жастан асқан адамдардың жиырма үш жастан аспайтын шекте оқуын бітіргенше асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдердің тағайындалуына және оларды алуға құқығы бар. Бұл ретте, аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерi мен немерелерiнiң еңбек етуге қабiлеттi ата-анасы болмаған немесе олар ата-анасынан алимент алмаған жағдайда, олардың да осындай құқығы бар.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, Қор әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды. Бұл peттe әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады.»;

14) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«Қор өз қызметiн Қордың активтерiнен алатын комиссиялық сыйақы есебiнен жүзеге асырады.

Қордың өз қаражаты Қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.

Қор келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларын есепке алуды;

2) әлеуметтік төлемдерді алушыларды есепке алуды;

3) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесін және электрондық ақпарат көздерін құруды және дамытуды.

Осы Заңмен реттелмеген бөліктерде Қордың қызметінде акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.»;

15) 29-бапта:

1-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Мемлекеттік корпорациядан  ақпарат алуға;»;

6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) мемлекеттік органдар және тиісті ұйымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеушілер арқылы тиісті ақпаратты сұрату жолымен әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) анықтығын тексеруге;»;

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомаларын , сонымен қатар артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомасын және олардан Қорға ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды жүрзеге асыруға;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту, тоқтата тұру, қайта жалғастыру және тоқтату туралы шешім қабылдау;»;

         мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақтармен толықтырылсын:

«5-1) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруға;

5-2) әлеуметтік төлемдерді кесте бойынша жүзеге асыруы үшін Мемлекеттік корпорацияны күнделікті қаржыландырып отыруға;»;

мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) Қордың активтерін есепке алу үшін және ақпараттың сенімділігін,  сақталуын және рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау үшін бағдарламалық қамсыздандыру түріндегі Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің болуын;

8) ақпаратты сақтауға арналған резервтік орталықтың болуын;

9) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысына келіп түскен әлеуметтік аударымдар сомалары және алушыларға тағайындалған әлеуметтік төлемдер сомалары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

10) Қордың қызметінде қолданылатын ақпараттық, байланыс жүйелері мен технологияларды қоса алғанда бағдарламалық-техникалық қамсыздандырылуға 3 жылда бір реттен кем емес аудит жүргізуге;»;

16) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қор инвестициялық қызметтi Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарттың және Экономикалық саясат кеңесі қабылдаған инвестициялық декларация негiзiнде Қордың активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.»;

17) 31-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн алынған өсiмпұл, артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдердің қайтарылған сомалары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар шегерiлген инвестициялық табыс;».

9. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8,
18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5,
23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1,
4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV,
113-құжат; № 23-II, 170-құжат):

1) 6-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

2) 7-баптың 1-тармағында:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;»;

3) тармақша алып тасталсын;

3) 15-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен консультативтік-кеңесші орган – Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі құрылады.».

10. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18,
145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24,
129-құжат; 2010 ж., № 1-2,  5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72,
75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22,
131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат;
№ 20-I, 110-құжат;
№ 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II,  172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

         18-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

         «5. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге әлеуметтік көмек жергілікті өкiлдi органдармен (мәслихаттармен) белгіленген тәртіпте және мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен беріледi.».

11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж.,
№ 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1,
2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат;      № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат;
№ 15, 97-құжат;      2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат;
№ 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3,
21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат, № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23,
119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; 2017 жылғы
14 шілдеде «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

53-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) отын сатып алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге жергілікті өкілді органдармен белгіленген тәртіпте және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі;».

12. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы
29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына («Казахстанская правда» 2008 жылғы 31 желтоқсан, № 296-297 (25743-25744); «Егемен Қазақстан» 2008 жылғы 31 желтоқсан, № 426-428 (25397); «Официальная газета» 2009 жылғы 10 қаңтар, № 2 (420); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2008 жыл № 24 (2528), 127-құжат):

1) 8-бапта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мыналарды:

халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын;

білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау тәртібін;

әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;

білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау тәртібін;

халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдарда киімді және жұмсақ мүкәммалды есепке алу тәртібін;

халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру және мониторинг жүргізу қағидаларын; 

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер жүйесі ұйымдарының бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандарды қалыптастыру қағидалары;

арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын;

арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер жүйесін дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;».

13. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11,               55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8,       49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат;  2016 ж. № 8-1, 65-құжат, 2017 жылғы
14 шілдеде «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған «
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»;

2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«14-бап. Еңбек өтілін растау

1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 1998 жылғы           1 қаңтарға дейiнгi кезеңдегі еңбек өтілі есепке алынады.

2. Еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негізінде белгіленеді.»;

3) 14-1-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.

4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау жүгінген күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттардың Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.»;

4) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ ол жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін кірістің 75 пайызынан аспайды.

Егер толық көлемде есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес белгіленетін зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ең төмен мөлшерде тағайындалады.»;

5) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау күні – өтініш пен қажетті құжаттардың Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн болып есептеледі.»;

6) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«22-бап. Өткен уақыт үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу

1. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш жасау алдындағы үш жылдан асырылмай, төленеді.

2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның кінәсінен уақытында алынбаған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің сомалары мерзімдері шектелмей, өткен уақыт үшін төленеді.»;

7) 25-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, дара кәсiпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары әрбiр айы үшiн есептелетiн, алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.»;

8) 39-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

9) 65-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшiлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарындағы адамдардың ақшалай қамтылымының мөлшері Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады.»;

10) 65-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

11) 66-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте есептелген еңбек сіңірген жылдары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, қайта қарауға жатпайды.»;

12) 68-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қамтылым төленген күннен ерте емес және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайыдауға жүгінген күнге дейін кемінде үш жылға тағайындалады және жүзеге асырылады.»;

«3. Осы Заңның 64-бабының 7-тармағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері өтініш жасаған күннен бастап, бірақ ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте зейнетақы төленген күннен кейін тағайындалады.»;

13) 70-бап  мынадай редакцияда жазылсын:

«70-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар

1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы  1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.».

14. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 139 - бап; 2015 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңы):

1)1 бапта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, ерікті, өтеусіз не жеңілдетілген шарттармен филантропиялық, демеушілік, меценаттық қызмет түрінде жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет, сондай-ақ, туған жерді қолдау;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) қайырымдылық жасаушы – қайырымдылықты жүзеге асыратын филантроп және (немесе) демеуші және (немесе) меценат; және (немесе) туған жеріне қайырымдылық жасай отырып, қолдау көрсететін тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3) және 15-4) тармақшаларымен толықтырылсын:

«15-1) туған жерді қолдау – туған жерді қолдауға бағытталған патриоттыққа негізделген ерікті қызмет;

15-2) туған жерді қолдайтын тұлға – туған жерге қолдау көрсететін жеке тұлға;

15-3) туған жер – жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;

15-4) уәкілетті орган – мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік орган»;

2) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қайырымдылықтың түрлері филантропиялық, демеушілік, меценаттық қызмет және туған жерді қолдау бойынша қызмет болып табылады.»;

3) 6-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қайырымдылық субъектілеріне құрметті атақтар белгілеу және беру тәртібі уәкілетті органмен әзірленеді.»;

4) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

«6-1-тарау. Туған жерді қолдау бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі

30-1 бап. Туған жерді қолдау бойынша қызмет объектілері

Осы Заңның 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес туған жерді қолдау бойынша қызмет объектілері:

1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;

2) ғылым, білім, мәдениет, өнер, спорт объектілері, туған жерге қолдау көрсетіп отырған адамның туған жерінде орналасқан аумақтар;

3) туған жерге қолдау көрсетіп отырған адамның туған жерінде орналасқан басқа да объектілер.

30-2 бап. Жеке тұлғаның туған жерді қолдау бойынша қызметі

Жеке тұлға туған жерге қолдау бойынша қызметпен өзінің жеке меншігіндегі мүлікті және (немесе) өзінің интеллектуалды меншігінің нәтижелерін пайдалана отырып, айналысады.».

2 бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қазақстан Республикасының

                   Президенті

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon zakonoproekt_rus.doc146.5 KB
Microsoft Office document icon zakonoproekt_gos.doc182 KB
13 қазан, 2017 - 11:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші