check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды және нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды және нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

 

 «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар: 

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменттерінің мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәлімет» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменттерінің мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәлімет» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізуді;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                                     Т. Дүйсенова

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы

___________ Н. Айдапкелов

2017 ж. «___» __________

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon forma_otchet._po_adm_del.doc118.5 KB
Microsoft Office document icon kaz_forma_otchet._po_adm_del_.doc119.5 KB
Бөлімдер:
19 қазан, 2017 - 17:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші