Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2017 жылдың 1 казанында 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы (БМЖ) 511,1 мың адамға тағайындалды. 2016 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда алушылар саны 32,6 мың адамға азайған, ал жәрдемақы сомасы 73,4 млн. теңгеге көбейген. Республика бойынша БМЖ 1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 1811,4 теңгені құрады, яғни былтырғы жылдың осы кезеңдегі мөлшерінен 73,4 теңгеге артқан.