check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстанда кәсіби стандарттар жаңадан жасалады

Баспасөз хабарламасы

            13 қазан 2017 ж.                                                                                       Астана қ.

 Қазақстанда кәсіби стандарттар жаңадан жасалады

       Астанада және Алматыда кәсіби стандарттарды дайындаудың жаңа әдісін оқытуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Осының арқасында 70-ден аса стандарт дайындаушы маман тренингтерден және сертификациядан өтті.

      Әдістемені Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  Дүниежүзілік банк қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының аясында Ernst & Young компаниясы жасап шығарды. 2020 жылдың маусымына дейін 550 кәсіби стандартты дайындап, бекіту жоспарланып отыр.

       «Кәсіби стандарттар Ұлттық біліктіліктер жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл стандарттар мемлекетке жұмысшыларды оқыту, сондай-ақ, білім беру мекемелерінде, әртүрлі курстарда, сондай-ақ, тікелей еңбек қызметі кезінде үйренген ресми және бейресми дағдыларды мойындау сынды мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеспек. Кәсіби стандарттар мен біліктіліктер жүйесін ендіру нәтижесінде еңбек нарығы сұранысқа ие кадрлармен толығатын болады», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің директоры Нұркен Тілеуов.

         Сертификациядан өткен стандарт дайындаушы мамандар кәсіби стандарттрды дайындауға үстіміздегі жылы кіріскелі отыр. Осы ретте бұл стандартар ұдайы өзгерістен өтіп отырады: құзіретті ұйымдар ең кем дегенде үш жылда бір рет оларды қайта қарастырып, жаңартып отыратын болады. Өндірістің ұйымдастырылуы, оның ерекшеліктері мен құрылымының өзгеруі, сондай-ақ, еңбек функцияларының, құзыреттіліктер мен біліктіліктер мазмұнының өзгеруіне әкелетін жаңа технологияларды ендіру сынды жағдайлар  дайындалған стандарттарды қайта қарастыру және ауыстыруға себеп болады.

1 қараша, 2017 - 14:26 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші