A A A
Мазмұнына өту

You are here

2017 жылғы 9 айға «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК қызметі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтымен (бұдан әрі - Институт) еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 2017 жылы «Қазақстан Республикасында кәсіби тәуекелдерді басқарудың ғылыми-әдістемелік негізін құру» тақырыбына ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрі - бағдарлама) іске асырылады. Бағдарламаны іске асыру барысында жұмыс орындарындағы барлық қауіптерді сәйкестендіру, олардың сандық бағалау және құжаттаманы жүргізу, жеке қорғаныс құралдарымен жұмыскерлердің қорғалуын бағалау арқылы кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесін тиімді енгізу үшін Қазақстанда ғылыми-әдістемелік негізді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының 9 ай ішінде ҚР еңбек заңнамасының нормативтік базасына енгізу үшін ұсынылатын ғылыми-негізделген терминдер айқындалды (5 ұғым). Кәсіпорындарға енгізу үшін ұсынылатын, кәсіби тәуекелдерді басқарумен байланысты нормативтік-құқықтық құжаттардың 3 жобасы әзірленді, оның ішінде: Кәсіби тәуекелдің дәрежесін есептеу әдістемесі; Кәсіби тәуекелдің дәрежесіне байланысты ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге берілетін кепілдіктердің түрі және көлемін белгілеу әдістемесі; Кәсіби тәуекелдің дәрежесіне байланысты оған сақтандыру тарифы немесе жеңілдіктер/үстемелерді белгілеу әдістемесі. «Кәсіби тәуекелдерді басқару» оқыту курсы бойынша біліктілікті арттыру оқу бағдарламасы әзірленді. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының мұнай химия, тау-кен өндіру, тамақ және өңдеу салаларының кәсіпорындарында енгізілді.

Сонымен бірге, Институтпен «Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің жарақаттану қаупі бар өндірістердегі еңбекті қорғауды ғылыми ұйымдастыру» тақырыбына екінші бағдарлама іске асырылып жатыр, мұнда өндірісте жазатайым оқиғалардың туындау ерекшеліктерін анықтау бойынша және Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің жарақаттану қаупі бар өндірістерде вахталық әдіспен және түнгі ауысымда жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін ұсынылатын еңбек және тынығу режимдерін ғылыми негізде бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің жарақаттану қаупі бар өндірістерде вахталық әдіспен және түнгі ауысымда істейтін жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту үшін еңбекті қорғауды ұйымдастыруға ғылыми-әдістемелік негізді Қазақстанда қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының әртүрлі салаларының кәсіпорындарында енгізіледі, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарларда, кеңестерде сынақтан өтеді; ашық баспада жарияланды.

Сондай-ақ, Институт 2017 жылы, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істеген кезде қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы мен қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру тәртібін және Қазақстан Республикасында зиянды еңбек жағдайларындағы әйелдер еңбегін реттеу тетігін жетілдіру бойынша 001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік тапсырманы іске асыруға қатысады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында әзірленген нормативтік-құқықтық құжаттардың жобалары Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының басшылары мен мамандары, сондай-ақ кәсіподақ жұмыскерлерінің қатысуымен кәсіпорындар мен ұйымдарда талқыланды.

3 қазан, 2017 - 17:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші