A A A
Мазмұнына өту

You are here

2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және жұмысшылардың республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімнің жобасы

 

 

2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және жұмысшылардың республикалық бірлестіктері арасындағы

БАС КЕЛІСІМ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» жолдауында Қазақстанның Үшінші жаңғыруы туралы жарияланған.

Мемлекетте басталған маштабты өзгерістер сондай-ақ Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту»  бағдарламалық мақаласында аталған қоғамдық сана жаңғыруының озуымен сүйемелденеді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және жұмысшылардың республикалық бірлестіктері, бұдан әрі Тараптар деп аталатын, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларында неғұрлым кең және іргелі жұмыс бастау қажет деп санайды.

Тараптар, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде,

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Қазақстан Республикасының үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде,

әлеуметтік әріптестікті дамыту,  әліеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-келісімшарттық реттеу және қызметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістігіне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге тиесілілігі уәждері бойынша еңбек құқықтарын іске асыру кезінде кемсітушілікке жол бермеу принциптерін басшылыққа ала отырып,

әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде үшжақты келіссөздер мен кеңестер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтауға,

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен 2018-2020 жылдар аралығында олармен байланысты экономикалық қатынастарды және оны іске асыру бойынша бірлескен іс-әрекеттерді реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын анықтайтын, 2018-2020 жылдарға арналған осы бас келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

ТіркемеМөлшер
Package icon proekt_generalnogo_soglasheniya_na_2018-2020_gody.zip120.82 KB
13 ақпан, 2018 - 12:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші