check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін бекіту туралы және кейбір бұйрықтарды күші жойылды деп тану туралы

Кадрлардағы жергілікті қамтуды
есептеу әдістемесін бекіту туралы
және
кейбір бұйрықтарды күші
жойылды деп тану туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 2-тармағына және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы __ желтоқсандағы Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  4. осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;
  5. осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                    Т. Дүйсенова

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

____________________ Ж. Қасымбеқов

 

2018 жылғы «_____» _______________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

____________________ Қ. Бозымбаев

 

2018 жылғы «_____» _______________

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы

____________________ Н. Айдапкелов

 

2018 жылғы «_____» _______________

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon v_novoy_redakcii_gos.doc89 KB
Бөлімдер:
26 желтоқсан, 2017 - 15:54 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші