check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2017 жылғы 10 қазандағы № 144-р өкiмiне өзгерістер енгiзу туралы

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2017 жылғы 10 қазандағы № 144-р өкiмiне өзгерістер енгiзу туралы

 

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2017 жылғы 10 қазандағы № 144-р өкiмiне мынадай өзгерістер енгiзілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 20172021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 20172021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.»;

көрсетілген өкіммен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 20172021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы»;

көрсетілген өкіммен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 20172021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже»;

1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 20172021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия
(бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және Ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға арналған шарттар құру болып табылады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарау және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдау;

2) Бағдарламаның іске асырылуына байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;

3) кәсіптік стандарттарды іске асыру және білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелерін қарау;

4) біліктілікті тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу мәселелерін қарау;

5) Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру, оның ішінде Ұлттық біліктілік органын құру және оның жұмысы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

6) экономика салаларын цифрландыру бойынша ұсыныстарды Ұлттық біліктілік жүйесінің элементтері арқылы қарау;

7) Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу.».

 

 

  Қазақстан Республикасының

  Премьер-Министрі                                                                                  Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
Package icon sravn_i_poyasn_tabl._kaz.zip46.15 KB
Бөлімдер:
8 желтоқсан, 2017 - 15:20 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші