A A A
Мазмұнына өту

You are here

Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы қандай мөлшерде төленеді?

Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.

Бұл ретте, еңбек саны еңбек мөлшерін құрайды, яғни жалақыны саралаудың негізі болып табылатын белгілі бір сападағы белгіленген еңбек саны.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 1-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады.

Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі кезінде жұмыс істелген уақыт ескеріледі және ақы төлеу әрбір нақты жұмыскердің біліктілігі ескеріле отырып белгіленетін тарифтік мөлшерлеме немесе лауазымдық айлықақы негізінде жүргізіледі.

Лауазымдық айлықақы жалақының құрамдас элементі болып табылады.

Осыған байланысты, сауықтыруға арналған жәрдемақы әрбір жұмыскерге еңбегінің санына, атқаратын лауазымына, орындайтын жұмысына және т.б. қарай, атап айтқанда жұмыс уақытының ұзақтығына қарай (0,5 немесе 1,5 мөлшерлеме) жеке белгіленетін және төленетін лауазымдық айлықақы мөлшерінде төленеді.

6 ақпан, 2018 - 11:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші