A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жасыл экономика туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 жнлтоқсандағы №919 қаулысына сәйкес, жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) қабылданды. Осыған орай, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы күшін жойды.

Сонымен қатар, Бағдарлама шеңберінде бірінші кезекте жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерге (мамандықтарға), оның ішінде "жасыл экономика" үшін мамандар оқытуды қоса алғанда, жаппай оқыту көзделген. 

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқыту екі тетік бойынша іске асырылады:

біріншісі - бұл колледждердің базасында ұзақтығы 2,5 жылға дейін тегін техникалық-кәсіптік білім;

екіншісі - 1 айдан 6 айға дейінгі қысқа мерзімді курстар.

2017-2018 оқу жылында 317 колледжде мынадай кәсіптер бойынша оқу басталды:

ауыл шаруашылығы – 2 850 адам;

транспорт – 4 078 адам;

құрылыс – 2 725 адам;

базалық индустрия – 1 335 адам.

Қысқа мерзімді курстар:

1) дуальді оқыту элементтері бар білім беру ұйымдарында;

2) "Атамекен" ҰКП-ның тізіліміне енген оқу орталықтары арқылы;

3) мобильді оқу орталықтары арқылы өткізілуде.

Оқу еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өтуде (ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, туризм және қызметтер, тамақтануды ұйымдастыру).

Оның ішінде:

-1096 адам - құрылыс мамандықтары бойынша (сырлаушы, штукатор, бетоншы және т.б.);

1054 адам -  ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша (ветеринар, шаруа, омарташы, бақташы және т.б);

- 11 579 адам - техникалық мамандықтар бойынша (электрик, токарь, дәнекерлеуші, слесарь және т.б.);

- 7 519 адам - көлік саласының мамандықтары бойынша (жүргізуші, тракторшы, тракторшы-машинист, машинист (кран, қазандық, экскаватор, бульдозер) және т.б.);

- 103 адам - өсімдік шаруашылығы мамаендлықтары бойынша (орманшы, гүл өсіруші, көгалдандырушы, ландшафт дизайнері) оқуда.

2020 жылға дейін қысқа мерзімді оқумен, оның ішінде "жасыл экономика" саласы үшін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы 258 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

1 наурыз, 2018 - 11:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші