check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингін жүргізу, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды

іске асыруға жауапты орталық және жергілікті

атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру

мониторингін жүргізу, жұмыс орындарын құру

туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Респубикасы Заңының 7-бабының 26-2)-тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Респубикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингін жүргізу, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынған жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

            

Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                                      М. Әбілқасымова

ТіркемеМөлшер
Package icon sozdanie_rab_mest.zip86.2 KB
Бөлімдер:
9 сәуір, 2018 - 09:20 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші