A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2017 жылғы қызметі туралы ЕСЕП

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2017 жылғы қызметі туралы есеп

1. Жалпы ережелер

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер халыққа орталық және жергілікті деңгейлерде көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары қызмет көрсетушілер болып табылады.

Министрліктің еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы миссиясы: еңбек құқықтарын қорғау, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.

2017 жылы әлеуметтік-еңбек саласында жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 34 қызмет түрі, оның ішінде ОМО – 15, ЖАО – 19 көрсетілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің барлық 34 стандарты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген.

2017 жылы Мемлекеттік қызметтер тізілімі («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысы) жаңа 1 мемлекеттік қызметпен толықтырылды, ол:

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау.

Мемлекеттік қызметтер тізілімінде 1 қызмет оңтайландырылды:

- «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау».

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» қызметтері бойынша стандарт Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 190 бұйрығымен бекітілді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» қызметі бойынша тиісті стандарт Министрліктің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығымен бекітілді.

Осылайша, 2017 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік-еңбек саласындағы стандартталған қызметтер саны 34 (оның ішінде ОМО – 15, ЖАО – 19) болды, оның ішінде 33-і халыққа тегін көрсетілді және біреуі «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» қызметі ақылы және тегін негізде көрсетілді.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы алынады.

Бұл ретте, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту кезінде жұмыс берушілерден салық алымы алынбайды.

Есептік жыл кезеңінде қолданыстағы стандарттар жетілдірілді, Еңбекминінің  2017 жылғы 4 шілдедегі № 190, 2017 жылғы 16 қазандағы № 344,   2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгерістер:

-  құжаттарды қабылдайтын ұйымдар мен көрсетілетін қызметті берушілердің атауын нақтылауға;

- 8 мемлекеттік қызметті балама негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетуге;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімін қысқартуға байланысты болды.

Осылайша, бүгінгі таңда 34 мемлекеттік қызметтің 27-сі балама негізде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі.

Орталық деңгейдегі барлық 15 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 15 регламент бекітілді (ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығы, Еңбекминінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 2, 2017 жылғы 4 қазандағы № 328, 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 20 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілді).

Жалпы мәліметтер

 

Қызметтер саны

Қызметтер көрсетіледі

(орталық деңгей)

Барлығы

Орталық меморган (ОМО)

ЖАО

Мемлекеттік корпорация

Орталық мемлекеттік орган/ Мемлекеттік корпорация/ веб-портал (балама)

Әлеуметтік-еңбек саласы

34

15

19

4

11

 

Электрондық форматтағы қызметтер саны

Шығамдар

саны (ОМО қызметтері)

Мерзімі өтіп кеткендер саны (ОМО қызметтері) 

Барлығы

ОМО

ЖАО

Әлеуметтік-еңбек саласы

16

10

6

0

1

 

2017 жылы 34 мемлекеттік қызметтің 1-еуі ғана электрондық түрде, 15-і электрондық/қағаз түрінде, 18-і қағаз түрінде көрсетіледі.

Қызметтер статистикасы

Атауы

2016 жыл

2017 жыл

Әлеуметтік еңбек саласында

 

Көрсетілген қызмет саны

4 006 634

1 808 788

оның ішінде ХҚКО арқылы

8 283

1 508 387

оның ішінде электрондық

4 008 423

45 400

Денсаулық сақтау саласында

 

Көрсетілген қызмет саны

139 704

 

оның ішінде ХҚКО арқылы

1 029

 

оның ішінде электрондық

121 826

 

Барлығы

 

Көрсетілген қызмет саны

4 416 338

1 808 788

оның ішінде ХҚКО арқылы

1 022 409

1 508 387

оның ішінде электрондық

2 477 290

45 400

Орталық деңгейдегі қызметтерді Министрлік көрсетеді. Осы мақсаттарда Министрліктің жанында ведомство – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті және әр облыста оның аумақтық департаменттері бар. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және облыстарда оның филиалдары арқылы көрсетіледі.

Әдеттегідей, жергілікті деңгейдегі қызметтер аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшелерінде және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру, жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу, жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу бойынша 3 қызмет – тікелей ЖАО-ның халықты жұмыспен қамту орталықтарында көрсетіледі.

Орталық деңгейдегі қызметтер. Орталық деңгейде көрсетілетін 15 қызмет бойынша:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 12 түрі бойынша – Еңбекмині Комитетінің аумақтық департаменттері;

- 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалдары;

- 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – Еңбекмині;

- 1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (1-кесте) көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.

Алушылар:

1) 14 қызмет бойынша, оның ішінде:

- мүгедектікті алғашқы белгілеу кезінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны алу бойынша 2 қызмет үшін Комитеттің аумақтық департаментіне;

- мүгедектікті алғашқы белгілеу кезінде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін 1 қызмет бойынша аумақтық департаментке, ал жұмыссыз статусын алған кезде жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді;

2) 1 қызмет бойынша құжаттар, оның ерекше түрде көрсетілетініне байланысты, тікелей Комитеттің аумақтық департаментінде ұсынылады.

Электрондық форматқа ауыстырылған қызметтерге қатысты, 12 қызметті толық және жартылай автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілді, нәтижесінде электрондық үкімет порталында және 2017 жылы:

         - 4 қызмет толықтай автоматтандырылды;

         - 3 қызмет ішінара автоматтандырылды;

         - 5 қызмет бойынша жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алуға болады (1-кесте).

Жергілікті деңгейдегі қызметтер

2017 жылы жергілікті атқарушы органдар көрсететін 19 мемлекеттік қызмет бойынша, тұтынушылар:

- 3 қызмет бойынша тікелей жергілікті атқарушы органдарға, «электрондық үкімет» веб-порталы (1 кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе жұмыспен қамту орталықтарына);

- 9 қызмет бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе жергілікті атқарушы органдарға балама негізде;

- 1 қызмет бойынша тұратын жеріне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, жұмыспен қамту орталықтарына немесе жергілікті атқарушы органдарға, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне, «электрондық үкімет» веб-порталына балама негізде;

- 3 қызмет бойынша тікелей жұмыспен қамту орталықтарына (с.і. 2 «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы);

- 3 қызмет бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, «электрондық үкімет» веб-порталына құжаттарымен жүгіне алады (2-кесте).

ЖАО-ның 5 қызметі толықтай автоматтандырылған, жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты 2 қызмет бойынша алуға болады.

Министрлік қызметтерінің сұранысқа ие болуы туралы

Халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет алушылар санының жылдық өсімі, олардың әлеуметтік бағытын есепке ала отырып, халық арасында олардың сұранысқа ие екенін растайды.

Сұранысқа барынша ие қызметтердің ішіне мыналар кіреді.

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» - осы қызметке өтініш білдірушілердің саны төрт жүз мыңнан астам адамды құрады. Аталған қызмет ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесіне кіреді. Халық арасында оның сұранысқа ие болуы кездейсоқ емес.

Республикада 2006 жылдан бастап балалы отбасыларды қолдаудың тұтас жүйесі енгізілді. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, ол бала тууға байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты – табысына қарамастан барлық отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлеуді көздейді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында аталған жәрдемақылардың мөлшері кезең-кезеңімен арттырылды. Мәселен, 2006 жылмен салыстырғанда төрт немесе одан көп бала туғанда төленетін жәрдемақы 2017 жылы 9 еседен астам өсті және 142 947 теңгені құрады; бірінші, екінші, үшінші бала туғанда – 5,6 есеге немесе 86 222 теңге; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақының мөлшері орта есеппен 4,3 есеге артқан – 2017 жылы оның мөлшері: бірінші балаға – 13 070 теңгені; екінші балаға – 15 452 теңгені; үшінші балаға – 17 812 теңгені; төртінші және одан көп балаға – 20 195 теңгені құрады.

Бұдан басқа, көп балалы отбасылардың мәртебесін және олардың демографиялық жағдайын жақсартудағы рөлін арттыру мақсатында ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді:

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері енгізілген кезінен бастап (1999 жыл) 2017 жылмен салыстырғанда 10,6 есеге (1 365 теңгеден 14 522 теңгеге дейін) өскен. 2017 жыл бойы бұл төлемді 238,9 мыңнан астам адам алды;

- бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған көп балалы отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері енгізілген кезінен бастап (1999 жыл) 2017 жылмен салыстырғанда 6,9 есеге   (1 365 теңгеден 9 439 теңгеге дейін) өскен. 2017 жыл бойы бұл төлемді 266,5 мыңнан астам адам алды.

Ай сайынғы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы» мемлекеттік қызметін республика бойынша 20-дан астам санаттармен қоса 2017 жылы шамамен 1,3 млн-ға жуық адам алды.

Статистикаға сәйкес 2017 жылы көп балалы ана ретінде наградталып, жәрдемақы алғандардың саны 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге көп және орта есеппен 238,9 мың адамды құрады. Бұл көбінесе, жаңа тәртіппен наградталған көпбалалы аналар.

Қазақстанда 2005 жылы әлеуметтік қатердің үш түрін, атап айтқанда:

- еңбек ету қабілетінен айырылу;

- асыраушысынан айырылу;

- жұмысынан айырылу жағдайына міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді.

2008 жылдан бастап аталған тізім:

- жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына;

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ана мен баланы қолдауға төленетін жәрдемақылармен кеңейтілді.

«Мемлекеттік міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» қызметін алу үшін 562,4 мың адам өтініш білдірді.

Осылайша, Министрліктің қызметтері «балалы отбасылар» санаты арасында үлкен сұранысқа ие.

Мемлекеттік қызметтердің жоғары сұранысын ескере отырып, Министрлік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мен олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда.

2.1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы ақпараттық сүйемелдеумен тікелей байланысты. Оған халық хабардарлығының артуы, мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі және айқындылығы тәуелді және т.б.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы азаматтардың хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық технологиялар қолданылады, ол арқылы әлеуметтік-еңбек саласын дамыту, олардың болашағы, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және тағы басқалар туралы ақпаратқа қолжетімдік алуға болады.

Интернет-ресурс (бұдан әрі – ИР) халықты жедел хабарландыруға және өзекті мәселелер бойынша кері ақпарат алуға мүмкіндік беретін маңызды бұқаралық ақпарат құралы болып табылады.

Бүгінгі күні ИР ақпараттық кеңістік субъектілеріні ақпараттық-идеологиялық жұмысының ажырамас және маңызды құрамдас бөлігі болып қалыптасты.

Қазіргі кезде Министрліктің ИР қолайлы интуициялық-түсінікті интерфейсі, дизайны мен құрылымы бар, үздіксіз жұмысы және тиімді қорғанысы, Министрліктің облыстық бөлімшелерін ақапараттық қолдау қамтамасыз етілген; мобильді және нашар көретін адамдарға арналған нұсқа іске асырылды.

Сайтқа кірушілердің объективті рейтингін алу үшін қазақстандық zero.kz кірушілерді есептеуіші орнатылған.

2017 жылы Министрлік бірқатар өзгерістер енгізген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің жобасына сәйкес әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді стандарттау бойынша жұмыс атқарылды. 34 стандарт жобасы азаматтар үшін «электрондық үкімет» веб-порталында, Министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында қолжетімді болды.

Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын көпшілік талқылаудың аяқталуы туралы есеп Министрліктің www.enbek.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде жарияланады.

2.2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижелері туралы

2017 жылы Министрлік мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізді, өндірістік пайдалануға берілген өзекті ақпараттық жүйелер құрылды.

2017 жылы жаңа автоматтандырылған қызметтерді регламенттеуші нормативтік құжаттар күшіне енді. Мәселен, қолданыстағы электрондық қызметтерден бөлек қызмет алушылар «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы баламалы негізде жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты жәрдемақы, жасына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдемақы әлеуметтік төлемдерін тағайындау үшін өтінім бере алады.

Сондай-ақ, әлеуметтік-еңбек саласында ІТ инфрақұрылымының дамуын ескере отырып, соңғы жылдары мүгедектер үшін бірқатар қызметтерді бір ғана электрондық проактивті композиттік қызметке біріктіру мәселесі қарастырылуда, оның нәтижесінде 8 қызмет түрін алу үшін мүгедекке МӘС бөліміне бір рет қана жүгіну керек болады және мүгедектік белгіленген кезде, жалпы жұмысқа қабілеттілігінен айрылған кезде және жеке оңалту бағдардарламасын жасау кезінде ол мүгедектік алған соң бірден жергілікті және орталық деңгейлердегі қызмет түрлерін алуға жүгіне алады.

Мүгедектікті алғашқы белгілеу кезінде азаматқа бірден мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік төлемдер (егер ол әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса) тағайындалады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында алғаш рет мүгедек деп танылған адамдар саны 45,6 мыңды құрады, оның ішінде 33,7 мың мүгедекке композиттік қызмет көрсетілді, бұл 64%-ды құрайды.

ИТ-саладағы жаңа тенденцияларды ескере отырып, 2017 жылы Министрлік «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – МОДБ) жаңғыруы және жаңа платформаға ауысуы (МОДБ 2006 жылдан бері жұмыс жасайды) бойынша жұмыстар атқарды.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялауды жетілдіру шеңберінде МӘС-қа жолдама беруді электрондық форматқа аустыру – 088/у нысанын Денсаулық сақтау министрлігінің «Емхана»                  ААЖ-ысынан МОДБ-ға беру мүмкіндігі жүзеге асырылды (бұрын аталған нысан тек қағаз түрде толтырылды).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру

2017 жылы ҚР АКМ-мен бірлесе Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет процестерін оңтайландыру бойынша жоспар әзірленіп, іске асырылды.

Процестерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде 2 мемлекеттік қызметтің мерзімі қысқартылды:

1) Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру, Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету мерзімін құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен 15 минутқа дейін қысқартылды;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау 8 жұмыс күнінен 7-ге дейін қысқартылды (бұрын «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі шеңберінде көрсетілген).

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ құжаттарды сапасыз қабылдау себебінен оларды түзетуге қайтару санын төмендету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының 209 Халыққа қызмет көрсету орталығында әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 459 сектор құрылды.

Аталған шаралар Мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің құжаттарды сапасыз қабылдау себебінен оларды түзетуге қайтару санын төмендетуге мүмкіндік берді.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменттерінің зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің қызметкерлері әлеуметтік қызмет көрсету бойынша құрылған секторлардың жұмысына мониторинг жүргізді.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет көрсету секторының қызметкерлері тек әлеуметтік қызметтерді көрсетеді, біліктілік талаптары бойынша атқаратын лауазымдарына сәйкес келеді, олар әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы жанындағы оқыту курстарын өткенін атап өту керек.

Халыққа уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында Комитеттің аумақтық департаменттері Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп тұрақты негізде зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамаға оқыту семинар-жиналыстарын өткізеді. Ақпараттық-түсіндірме жұмысы шеңберінде барлығы 43 948 азамат қамтылған 3 692 семинар өткізілді.

2.3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бақылау туралы

2017 жылы Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында ішкі бақылау шеңберінде Комитет мемлекеттік қызметтерді уақтылылығын және сапасы, төлемдердің уақтылығын, МӘС өткізудің және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын жүзеге асырудың тәртібіне әдіснамалық тексеруді жүргізді.

Тексеру 2015-2017 жылдар аралығын қамтиды. Зейнетақы мен жәрдемақылардың толықтығы және уақтылы төлену мәселелері қаралып, 5 мыңнан астам іс макеті тексерілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 35 бұйрығына сәйкес көрсетілетін қызметтер сапасына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.

Есепті кезеңде тіркелген шағымдар болған жоқ.

Қызмет көрсету сапасы мен мерзімін бұзу санының оң динамикасы байқалады, егер 2016 жылы 4 шағым тіркелген болса, 2017 жылы шағым болған жоқ, мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтің саны – 1, бұл осы салада көрсетілген қызметтің 0,0000%-ын құрайды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2017 жылы жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау қорытындысы бойынша Министрлікке 72,19 балл берілді, бұл 2016 жылғы бағалау қорытындысымен салыстырғанда 23,23 балға жоғары.

Балдың төмендеуі, негізінен, мынадай критерийлерге байланысты болды:

- «мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттану деңгейі», мүмкін болатын 20 балдан 12,5 балл. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 2 түрінің сапасына қоғамдық мониторинг («Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу»);

- «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімін сақтау бойынша шаралар», мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімін бұзу салдарынан, мүмкін болатын 20 балдан 19,24 балл;

«мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын қамтамасыз ету», мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту және мемлекеттік қызметті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда көрсету себебінен, мүмкін болатын 17 баллдан 14,68 балл;

- «мемлекеттік қызметті оңтайландыру», мүмкін болатын 25 балдан 15,77 балл. Қорытынды балды есептеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімі, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен алуға болатын құжаттарды талап ету бөлігінде оларды оңтайландырудың түрлі ережесі негізінде жүргізілді (есепті кезеңде Министрлік 10 стандартты оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізді).

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын қоғамдық мониторингілеу қорытындылары.

Есептік кезеңде «Сандж» зерттеу орталығы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді, бұл ретте әлеуметтік-еңбек саласының «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» 2 қызметі қамтылды.

Тиісті ұсыныстар берілді. Мониторингтің жеке нәтижесін көрсетеміз.

  1. «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау», қызметпен толық қанағаттандырылғандардың үлесі 62,8% құрады, орташа баға 4,55 балды құрады. Барлығы 237 респондетке сауалнама жүргізілді.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметке қанағаттану бағасы

 

1 бал

2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

Респонденттердің үлесі

0,0%

0,9%

6,4%

29,9%

62,8 %

Респонденттердің саны

0

2

15

70

147

            *3 респондент жауап беруге қиналды

 

            «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» қызметі бойынша қолжетімділік және ашықтық бойынша қанағаттану деңгейі сауалнама барысында 4,57-ге бағаланды (аталған қызметті «5»-ке бағалағандардың саны 64,3%-ды, «4» пен «5»-ке – 91,8%-ды құрайды).

         Респонденттердің 62,7%-ы ақпараттың нақтылығы және анықтығына толық қанағаттанған, респонденттердің 93,5%-ы оң баға берген.

«Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» қызметі бойынша негізгі көрсеткіштер

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының критерийлері

 

Өлшемдер

Орташа

1

Нәтижеге қанағаттанушылық

4,55

2

Қолжетімділік және ашықтық

4,57

3

Анықты және дәйектілік

4,54

4

Жинақтау және жіберу процесі

4,55

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі

4,52

6

Қызметкердің құзыреттілігі

4,55

7

Қызметкердің жеделдігі

4,52

8

Сыпайылық және кәсіби этика

4,62

9

Көрсетілетін қызметті берушіге сенім білдіру

4,63

 

Жалпы, аталған қызмет түрін көрсету сапасына жалпы қанағаттанудың жоғары деңгейде екенін атауға болады – мүмкін болатын 5 балдан 4,55 балл.

 

  1. «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу», қызмет нәтижесімен толық қанағаттанғандардың үлесі 56,7%, қызмет көрсету нәтижесімен қанағаттанудың орташа балы              4,41-ге тең.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметке қанағаттану бағасы

 

 

1 бал

2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

Респонденттердің үлесі

1,6 %

1,6 %

7,7 %

32,4 %

56,7 %

Респонденттердің саны

4

4

19

80

140

            *7 респондент жауап беруге қиналды

Қызмет сапасын анықтайтын критерийлердің бірі қызмет туралы ақпараттың қолжетімділігі болып табылады. Талдау көрсеткендей, ақпаратқа қол жеткізу мен ашықтығына қанағаттанудың орташа балы 4,46-ны құрайды, аталған параметрлермен толық қанағаттанған респонденттердің үлесі 56,9%-ды құрайды.

Ақпараттың анықтығы мен дәйектілігіне қанағаттанудың орташа балы 4,47 балды құрайды, бірақ қызметті «беске» бағалағандардың үлесі – 59,6%-ды құрайды.

«Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» қызметі бойынша негізгі көрсеткіштер

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының критерийлері

 

Өлшемдер

Орташа

1

Нәтижеге қанағаттанушылық

4,41

2

Қолжетімділік және ашықтық

4,46

3

Ақпараттың анықтығы және дәйектілік

4,47

4

Жинақтау және жіберу процесі

4,43

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі

4,33

6

Қызметкердің құзыреттілігі

4,50

7

Қызметкердің жеделдігі

4,42

8

Сыпайылық және кәсіби этика

4,59

9

Көрсетілетін қызметті берушіге сенім білдіру

4,63

 

Құжаттарды жинақтау және жіберу процесі орташа 4,43 балға бағаланды, бұл сәтті өте жақсыға бағалағандардың үлесі 55,9%-ды құрайды.

Сауалнама алынған көрсетілетін қызметті алушылардың 60,7%-ы қызметкерлердің құзыреттілігін «өте жақсыға» бағалады, орташа бал 4,50 балл.

Жеделділік үшін қызметкерлер орташа 4,42 балл алды, көрсетілетін қызметті алушылар ішінде толық қанағаттанғандардың үлесі – 59,7%.

Қызметкерлердің сыпайылығы мен кәсіби этикасы жақсы бағаланған, орташа балл 4,59% болғанда, «өте жақсы» деген бағалардың үлесі 66,9%-ды құрайды.

Құжаттарды тапсыру барысында орта есеппен кезекке 18 минут жұмсалған. Қызметті алу барысында кезекте күтудің орташа уақыты – 16 минутты құрайды.

Сауалнама алынған көрсетілетін қызметті алушылардың 68,4%-ы көрсетілетін қызметті берушіге сенім білдіреді. Орташа балл 4,63 құрайды.

4. Тиімділіктің перспективалары және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру

Мемлекет басшысының халыққа жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 22-тармағын іске асыру мақсатында 2017 жылы Министрлік ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесін оңтайландыру бойынша, оның ішінде бизнес үшін, көрсетілетін мерзім мен құжаттар тізімін қысқарту, қайталанатын процедураларды алып тастау және оларды толықтай электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмыс атқарды. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Министрлік уәкілетті органмен бірлесіп ақпараттандыру бойынша қызметтерді автоматтандыру жұмысын жалғастырады.

Тұрақты негізде орталық және жергілікті органдардан бастамашылық ұсыныстарды, қызметтер тізілімін актуалдандыру бойынша қызметтерді оңтайландыру (автоматтандыру), «Азамттарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына қызметтерді ауыстыру мәселелеріне талдау жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жалғасуда.

 

Жауапты хатшы                                                      А. Құрманғалиева

1-кесте

Орталық деңгейдегі қызметтер

 

Қызметтің атауы

Құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орган

Қызмет көрсететін орган

Жарты-лай автомат-танды-рылған*

Толық автоматтандырылған

 

1.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау

Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері**

 

 

 

 

 

+

 

2.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау

Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері

+

3.

Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау

Мемлекеттік корпорация, Еңбекмині Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетiнiң аумақтық бөлімшелері, «электрондық үкімет» веб-порталы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері

+

 

4.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау

Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері

+

 

5.

Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау

Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері

 

+

6.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Мемлекеттік корпорация, Еңбекмині Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетiнiң аумақтық бөлімшелері, «электрондық үкімет» веб-порталы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері

+

 

7.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау

Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері

 

+

8.

Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау

Еңбекмині Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетiнiң аумақтық бөлімшелері, «электрондық үкімет» веб-порталы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері

+

 

9.

Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау

Мемлекеттік корпорация

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері

 

 

10.

Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау

Мемлекеттік корпорация

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері

 

 

11.

Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, Еңбекмині Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетiнiң аумақтық бөлімшелері, «электрондық үкімет» веб-порталы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және оның филиалдары

+

 

12.

Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама***

Мемлекеттік корпорация, Еңбекмині

Еңбекмині

+

 

13.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру

Мемлекеттік корпорация

Мемлекеттік корпорация

 

+

14.

Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі

Мемлекеттік корпорация

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері

 

 

15.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған,         І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау****

Мемлекеттік корпорация

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтақ департаменттері

 

 

* ЭҮП-да тағайындалған мөлшер туралы ақпарат алу мүмкіндігі іске асырылды

** - Аумақтық орган – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің бөлімшесі

*** - 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді

**** - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді

 

 

2-кесте

Жергілікті деңгей қызметтері

Қызметтің атауы

Құжаттарды қабылдайтын орган

Қызметті көрсететін орган

Толық автоматтан-дырылған

 

1.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

2.

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

3.

Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

4.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» МҚМ

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

5

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

6.

Он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау*

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, ауыл, ауылдық округтің әкімі

Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

7.

Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, ауыл, ауылдық округтің әкімі

Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

8.

Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, ауыл, ауылдық округтің әкімі

Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

9.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, ауыл, ауылдық округтің әкімі

Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

10.

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, ауыл, ауылдық округтің әкімі

Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

11.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау**

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі, «электрондық үкімет» веб-порталы

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

12.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу**

Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» веб-порталы

Астана және Алматы ққ, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

13.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау

Мемлекеттік корпорация, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі

Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

14.

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

Мемлекеттік корпорация, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» МҚМ, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, «электрондық үкімет» веб-порталы

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі

+

15.

Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру

«Халықты жұмыспен қамту орталығы» МҚМ, «электрондық үкімет» веб-порталы

«Халықты жұмыспен қамту орталығы» МҚМ,

+

16.

Оралман мәртебесін беру

Мемлекеттік корпорация

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО

 

17.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО, «электрондық үкімет» веб-порталы

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО

+

18.

Ақталған адамға куәлік беру

Мемлекеттік корпорация

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

19.

Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу

«Халықты жұмыспен қамту орталығы» МҚМ

«Халықты жұмыспен қамту орталығы» МҚМ

+

20.

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу

«Халықты жұмыспен қамту орталығы» МҚМ, «электрондық үкімет» веб-порталы

«Халықты жұмыспен қамту орталығы» МҚМ

+

           

 

* аталған қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тасталды                   (2017 жылғы 12 қазандағы  № 637 ҚР Үкіметінің қаулысы)

** тағайындау туралы ақпарат алу электронды түрде

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon otchet_kaz._2017_god.doc236 KB
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші