A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; «Егемен Қазақстан» 18 сәуірдегі 2018 ж., № 73 (29304); «Казахстанская правда» от 18 сәуірдегі 2018 г., № 73 (28702):

1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

«18-1) еңбекті есеп алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі – жұмыспен қамыту есепке алуды және еңбек қызмет туралы мәліметтерді автоматтандыру үшін арналған арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;»;

2) 16-баптың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«24-1) еңбекті есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

24-2) еңбек шартын еңбекті есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеу тәртібін, электрондық құжат арқылы еңбек шартын толтыру нысанын бекітеді;»;

3) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:

«25) еңбекті есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесінен өзінің еңбек қызметі туралы басқа да мәліметтерді алуға құқығы бар.»;

4) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:

«26) еңбекті есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйеге еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мәлімет ұсыну міндетті.»;

5) 61-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыскерге тапсырылады не оған хабарламасы бар хатпен жіберіледі, сондай-ақ еңбекті есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне жіберіледі.».

2. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі)  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I (a), № 22-I (б), № 22-II (a), № 22-II (б), 107-құжат):

1) мынадай мазмұндағы мазмұны толықтырылсын:

«23-бөлім. Бірыңғай жиынтық төлем

89-тарау. Бірыңғай жиынтық төлемді есептеу тәртібі

774-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер

775-бап.  Бірыңғай жиынтық төлемді есептеу, ұстап қалу және төлеу»;

2) 317-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтарымен толықтырылсын:

«5. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, аквадақыл (балық өсіру) және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің табысы бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 78-тарауында белгіленген ерекшеліктер есепке алына отырып жүргізіледі.

6. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның табыстары бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен осы Кодекстің 775-бабының негізінде жүргізіледі. Бұл адамдар тарапынан осы салық бойынша салық есептілігін ұсыну жүргізілмейді.»;

3) мынадай мазмұндағы 23-бөлімімен толықтырылсын:

«23-бөлім. Бірыңғай жиынтық төлем»;

4) мынадай мазмұндағы 89-тараумен толықтырылсын:

«89-тарау. Бірыңғай жиынтық төлемді есептеу тәртібі»;

5) мынадай мазмұндағы 774 және 775-баптарымен толықтырылсын:

«774-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер

1. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып ақы және (немесе) жазбаша келісімді ресімдеусіз табыс алатын бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші жеке тұлғалар танылады. Сондай-ақ БЖТ-ді төлеушілер болып мемлекеттік тіркеусіз дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға таныла алады, бірақ мына жағдайларда:

  1. жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  2. жеке тұлғалар үшін жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін;
  3. акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылығының өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін тек жеке тұлғаларға өткізетін;

2. Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері болап табылмайтын тұлғалар:

1) осы баптың 1-тармағының көрсетілген қызмет түрлерін және  тауарларын мамандандырылған сауда орындарында, базарларда, әкімшілік ғимараттарда және тұрмыстық емес орындарда жүзеге асыратын тұлғалар;

2) қайтарылатын негізде жылжитын және жылжымайтын мүлікті жалға (мүліктік жалдауға) беретін тұлғалар;

3) шетелдіктер және ағаматтығы жоқ тұлғалар.

3. Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп осындай төлем жүргізілген күннен бастап бірыңғай жиынтық төлем жүргізілген айдың соңғы күніне дейін танылады.

775-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді есептеу, ұстап қалу және төлеу

1. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші жеке тұлғалар ай сайын төлейтін бірыңғай жиынтық төлемнің құнына жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің төлеуге жататын сомалары қосылады. 

2. Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері қалаларда 1-реттік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен мөлшерінен және ауылдық елді мекендерде 0,5-реттік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен   мөлшерде есептеледі.

3. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушінің жеке табыс салығының мөлшерін сәйкес қаржылық жылдағы республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген қалаларда айлық есептік көрсеткіштің 1-реттік мөлшерінен, ауылдық елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5-реттік мөлшерінен 10 пайыз құрайды.

4. Жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстау және төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».

3. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; «Егемен Қазақстан» 18 сәуірдегі 2018 ж., № 73 (29304); «Казахстанская правда» от 18 сәуірдегі 2018 г., № 73 (28702):

1-баптың 1-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған жеке санаттағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;»

4. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; «Егемен Қазақстан» 18 сәуірдегі 2018 ж., № 73 (29304); «Казахстанская правда» от 18 сәуірдегі 2018 г., № 73 (28702):

1) 1-бапта:

6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – осы Заңда белгiленген тәртiппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адамдар, шаруа немесе фермер қожалықтары, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер  болып табылатын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар;»;

мынадай мазмұндағы 13-4) тармақшамен толықтырылсын:

«13-4) жеке практикамен айналысатын тұлға – жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор;»

2) 8-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер,  жеке практикамен айналысатын адамдар, шаруа немесе фермер қожалықтары,  бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.»;

3) 14-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын  дара кәсіпкерлер және шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ өз бетінше әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi:

3. Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұғалар үшін өз пайдасына Қорға төлеуге жататын  әлеуметтік аударымдар тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген қалалар үшін айлық есептік көрсеткіштің 1-реттік мөлшерінен, ауылдық елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5-реттік мөлшерінен 20 пайызы  мөлшерінде белгіленеді.»;

4) 15-бап 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке практикасын айналыстатын адамдар, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер және ауыл шаруашылық қожалықтар мен фермерлер  үшiн төленетiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектісі:»;

5) 25-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Қордың бірыңғай жиынтық табыс төлеушілердің әлеуметтік төлемдерімен байланысты шығындары (шығыстары) Қорға республикалық бюджет есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен өтеледі.»;

5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж. № 8-1, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 16, 56-құжат):

1) 1-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

«11-1) жеке практикамен айналысатын тұлға – жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор;»;

2) 7-баптың бірінші абзацының 5) тармашасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;»;

3) 24-бап 7-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа) және жеке практикамен айналысатын адамдар жұмыскерлерге төленген табыстардан – табыстар төленген айдан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей;

2) дара кәсiпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа) және жеке практикамен айналысатын адамдар өзінің пайдасына – есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей;

3) шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде;»;

4) 25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi. Мiндеттi зейнетақы жарналары шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге жатады.

Жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсiпкер өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өз бетінше айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады.

Табыс болмаған жағдайда Жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Бірыңғай жинақталған төлемдерді төлеушілер үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын жеке басының пайдасына міндетті зейнетақы жарналары айлық есептік көрсеткіштің 1-реттік мөлшерінен, ауылдық елді мекендерде айлық  есептік көрсеткіштің 0,5-реттік мөлшерінен 30 пайызы құрайды.»;

5) 37-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ережелерінде бекітілген міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу жөнiндегi бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын зейнетақы жарналары белгiлеген тәртiппен аудару кезiнде бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларының агенттерi ұсынатын жеке тұлғалардың тiзiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа міндетті зейнетақы жарналары есебінен, міндетті зейнетақы жарналарын ашу күнінен бастап міндетті зейнетақы жарналары ашылған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті зейнетақы жарналарын міндетті зейнетақы жарналары бойынша міндетті зейнетақы жарналары есебінен міндетті зейнетақы жарналарының бастапқы сомасын алу негізінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылды деп есептеледі , міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жазу үшін бір жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шотында жеке тұлғаның жағдайында, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі жаңа агент жеке зейнетақы шотына қабылдау күндеріне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылуға тиіс тізімделген жеке бастапқы сомасының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын енгізу үшін кәсіптік зейнетақы жарналары.»;

39-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

6. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат):

1) 1-баптың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

«7-2) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;»;

2) 5-бапта:

2-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін 14-баптың 2-тармағы 10) тармақшасында көзделген адамдар қорға медициналық көмек алған күннің алдындағы кемінде үш ай кезең үшін жарна төлеуге міндетті.»;

3) 14-бапта:

2-тармақта:

4) тармашасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жеке практикамен айналысатын адамдар;»;

5), 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) мыналарды:

осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 8) тармақшаларында;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандарды немесе әрекетсіз деп танылғандарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, жарналарды өз бетінше төлейтін адамдар (бұдан әрі – дербес төлеушілер), сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан  Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды және аударымдар мен (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары бұдан әрі – Қазақстан  Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар);

мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтылырсын:

«10) бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;

11) шаруа және фермер қожалықтары болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1.  Бірыңғай жиынтық төлемді 1) – 9) және 11) тармақшаларда көзделген адамдар төлемейді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жұмыскерлердің, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің  жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің  кірістері есебінен жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Жеке практикамен айналысатын адамдардың, шаруа және фермер қожалықтарының, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ дербес төлеушілердің   жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Төлеушілер (жұмыскерлерді, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларды қоспағанда):

1) аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды уақтылы және толық көлемде есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға;

2) қорға төленетін аударымдардың және (немесе) жарналардың мөлшерлерін есептеу мен қайта есептеуді дербес жүзеге асыруға міндетті.»;

4) 28 бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары:

3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың, шаруа және фермер қожалықтарының жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1.  Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалаларда айлық есептік көрсеткіштің 1-реттік мөлшерінен, ауылдық елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5-реттік мөлшерінен 40 пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;

5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше жеке  жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының екі еселенген ең төмен мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, сондай-ақ  дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.»;

5) 29-бапта:

1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері болып табылады.»;

3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс беруші және (немесе) салық агенті берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.

Осы тармақтың талаптары дербес төлеушілерге және бірыңғай жиынтық төлем төлеушілеріне қолданылмайды.»;

6) 30-бапта:

3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

6-тармағының 1) және 2) тармашалары мынадай редакцияда:

«1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар - кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;».

7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; «Егемен Қазақстан» 18 сәуірдегі 2018 ж., № 73 (29304); «Казахстанская правда» от 18 сәуірдегі 2018 г., № 73 (28702):

1) 1-баптың бірінші бөлігінде:

2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын

«2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасы  Үкіметіен айқындайдтын жеке санаттағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

мынадай мазмұндағы 7-1), 9-1) және 10-1) тармақшаларымен толықтырылсын:

«7-1) жалдамалы адам – еңбек шартты бойынша жұмыскер немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы тапсырыс берушімен айқындалатын тәртіптемесін және нақты жұмыс істелген уақыт немесе шығарылған тауардың бірлігіне төлеу ақысын көздейтін шарттар бойынша ақылы қызмет көрсетіп жатқан жеке тұлға;

9-1) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушы, адвокаттар, кәсіпқой медиатор;

10-1) жұмыспен қамтылған адам – жалақы алу және (немесе) табыс табу мақсатында, мүлікті, өндірісті пайдалану, тауарлар сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;»;

16) тармақшасы мынадай мазмұндағы редакцяда жазылсын:

«16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасы  Үкіметіен айқындайдтын жеке санаттағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;»;

17) тармашасы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 19), 29) 31-1) және 31-2) тармақшалары толықтырылсын:

«19) жұмыссыз адам – тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс орны жоқ, жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

29) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам– өз бетінше табыс табу мақсатында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға, оның ішінде осы мақсаттар үшін басқада тұлғалардың еңбегін пайдаланатын, алайда ол жалдамалы тұлға болып табылмайтындар;

31-1) халықты жұмыспен қамту жөніндегі өңірлік комиссия – облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында құрылатын жергілікті атқарушы орган жанындағы ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі  – өңірлік комиссия);

31-2) халықты жұмыспен қамту жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия – аудан (қала, облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында құрылатын жергілікті атқарушы орган жанындағы ведомствоаралық комиссия) (бұдан әрі – аудандық (қалалық) комиссия).»;

2) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Жұмыспен қамтылған адамға:

1) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер, сондай-ақ ақы төленетін  өзге де  жұмысы (еңбек функциясы) бар адамдар;

2) дара кәсіпкерлер;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатындар;

5) мемлекеттің қатысуының болмауы шартымен шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатындар;

6) шаруа және фермер қожалықтарының құрылтайшылары (мүшелері) болып табылатындар;

7) табыс табу мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтарындағы қызметпен айналысатындар;

8) жалақы алу және (немесе) табыс табу мақсатында қызметін шарттар жасаспай және (немесе) қызметін мемлекеттік тіркемей жүзеге асыратындар;

9) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында және арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткеріп жүргендер;

10) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары жатады.»;

3) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 26-4) тармақшамен толықтырылсын:

«26-4) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсын сүйемелдеуді және қолдануды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

4) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сүйемелдеу;

5) мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптарымен толықтырылсын:

«11-1-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия

1. Өңірлік комиссия облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілдік және атқарушы органдарының, облыс, астана, республикалық маңызы бар қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы астанадағы өңірлік палаталарының, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.

2. Өңірлік комиссия облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың халықты жұмыспен қамту шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

3. Өңірлік комиссияның қызметі халықты жұмыспен қамту шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және оларды облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) аумағында жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.

4. Өңірлік комиссия облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.

5. Өңірлік комиссия облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қаулысымен құрылады.

11-2-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия

1. Аудандық (қалалық) комиссия ауданның (қаланың) жергілікті өкілдік және атқарушы органдарының, аудан, қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің және  Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, облыстық, аудандық маңызы бар өңірлік палаталар филиалдарының, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.

2. Аудандық (қалалық) комиссия аудан (қала, облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамту шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

3. Аудандық (қалалық) комиссияның қызметі халықты жұмыспен қамту шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және оларды аудан қала, облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.

4. Аудандық (қалалық) комиссия ауданның (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

5. Аудандық (қалалық) комиссия ауданның (қаланың, облыстық республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қаулысымен құрылады.»;

6) 14-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жұмыссыз ретінде тіркелмейді.»;

7) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бюджет қаражаты шегінде жеке адамның кәсіптік білімдерін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыс іздеген адамдарға, жұмыссыздарға, Қазақстан Республикасы Үкіметіен айқындайдтын жеке санаттағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, оралмандарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.»;

8) 23-бапта:

1 -тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдем жұмыссыздарға және Қазақстан Республикасы Үкіметіен айқындайдтын жеке санаттағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызметтер көрсету, қайтарымды негізде микрокредиттер беру арқылы оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жолымен жүзеге асырылады.»;

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жұмыссыздар және Қазақстан Республикасы Үкіметіен айқындайдтын жеке санаттағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін:»;

9) 24-бап 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасы Үкіметіен айқындайдтын жеке санаттағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  

               Президенті

ТіркемеМөлшер
Package icon zrk_-_formalizaciya.zip182.21 KB
12 мамыр, 2018 - 15:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші