A A A
Мазмұнына өту

You are here

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ Қазақстан Республикасында енгізілетін Ұлттық біліктілік жүйесі бойынша қоғамдық пікірді зерделеу және халықтың сенімділік деңгейін анықтау.

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Тапсырманың атауы: Қазақстан Республикасында енгізілетін Ұлттық біліктілік жүйесі бойынша қоғамдық пікірді зерделеу және халықтың сенімділік деңгейін анықтау.

: KZSJ-1.1/CS-36-CQS келісімшарты

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтер үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде.

Консультациялық қызметтер («Қызметтер») Қазақстан Республикасында енгізілетін Ұлттық біліктілік жүйесі бойынша қоғамдық пікірді зерделеуді және халықтың сенімділік деңгейін анықтауды қамтиды.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Құрамында зерттеу материалдары мен тәсілдері, алынған материалдардың талдамасы, қорытындылар, кемінде 10 жылға болжамы бар нәтижелер бойынша есептер.
  2. Ұсынымдар, оның ішінде:

 - ақпаратты жинау және талдау негізіндегі ұсынымдар

- халықтың әр түрлі буындарымен және кәсіптік топтарымен коммуникация жүргізудің әрекеттегі тәсілдері бойынша ұсынымдар;

Тапсырманың күтілетін кезеңі 4 айды құрайды.

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады. Мүдделілік білдірген консультанттар қызметтерді орындау үшін тиісті біліктілігі және ұқсас тәжірибесі бар екендігі туралы ақпаратты ұсыну керек.

Іріктеуге арналған критерийлер мынадай болып табылады:

Әлеуметтік-экономикалық салада әлеуметтік зерттеулер жүргізу тәжірибесі – соңғы 5 жыл ішінде кемінде 2 ірі іске асырылған жобалар, өңірлерде қоғамдық пікірді өлшеу тәжірибесі – соңғы 2 жылда кемінде бір жоба (міндеттер, нәтижелер), халыққа жаппай сұхбаттама жүргізу және ұсынымдар әзірлеу тәжірибесі – кемінде 2 жоба (міндеттер, нәтижелер) бар фирма-консультант (портфолио, нәтижелер). Халықтың әр түрлі дәрежесінің тартымдылық деңгейін арттыру үшін Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде ұсынылған қоғамдық коммерциялық емес ұйымдармен зерттеу жүргізу туралы ақпаратты тарату бойынша жобаның ілгерілеуі туралы келісімнің болуы.

Қосымша ретінде консультант заңдық мәртебесінің құжатталған растамасын ұсынуға тиіс (мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қажет болған кезде жарғының және т.б. құжаттардың көшірмесін қоса беру).

Ілеспе хатта міндетті түрде мынадай мәліметтерді көрсету керек: мекенжай, телефон, электрондық мекенжай және осы конкурс бойынша байланыс тұлға/орындаушы.

Мүдделілік білдірген консультанттарды, Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн «Дүниежүзілік банктің нұсқаулығы: ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) 1.9 параграфқа көңiл аударамыз.

 

Консультанттар өз біліктіліктерін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын ұйым түрінде басқа компаниялармен немесе суб-консультантпен бірлесуі мүмкін.

Бірлескен кәсіпорын немесе суб-консультант түрінде бірлескен жағдайда ілеспе хатта бірлесу түрін нақты көрсету қажет.

Анықтама үшін:

“Бірлескен кәсіпорын (БК)” заңдық мәртебесі оның қатысушыларына сәйкес келе алатын немесе сәйкес келе алмайтын, құрамында бір Консультанттан артық, бір әріптес БК құрамындағы қалған барлық әріптестердің мүддесіне және олардың атынан шаруашылық қызметті жүргізуге уәкілетті және БК құрамындағы әріптестер Тапсырыс берушінің алдында Келісімшарттың орындалуына ортақ және жеке жауап беретін бірлестікті білдіреді.

Консультант нұсқаулықта көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттарды біліктілігі бойынша іріктеу тәсілімен (КБІ) іріктеледі.

 

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.

 

Мүдделілік білдіру жазбаша түрде, 2018 жылғы 1 маусымға дейін төмендегі мекенжайға (жеке, пошта, факс немесе электроондық пошта арқылы) жеткізілуге тиіс:

 

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топ (ЖБТ)

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507

E-mail: kzsj_zakup@mail.ru  

 

 

 

 

18 мамыр, 2018 - 17:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші