A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

Жоба

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасының Президентіне қарауға енгізілсін.  

 

  Қазақстан Республикасының
   Премьер-Министрі

 

 

Жоба

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының 16-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесінде және оларға қойылатын талаптарда:

6-тармақ мынадай мазмұндағы тармақпен ауыстырылсын:

 6.

Дәрігер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық сақтау саласындағы маман

Медицина саласындағы ғылыми дәрежесі мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар ізденістерінің, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандануына сәйкес:

анестезиология;  реаниматология;

онкология;

онкогематология;

оториноларингология;

трансплантология;

фармакология және клиникалық фармакология саласындағы диагностика мен емдеудің озық әдістерін меңгеруі

 

Медицина саласындағы ғылыми дәрежесі мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар ізденістерінің, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандануына сәйкес биоинформатика саласындағы биомедициналық деректерді талдаудың озық әдістерін меңгеруі

Тізбемынадай мазмұндағы 25-35-тармақтармен толықтырылсын:

25

Бизнес-талдаушы

ВАВОК халықаралық стандартына сәйкес бағдарламалар әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы;

26

Жүйелік сәулетші

 

«Java; C/C++; Python; С#; JavaScript; Ruby; РНР; Swift; Objective С тілдеріндегі жүйелер, бағдарламалар және қосымшалар сәулетшісі» мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы

27

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші

 

 

 

«Java; C/C++; Python; С#; JavaScript; Ruby; РНР; Swift; Objective С бағдарламалау тілдерін меңгеретін әзірлеуші/тестілеуші»;

«Artificial Intelligence, lot-решений, Blockchain, Additive technologies, BIM және басқа да технологияларды қолдана отырып өнімдерді әзірлеу үшін жоғары білікті әзірлеуші» мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы

28

Ақпараттық технологиялар (АТ) саласындағы жобалау менеджері

РМР құралы дағдыларымен АТ саласында жұмыс тәжірибесінің болуы

 

 

29

Робототехника жөніндегі маман

Robotics бағдарламасы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы (бағдарламалау және роботтарды модельдеу);

30

Дизайнер

Инфографика, виртуалды әлем дизайнері ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы

31

 

Оқытушы, ғылыми қызметкер

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, халықаралық сертификаттардың болуы

32

Биоин-форматика,  молекулярлық биотехнология және биоинженерия (генетика, цитология, жануарлар мен өсімдіктер селекциясы) саласындағы маман

 

 

 

 

 

 

 

 

Микрочипті генотиптеудің және NGS генетикалық деректерімен жұмыс істей білу;

ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу (GWAS, тәуекелдерді бағалау, генетикалық деректер бойынша туыстық дәрежесін анықтау алгоритмдерін әзірлеу және т.б.);

бағдарламалаудың бір немесе бірнеше тілін меңгеру (R, Python, C++, Java, Perl);

молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу (ПЦР-диагностика, толық геномдық талдаулар (NGS, Microarray), Сэнгер бойынша секвенирлеу, фрагменттік талдау және т.б.);

геномдық диагностика саласындағы білім, мультифакторлық және тұқымқуалайтын аурулар қаупін анықтау үшін генетикалық мутацияларды анықтау бойынша зертханалық генетикалық тестілердің нәтижелерін түсіндіре білу;

гендік инженерия, трансгеноз және биотехнология әдістерін меңгеру;   

BLUP әдісі бойынша жануарлардың тұқымдық құндылығын бағалаудың (Sire Model, Animal Model және т.б.), селекциялық индекстерді құрылымдаудың аралас модельдерінің теңеулерін әзірлеу тәжірибесі.

33

 

 

 

 

АӨК модельдеу жүйелерін мониторингтеу және цифрлендіру саласындағы маман

Заманауи геоақпараттық жүйелерді және әр түрлі дереккөздерден алынатын үлкен деректерді білу;

Объектінің орналасқан орны, географиялық және экологиялық ерекшеліктер, жер бедерінің пішіндері, топырақ, өсімдіктер, гидрология туралы деректерді жинау және талдау бойынша дағдылардың болуы;

Қашықтықтан басқарумен автоматтандырылған ауыл шаруашылығы құралымдарын құра білу.

34

 

 

 

«АӨК-тегі ақылды техника» автоматтандыру және басқару саласындағы маман

Табиғи ресурстарды, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің айналымын мониторингтеуді, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғауды, ұдайы өндіруді және пайдалануды автоматтандыру;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау саласындағы есепке алуды мониторингтеу бойынша дағдылардың болуы.

35

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы машина жасау, GPS көмегімен техниканы басқару саласындағы маман

а/ш машиналарын дайындауды жобалау кезінде 3D модельдеуді және сандық бағдарламалық басқаруларды қолдана білу;

робототехниканы қолдану;

а/ш жұмыстарын орындау үшін GPS басқарумен а/ш машиналарын жасау.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.

 

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

ТіркемеМөлшер
Package icon ukaz.zip79.17 KB
Бөлімдер:
23 мамыр, 2018 - 11:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші