A A A
Мазмұнына өту

You are here

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017–2021 ж. арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 ж. 6 наурыздағы № 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 21 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Ағымдағы ахуалды талдау және қатерлерді басқару» деген 2-бөлімде:

«Стратегиялық бағыт 1. Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-тармақта:

«Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері» деген 1) тармақшада:

«Ана мен баланы әлеуметтік қолдауды дамыту» деген кіші бөлімде:

екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық саны өсімінің оң динамикасын атап өткен жөн: 2016 жылдың басындағы осындай көрсеткіш 17,7 млн. адамды құраса, 2017 жылғы  1 қаңтарда 17,9 млн. адамды, 2018 жылдың басында 18,2 млн. адамды құрады.

Халық санының өсуі, негізінен, бала туу санының өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Соңғы үш жылда туған балалардың орташа жылдық саны 390 мыңнан асты (2015 жылы – 398,5 мың, 2016 жылы – 400,7 мың, 2017 жылы – 390 мың); бала туу коэффициенті 2014 − 2016 жылдары 1 мың халыққа шаққанда орта есеппен 22,8-ді құрады.»;

«Ана мен баланы қолдау жүйесін қаржыландыру» деген диаграмма мынадай редакцияда жазылсын:

«

»;

Алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі төрт және одан да көп баласы бар отбасылардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2006 жылдан бастап 2016 жыл аралығында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын кәмелет жасқа толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасылардың саны 40,2 %-ға көбейді, 2018 жылғы 1 қаңтарға 266 509 отбасын құрады.»;

«Әлеуметтік қамсыздандыру» деген кіші бөлімде екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Үнемі жаңарып отыратын ең төменгі әлеуметтік стандарттар әлеуметтік қамсыздандырудың негізі болып табылады. 2015 жылмен салыстырғанда:

1) ең төменгі күнкөріс деңгейі 14 %-ға көбейді (21 364 теңгеден 2017 жылы 24 459 теңгеге дейін, 2016 жылы - 22 859 теңге). 2018 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің белгіленген мөлшері 28 284 теңгені құрады;

2) базалық зейнетақы төлемін ескере отырып зейнетақының ең төменгі мөлшері 1,3 еседен артық көбейді (34 874 теңгеден 2017 жылы 45 711 теңгеге дейін, 2016 жылы – 37 789 теңге, 2018 жылғы 1 қаңтарда – 49 019 теңге).»;

«Ынтымақты зейнетақы жүйесі бойынша» деген кіші бөлімде:

бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына, «Нұр Отан» Халықтық тұғырнамасы әлеуметтік бағдарламасының негізгі ережелері мен Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасына сәйкес 2015-2016 жылдары зейнетақы төлемдері  9 %-ға арттырылды, 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанды 20 %-ға дейін жеткізілді.

Базалық зейнетақы төлемін (14 466 теңге)  есепке алғанда, 2017 жылы ең жоғары мөлшері 92 747 теңгені құрады  (2016 жылы – 77 186 теңге, 2015 жылы – 72 129 теңге), орташа мөлшері 2017 жылы 65 918 теңгені құрады (2016 жылы – 55 117 теңге, 2015 жылы – 50 561 теңге).»;

үшінші бөлік алып тасталсын;

бесінші бөлік мынадай редакияда жазылсын:

«Базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдері есебінен табысты алмастырудың жиынтық коэффициенті 2017 жылы 46,1 %-ға жетті, бұл Халықаралық еңбек үйымының  ең төмен нормаларынан жоғары (40 %-дан кем емес), 2016 жылы – 43,7 %, 2015 жылы – 42,0 %.»;

сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Талдау жасалған кезеңде жұмыскерлердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (бұдан әрі – ЖЗЖ) қатысуының көбейгені байқалады, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының мөлшері 6,7 трлн. теңгеден асты. Бұл ретте салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 9,9 млн.-ды құрады (2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 9,9 млн. шотта 5,8 трлн. теңге, 2017 жылғы 1 қаңтарға – 9,8 млн. шотта 6,7 трлн. теңге).

Жұмыс істейтін халықты ЖЗЖ-мен қамту (ЖЗЖ-ға қатыспайтындарды ескермегенде) 2017 жылы 72,5 % көрсеткішіне жеткізілді (2016 жылы – 70,8 %, 2015 жылы – 70,4 %).»;

«Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша

Әлеуметтік төлемдер 2015 - 2016 жылдары 7 %-ға, 2017 жылы 16 %-ға арттырылды, бұл ретте мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік төлемдер 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша 25 %-ға, 2017 жылы 7 %-ға арттырылды. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап күнкөріс деңгейінің құрылымын қайта қарау нәтижесінде оның шамасы 2017 жылмен салыстырғанда 16 пайызға дейін өсті, бұл сәйкесінше мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыруға әкелді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – МӘЖ) алушылардың саны 2017 жылы 674,6 мың адамды құрады (2015 жылы – 670,0 мың адам, 2016 жылы – 673,5 мың адам), оның ішінде мүгедектігі бойынша – 507,7 мың адам (2015 жылы – 494,7 мың, 2016 жылы – 502,7 мың адам); асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 164,1 мың адам (2015 жылы – 170,2 мың адам, 2016 жылы – 167,0 мың адам); жасына байланысты 2,3 мың адам (2015 жылы – 5,1 мың адам, 2016 жылы – 3,8 мың адам).

МӘЖ-дің орташа мөлшері 2017 жылы мүгедектігі бойынша – 32 418 теңгені (2015 жылы – 22 710 теңгені, 2016 жылы – 30 374 теңгені); асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша – 29 402 теңгені (2015 жылы – 20 555 теңгені, 2016 жылы – 27 506 теңгені); жасына байланысты – 12 719 теңгені (2015 жылы – 11 110 теңге, 2016 жылы – 11 887 теңге) құрады.»;

«Әлеуметтік сақтандыру бойынша» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік сақтандыру бойынша

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілгеннен бері 2005 жылдан бастап 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МӘСҚ-тан жүзеге асырылған әлеуметтік төлемдердің сомасы 905 млрд. теңгені, бұл ретте 2015 жылы 126,7 млрд. теңгені, 2016 жылы 142,2 млрд. теңгені, 2017 жылы 156,5 млрд. теңгені құрады.

Формальды сектор жұмыскерлері 6 әлеуметтік қатер туындаған: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған кезде әлеуметтік қорғаудың қосымша түріне ие болды.

Жұмыскерлердің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуы кеңейе түсуде, 2017 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны 5,9 млн. адамды (2015 жылы – 5,9 млн.адам, 2016 жылы – 5,8 млн. адам) құрады.

2017 жылы МӘСҚ-тан еңбек ету қабілетінен айрылған және асыраушысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер 7 %-ға арттырылды. 2017 жылы МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері еңбек ету қабілетінен айрылу бойынша 12 208 теңгені (2015 жылы – 10 761 теңге, 2016 жылы – 11 642 теңге); асыраушысынан айрылу бойынша 14 774 теңгені (2015 жылы – 14 058 теңге, 2016 жылы – 15 042 теңге) құрады.

2017 жылы 562,6 мың алушыға 156,5 млрд. теңге сомасында (2015 жылы – 501,7 мың алушыға 126,7 млрд. теңге, 2016 жылы – 528,3 мың алушыға 142,2 млрд. теңге сомасында) әлеуметтік төлемдер жүргізілді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘСҚ-тан еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер 16% -ға арттырылды.»;

«Халықтың әлжуаз санаттарын әлеуметтік қолдау» деген кіші бөлімде:

бірінші бөліктің екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

- жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен (ең төмен күнкөріс деңгейінен 50 %) отбасыларға жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде төленетін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК). 2017 жылғы қорытынды бойынша аталған көмек түрі  23,3 мың азаматқа тағайындалды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 19,1 %-ға (28,8 мың адам), 2015 жылмен салыстырғанда 39 %-ға (38,2 мың адам) төмен, бұл ретте тағайындау сомасы 751,7 млн. теңгені құрады. АӘК-тің орташа мөлшері – 2 692,4 теңге;

- табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен (КД-дан 60%) отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға, әр балаға 1,05 АЕК мөлшерінде төленетін мемлекеттік жәрдемақы. 2017 жылы аталған көмек түрімен қамтылғандардың саны 539,6 мың баланы (2016 жылы – 576,2 мың бала, 2015 жылы – 551,2 мың адам), тағайындау сомасы – 10,9 млрд. теңгені құрады;

- коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, тұрғын үйді күту шығыстары осы мақсаттарға арналған шығыстардың шекті рұқсат етілген үлесінен асып кететін отбасыларға ұсынылатын тұрғын үй көмегі тағайындалды. 2017 жылы 76,6 мың отбасы (2016 жылы – 85,5 мың отбасы, 2015 жылы – 93,9 мың отбасы) тұрғын үй алғандар болды. Тағайындау сомасы 2,4 млрд. теңгені, орташа мөлшері 2 582 теңгені құрады.»;

үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру үшін  2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз көмекке жіктеледі және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ынан төмен (2018 жылғы 1 қаңтарға дейін - 40%) отбасыларға еңбек етуге қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы және осы мақсатта әлеуметтік келісімшар жасасу шартымен беріледі.

Шартсыз ақшалай көмек – күнкөрісі төмен еңбек етуге қабілетті жастағы жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын адамдарға немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу үшін объективті шектеулері бар еңбек етуге қабілетті мүшелері бар отбасыларға ұсынылады.

Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын күнкөрісі төмен еңбек етуге қабілетті адамдарға, сондай-ақ құрамында кемінде бір еңбек етуге қабілетті мүшесі бар күнкөрісі төмен отбасыларға беріледі.»;

Сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«2017 жылы жобаға 32,2 мың отбасы немесе 179,6 мың адам қатысты  (2015 жылы – 3,9 мыңға жуық отбасы немесе 20,2 мың адам, 2016 жылы – 7,4 мың отбасы немесе 38,8 мың адам), жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне 36,4 мың адам немесе «Өрлеу» жобасының еңбек етуге қабілетті қатысушыларының жалпы санының 90,6 %-ы тартылды (2015 жылы – 4 857 адам немесе 90 %, 2016 жылы – 8 704 адам немесе 90,5%).

Нәтижесінде жобаға қатысушылардың табыстары 2 еседен аса ұлғайтылды, АӘК алушылар құрылымындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлесі 26,5 %-ға дейін (2016 жылы – 27,2 %, 2015 жылы – 29,2 %) қысқарды, АӘК алушылардың саны 24,7 %-ға төмендеді.»;

он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қабылданып жатқан шаралар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етті. Елдегі кедейлік деңгейі төмендеуде – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2017 жылы 2,6 %-ды құрады (2016 жылы – 2,6 %, 2015 жылы – 2,7 %).»;

«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, мүгедектерді әлеуметтік қорғау» деген кіші бөлімде:

үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«АӘҚ стандарттарын кезең-кезеңмен енгізу осы қызметтерді алушылар санаттарын 3-тен 7-ге дейін кеңейтуге мүмкіндік берді. 2017 жылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарына арналған АӘҚ стандарттарын енгізу арқылы АӘҚ алушылардың санаттары кеңейтілді. Осылайша, егер бұрын қызмет алушылар мүгедектегі бар мен егде жастағы адамдар ғана болған болса, бүгін олардың қатарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, адам саудасының құрбандары, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, белгілі бір тұрғылықты тұратын жері жоқ адамдар кіреді.

Алушылардың ең үлкен үлесі мүгедектегі бар адамдардың үлесіне –  47 % (54,3 мың адам) және қарт адамдардың үлесіне (47,2 мың адам) – 40 % келеді.

2015 жылдан бастап АӘҚ жүйесінде:

-     АӘҚ ұсынушы субъектілердің саны 8 %-ға немесе 2015 жылғы 797-тен 2017 жылғы 862 ұйымға дейін өсті (2016 жылы – 827);

-     үкіметтік емес ұйымдардың үлесі 38 %-ға дейін өсті, тиісінше, ҮЕҰ саны 2015 жылғы 81-ден 2017 жылғы 130 ҮЕҰ-ға дейін өсті (2016 жылы – 106 ҮЕҰ);

-     қызмет алушылардың саны 19 %-ға немесе 97,4 мың адамнан 116 мың адамға дейін артты (2016 жылы – 125,6 мың адам). Бұл ретте үкіметтік емес секторда алушылардың үлесі 42 %-ға немесе 5,1 мың адамнан 8,8 мың адамға дейін артты (2016 жылы – 6,3 мың алушылар);

-   қызмет көрсетудің баламалы түрлері дамып келеді, мәселен, 2017 жылғы қорытынды бойынша 9,0 мың адамды қамтитын 168 күндізгі болу бөлімі (КББ) (5,4 мың адамды қамтумен мемлекеттік секторда 75 КББ, 3,6 адамды қамтумен мемлекеттік емес секторда 93 КББ; 2016 жылғы қорытынды бойынша – 7,8 мың адамды қамтумен 126 КББ; 2015 жылғы қорытынды бойынша – 1,7 мың адамды қамтумен 50 КББ) жұмыс істейді;

-     АӘҚ-ты ақылы негізде ұсыну басталды;

-    мемлекеттік қамсыздандырудағы қызмет алушылардың шығындарын қаржыландыру тетігі, сондай-ақ қызметтерді ақылы негізде ұсыну тетігі енгізілді. 2016 жылдың басынан бері толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар зейнетақы мен жәрдемақылардың 70 %-ын өздерін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды жабуға бағыттайды. Бұл ретте зейнетақының қалған бөлігі бекітілген ең төмен мөлшерінен, ал жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс. Мұндай практика Ресейде іске асырылуда, онда қызмет алушы зейнетақы мен жәрдемақысының 70 %-ына дейін, ал Белоруссияда 90 %-ына дейін өзін қамтамасыз етуге жұмсайды.

2015 жылдан 2017 жылға дейін  АӘҚ жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге бөлінген, оның 2,2 млрд. теңгесі үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға бағытталған.»;

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» деген кіші бөлімде:

бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік қолдау шаралары жүйесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың алатын орны ерекше. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 662,5 мың мүгедек тұрып жатыр немесе халықтың жалпы санының 3,7 %-ы, оның 62 %-ын еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар, 12,6 %-ын балалар құрайды (2015 жылы – 637,2 мың, 2016 жылы – 651,9 мың). Мүгедектігі бар адамдардың өсімі 2015 жыл мен 2017 жыл аралығында 4,0 %-ды немесе тиісінше 637,2 мың адамнан 662,5 мың адамды құрады.

Олардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру үшін 2012 жылдан бастап Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын кезең-кезеңімен іске асыру жүргізілуде, 2016 жылдан бастап үшінші кезеңін іске асыру басталды. Жоспар шеңберінде:

- жергілікті деңгейде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. 2018 жылғы                             1 қаңтардағы жағдай бойынша 31,2 мың объектіде паспорттау жүргізілді, оның ішінде 19,5 мың объект бейімделуге тиіс, оның ішінде 16,6 мың объект бейімделген (2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 11,2 мың, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 6,8 мың). Паспортталған объектілердің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі 90,7 %-ды құрайды (2016 жылы – 77,4 %, 2015 жылы – 54,5 %);

- жыл сайын бюджет қаражаты есебінен 120,0 мыңнан астам мүгедек техникалық көмекші (компенсаторлық) оңалту құралдарымен қамтамасыз етілуде, оларға әлеуметтік жәрдемақылар уақтылы төленеді;

- ауылда тұратын мүгедектердің өтінімдері бойынша «Қазпошта» АҚ қызметтері арқылы шалғайдағы ауылдарда тұратын мүгедектерге оңалту құралдарын (протездік-ортопедиялық бұйымдарды ескермегенде) үйлеріне дейін жеткізіп беру жүзеге асырылады;

- 2015 жылдан бастап Техникалық көмекші құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі (ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген) кезең-кезеңімен жаңартылды және кеңейтілді, олардың саны 77 %-ға ұлғайды;

- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жүзеге асырылады, оның шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15,4 мың мүгедек (2016 жылы – 13,5 мың мүгедек, 2015 жылы – 13,9 мың мүгедек), оның ішінде 10 мың адам аумақтарды дамыту бағдарламалары бойынша қамтылды (2016 жылы – 8,7 мың, 2015 жылы – 8,8 мың). 129 мыңнан астам мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылған.»;

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс істейтін және оқитын мүгедектер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Инватакси» қызметін жетілдіруге қолдау көрсетіледі. 2017 жылы 387,1 млн. теңге, оның ішінде РБ-дан 68,8 млн. теңге бөлінген    (2016 жылы – 142,9 млн теңге, 2015 жылы – 75,0 млн теңге, 2014 жылы – 87,4 млн теңге).»;

«Негізгі проблемаларды талдау» деген 2.2)-тармақшада:

«Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу деңгейінің жеткіліксіздігі» деген 1-кіші бөлімде:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2017 жылғы қорытынды бойынша жұмыс істейтін халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту 72,5 %-ды құрайды (211,3 мың адамды, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖЗЖ қатысушылары болып табылмайтын әскери қызметшілерді есепке алмағанда) және талдау жасалатын кезеңде қамту үлесінің ұлғайғаны байқалғанымен, проблема өзектілігін сақтап отыр (2016 жылы – 70,8 %, 2015 жылы – 70,4 %).»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетінше жұмыспен қамтылу үлесі жоғары, 2017 жылдың қорытындысы бойынша – 24,5 % немесе 2,1 млн. астам адам (2015 жылы – 27,0 % немесе 2,3 млн. адам, 2016 жылы – 25,8 % немесе 2,2 млн. астам адам). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың негізгі бөлігі ауылдық жерде тұрып, көбіне жеке шаруашылықпен айналысады, табысы да шағын. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрылымында 2017 жылы 10,4 %-ы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарға жатқызылған (2015 – 2016 жылы – 22,0 %).»;

«Ең төменгі күнкөріс деңгейін айқындау әдістемесі жетілдіруді талап етеді» деген 2- кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша қолданыстағы ең төменгі күнкөріс деңгейін (бұдан әрі – ЕТКД) есептеу әдістемесі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және нормативтік-ститистикалық әдіске негізделген, оған сәйкес ЕТКД азық-түлік себетінің құны азық-түлік өнімдерін тұтынудың бекітілген нормалары бойынша есептеледі, ал азық-түлік емес тауарлардың бағасы және қызметі ЕТКД шамасының бекітілген үлесі (50 %) түрінде белгіленеді.

Сонымен бірге, бүгінгі күні ең төменгі күнкөріс деңгейі халық табысының үздіксіз өсуіне байланысты күнкөрісі төмен халықтың нақты тұтыну шығыстарына сәйкес келмейді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы ЕТКД шамасы 23 783 теңгені құрады, бұл ретте жалпы шығыстардың 50 %-ынан анық асатын халықтың азық-түлік емес шығыстарының тұрақты өсуі байқалады.»;

«Кедейлікті еңсерудің белсенді түрлерінің жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік көмек көрсету критерийлерінің халықаралық стандарттарға сәйкессіздігі» деген 3- кіші бөлімде:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2017 жылғы қорытынды бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрылымының шамамен 26,5 %-ын еңбек етуге қабілетті адамдар құрады, бұл субъективті (еңбек еткісі келмейтін алушылардың масылдық кейпі), сол сияқты объективті себептермен (бос жұмыс орындарының дефициті, әсіресе ауылдық жерлерде; қойылған біліктілік талаптарына күнкөрісі төмен адамдардың білім деңгейінің сәйкес келмеуі), сондай-ақ бұл санатқа бағытталған белсенді шаралардың қажетті тиімділігімен шартталады.»;

«Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғам өміріне толыққанды қатысу мүмкіндіктерінің жеткіліксіз болуы» деген 6- кіші бөлімде:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бүгінгі күні мүгедектер үшін жүргізіліп жатқан кедергісіз орта құру жұмысы жеткіліксіз. Объектілерді паспорттаудың басым бөлігі 2013 жылы жүргізілген – 18 754-і. 2015 – 2017 жылдары 6 762 объект паспорттаудан өткізілді, оның 9,3 %-дан астамы бейімдеуді қажет етеді. Алайда осы кезеңде жергілікті атқарушы органдар мүгедектердің қажеттілігіне қарай бар болғаны 16,6 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектісін бейімдеген.»;

«2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару» деген 2-тармақта:

«Реттелетін қызмет саласын дамытудың негiзгi өлшемдері» деген 2.1)-тармақшада:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.»;

«Еңбек нарығы және жұмыспен қамту» деген кіші бөлімде:

үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«2015 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде жұмыс күшінің үлесі 50 %-дан асатын деңгейде қалды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халық құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2 099,2 мың адамды құрады (2016 жылы – 2 210,5 мың адам, 2015 жылы – 2 328,9 мың адам).

Жұмыссыздық деңгейі 2016 жылы 5,0 %-дан 2017 жылдың қорытындысы бойынша 4,9 %-ға дейін төмендеді (2015 - 2016 жылдар – 5,0 %).

2015 жылдан бері жұмыссыз халық саны 8,8 мың адамға азайып, 2017 жылы 442,3 мың адамды құрады (2016 жылы – 445,4 мың адам, 2015 жылы – 451,1 мың адам).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (бұдан әрі – ЖЖК 2020) бағдарламасының нысаналы тобы болып табылған жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылмен салыстырғанда 0,2 %-ға төмендеп, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 3,9 %-ды құрады (2015 жылы – 4,3 %, 2016 жылы – 4,1%).

Соңғы үш жылда әйелдердің жұмыссыздық деңгейінің 2015 жылы 5,7 % -дан 2017 жылы 5,4% -ға дейін төмендеуі байқалды (2016 жылы – 5,5 %).

Соңғы жылдары еңбек нарығында қалыптасқан тұрақты оң ахуал дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде іске асыруға да байланысты. Жұмыссыздарды, өз бетінше жұмыспен айналысатын және күнкөрісі төмен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жұмылдыру жұмыстары ЖЖК-2020, сондай-ақ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүргізілді.»;

оныншы бөлік алып тасталсын;

«Еңбек нарығының динамикасы» деген диаграмма мынадай редакцияда жазылсын:

«

»;

он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он сегізінші бөліктер алып тасталсын;

он сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Соңғы үш жылда өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санында нәтижелі жұмыспен қамтылған адамдар үлесінің өскені байқалады, 2015 жылы 70,8%-ды, ал 2016 жылы 86,4%-ды, 2017 жылы 89,6%-ды құраған.»;

жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші бөліктер мынадай редакияда жазылсын:

«Еңбекке ақы төлеу және еңбекақы төлеу саясатын жетілдіру, адами капиталдың сапасын арттыру, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету «Қазақстан-2050» Стратегиясына, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 еліне кіру тұжырымдамасына және Елдің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес даму басымдықтары ретінде анықталған.

Осыған байланысты, 2017 жылдан бастап еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілік алудың, жаппай кәсіпкерлікті дамытудың, еңбек делдалдығының тиімді моделін құрудың, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың тиімді жүйесін құруға бағытталған Бағдарлама әзірленді (ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы).

2017 жылы бірінші бағыт шеңберінде тегін кәсіптік және техникалық білім алу үшін 21 мың жас адам жіберілді; еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 71,8 мың адам жіберілді, 68,4 мың адам оқытуды аяқтады, олардың 58%-ы жұмысқа орналастырылды.»;

жиырма тоғызыншы бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«2017 жылдың соңында Бағдарламаға азаматтарды ерікті түрде қоныстандыруға көмектесетін жұмыс берушілерді субсидиялау, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттар беру сияқты жаңа құралдар енгізілді.»;

отызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарламаның жоспарланған шаралары, сондай-ақ жаңартылған құралдары ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесіне сәйкес еңбек ресурстарының әлеуетін арттыру және кәсіпкерлікке азаматтарды тарту жолымен халықтың нәтижелі жұмыспен қамтылуын ынталандыру арқылы анықталған проблемаларды шешуге ықпал етеді.»;

отыз үшінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан қоғамын одан әрі жаңғырту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және ел экономикасының одан әрі өсуін қамтамасыз етудегі ең маңызды қадам - ​​Мемлекет басшысы 2018 жылғы 5 наурызда жариялаған бес әлеуметтік бастама. Төртінші әлеуметтік бастама өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халық арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың ең тиімді тетігі ретінде ауылдық жерлерде және қалаларда микрокредиттеуді кеңейтуге бағытталған.»;

«Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту» деген кіші бөлімде:

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2012-2015 жылдар аралығында экономиканың барлық басым салаларын қамтитын 449 кәсіптік стандарт әзірленді. Олардың негізінде колледждер мен ЖОО-ларда білім беру бағдарламалары әзірленді және енгізілді.»;

жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу және ресімдеу бойынша құқықтық актілер мен әдістеме қайта қаралып, қабылданды.»;

жетінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-қимыл жоспары аясында, еңбек нарығының талаптарына мен өндірісте оқытудың әлемдік үздік тәжірибесіне сәйкес кәсіптік стандарттарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде.»;

сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен «Еңбектік дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жаңа жобасы аясында 550 кәсіптік стандартты қайта қарау және әзірлеу жоспарланған, оның ішінде 2017 жылы - 70, 2018 жылы - 230 , 2019 жылы - 250 кәсіптік стандарт.»;

«Халықтың көші-қоны» деген кіші бөлімде:

екінші бөліктің 1)-тармақшасының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қарқынды ішкі көші-қон. Қазақстанда соңғы жылдары өңіраралық көші-қон деңгейі жоғары және көші-қон ағынының бағыттары байқалды.  2015 жылдан 2017 жылға дейін өңіраралық көші-қон процестеріне 800 мыңнан астам адам тартылды. Оның құрамдас бөліктері халықтың ауылдық елді мекендерден өмір сүру деңгейі анағұрлым жоғары және инфрақұрылымы дамыған өңірлерге, экологиялық тұрғындан қолайсыз өңірлерден экологиялық ахуалы жақсы өңірлерге көшуі болып табылады.

2017 жылы халықтың ең үлкен ағыны Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарына барды. Халықтың негізгі ағындары Астана, Алматы және Маңғыстау облыстары болып табылады;»;

екiншi бөлiктiң 2) тармақшасының бiрiншi, екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) оңтайлы тарту. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ШЖК тартуға квота белгілейді. 2015 – 2016 және 2016 жылдарға квота республиканың экономикалық тұрғыдан белсенді халқына шаққанда 0,7 % мөлшерінде белгіленді, бұл 63 мың адамды, 2017 жылы – 0,6 % немесе 54,4 мың адамды, 2018 жылы – 0,46 % немесе 41 мың адамды құрайды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 22,3 мың рұқсат қолданылды, бұл жалдамалы жұмыскерлер санының 0,5%-ын құрайды (2015, 2016 жылдардың соңында 32,4 және тиісінше 30,1 мың рұқсат қолданылды).

Бұл ретте тартылған ШЖК арасында 1-3-санаттағы мамандардың үлесі кемінде 70% (2015 жылы - 70,0%, 2016 - 70,5%, 2017 - 85,7%) деңгейінде қалып отыр.»;

екінші бөліктің 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) этникалық қазақтардың жыл сайынғы тұрақты динамикасы. Тәуелсіздік жылдары тарихи отанына 294 350 отбасы немесе 1,025,078 этникалық қазақ (2015 жылы – 1 920 отбасы немесе 4 890 адам, 2016 жылы – 16 417 отбасы немесе 33 754 адам, 2017 жылы – 9 989 отбасы немесе 18 605 адам) келді.»

«Енбек қатынастары» деген кіші бөлімде:

оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«2017 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 536 кәсіпорында 3,4 млрд. теңге сомасына 25 070 жұмыскерге жалақы бойынша ағымдағы берешекті анықтады. Аталған кәсіпорындардың басшыларына міндетті түрде орындау үшін 1 363 ұйғарым берілді және 195,8 млн. теңге сомасында 982 айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде ағымдағы жылы 3,0 млрд. теңге көлемінде жалақы берешегі төленіп, 24 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қабылдаған шаралар нәтижесінде соңғы үш жылда 14,6 млрд. теңге сомасында (2015 жылы – 4,8 млрд. теңге, 2016 жылы – 6,8 млрд. теңге) жалақы берешегі төленіп, 101 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

Осылайша, жалақы берешегінің (2016 жылғы 1 қаңтарда – 275,7 млн. теңге, 2017 жылғы 1 қаңтарда – 278,4 млн. теңге, 2018 жылғы 1 қаңтарда – 242 млн. теңге) өсуіне жол бермеу үшін шаралар қолданылуда.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 9,9 мың тексеру жүргізді, тексеру барысында еңбек заңнамасы бойынша 14,8 мыңнан астам бұзушылық анықталды. 2016 жылы 18,4 мыңнан астам, 2015 жылы 19,5 мың еңбек заңнамасының бұзушылығы анықталды.

Анықталған бұзушылықтар нәтижелері бойынша заңды тұлғалар мен ұйымдардың лауазымды адамдарына қатысты мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 467,3 млн. теңгеге 3,8 мыңнан астам айыппұл салды (2017 жылғы 1 қаңтарға – 603,5 млн. теңге, 2016 жылғы 1 қаңтарға – 429,6 млн. теңге).»;

он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыскерлердің жалпы саны 218 мың адамды құрайтын 447 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 3 768 жұмыскермен штатты немесе жұмыскерлерді қысқарту себебінен еңбек қатынастары тоқтатылды.»;

он сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұдан басқа, мониторинг нәтижелеріне сәйкес 3,7 мыңнан астам жұмыскер икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған. Аталған жұмыскерлерге қатысты әкімдіктер жұмыс орнын сақтап қалу бойынша мақсатты шаралар қабылдауда.»;

жиырмасыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада үшжақты комиссияның 110 отырысы болды, онда мүдделі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестердің қатысуымен 646 кәсіпорынның басшылары тыңдалды (2016 – 86 отырыс, 2015 – 129 отырыс).»;

жиырма үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2018 жылғы 1 қаңтарға республика бойынша 2,8 млн. жұмыскердің құқығын қозғайтын 115 мың меморандум жасалды, ол еліміздің 82,1 % ірі кәсіпорындары мен 67,5 % орта және шағын өндірістік кәсіпорындарын қамтиды, оларда мемлекет бойынша 2,8 млн. жұмыс орнын сақтап қалу көзделген (2015 жылы – 2,3 млн. жұмыскердің құқығын қорғайтын 75,3 мың меморандум жасалды, 78,7 % ірі кәсіпорындарды және 46,6 % орта және шағын кәсіпорындарды қамтиды, 2016 жылы – 2,8 млн. жұмыскердің құқығын қорғайтын 112,9 мың меморандум жасалды, 81,6 % ірі кәсіпорындарды және 66,7 % орта және шағын кәсіпорындарды қамтиды).»;

жиырма бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2015 жылдан бастап еңбек жанжалдарының саны 1,4 есеге төмендеді (2015 жылы – 7, 2016 жылы – 8, 2017 жылы – 5).»;

жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Елдің ірі және орта кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша енгізілген халықаралық және ұлттық стандарттардың өскені байқалады. 2017 жылы енгізілген стандарттардың саны 1 752-ні, 2016 жылы   1 476, 2015 жылы 1 463-ті құрады.

Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру бойынша жаңа тәсілдер шешімдері жұмыс берушілер үшін міндетті болатын еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруды көздейді, 2018 жылғы 1 қаңтарда республика кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі 12 855 өндірістік кеңес құрылды (2016 жылы – 11 215, 2017 – 1 640).»;

отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші және отыз тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша140 жұмыс беруші сенім сертификатының иегері атанды (2015 жылы – 21 кәсіпорын, 2016 жылы – 60, 2017 жылы – 59).

Қабылданып жатқан шаралар өндірістік жарақат деңгейінің төмендеуіне септігін тигізді. 2018 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 0,29-ге дейін төмендеді (2016 жылы – 0,32%, 2015 жылы – 0,33%).

Адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда төмендеп келеді, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0,04 құрады (2015-2016 жылдарда - 0,05-ке тең болды).

Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамуда. 2018 жылғы 31 қаңдарда жаңа 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды, үшжақты комиссиялар барлық деңгейде жұмыс істейді (21 салалық және 16 өңірлік келісім, сондай-ақ қалалар мен аудандар деңгейінде 200-нен астам келісім).

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұжымдық шарттар жүйесімен 78,0 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 34,3 %-ы қамтылды (01.01.2017 жылы – 71,2 мың кәсіпорын немесе 33,5 %-ы, 01.01.2016 - 66,8 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 36,6 %-ы). Ірі және орта кәсіпорындардың қамтылу көрсеткіші 2015 жылмен салыстырғанда 93,3 %-ға өсті (2015 жылы – 93,1 %, 2016 жылы – 93,3 %).

Бизнес-қауымдастықта әлеуметтік жауапкершілік ұғымын түсіну ұлғайып келе жатқанын атап өткен жөн. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізген жылдары (2008 – 2017 жылдары) оған еліміздің барлық өңірлерінен 4 645 кәсіпорын қатысқан (2017 жылы – 400 кәсіпорын, 2016 жылы – 501 кәсіпорын, 2015 жылы – 541 кәсіпорын). 2017 жылғы    6 желтоқсанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі оныншы «Парыз» конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.»;

«Негізгі проблемаларды талдау» деген 3.2)-тармақшада:

«Еңбек ресурстары сапасының төмендігі» деген 1-кіші бөлімде:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Соңғы уақытта жоғары және аяқталмаған жоғары білімді жұмыс күші үлесінің өскені байқалады (2015 жылы – 37,4%, 2016 жылы – 37,6 %, 2017 жылы – 38,7%). Техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің үлесі 35 % орташа деңгейінде (2015 жылы – 33 %, 2016 жылы – 34,9 %, 2017 жылы – 37,4%) қалып отыр.»;

«Нәтижесіз жұмыспен қамту» деген 2- кіші бөлімде:

бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2015 жылғы 2,3 млн. адамнан (27 %) 2017 жылы 2,1 млн. адамға (24,4 %) дейін қысқарды (2016 жылы – 2,2 млн.), сол уақытта өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны соңғы үш жылда 2 есеге (2015 жылы – 513 мың, 2016 жылы – 301 мың, 2017 жылы  – 217,7 мың адам) қысқарды.

Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі әлі де  24 %-ды немесе 2,1 млн. адамды құрайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы 218 мың адам нәтижесіз жұмыспен қамтылған болып табылады (олардың қызметі еш жерде тіркелмеген, не олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен). Сонымен бірге, үй-үйді аралау кезінде қосымша статистикалық есептілікте ескерілмеген, бұдан бұрын тіркелмеген жұмыссыздар және нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдар анықталғанын атап өткен жөн»;

«Өңірлік диспропорциялар және демографиялық дисбаланс» деген 3-кіші бөлімде:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Солтүстік өңір (Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары) тұрғындарының саны соңғы үш жылда еш өзгерген жоқ, 2016 жылдың басына – 4 млн. 352 мың адамды, 2017 жылы – 4 млн. 324 мың адамды, 2018 жылы – 4 млн. 311 мың адамды құрады. Ал оңтүстік өңірлерде (Алматы, Жамбыл, Кызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары) халық саны 286 мың адамға өскен (2016 жылдың басында – 6 млн. 665 мың адам, 2017 жылы – 6 млн. 750 мың адам, 2018 жылы – 6 млн. 847 мың адам).»;

«Қабылдаушы тараптың мүдделерін және қоныс аударушыларды өңірлерде жайластыру мүмкіндіктерін ескермей, этникалық қазақтарды ел аумағына әркелкі қоныстандыру» деген 5-кіші бөлімде:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Заңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің оралмандарды қоныстандыру өңірлерін айқындау (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары) және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу (2018 жылы 622 отбасы) бойынша құзыреті, сондай-ақ әлеуметтік пакет көзделген.»;

«Саланың/құрылымның басым бағыттары» деген 3-бөлімде:»

«Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Мемлекет қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді орындау» деген 1-басым бағытта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Елімізді 2025 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында зейнетақы жүйесін және әлеуметтік сақтандыруды дамытудың еңбек өтілі мен төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту арқылы нәтижелі және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатыны көзделген.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі Қазақстандағы қазіргі стандарттарға және өмір сүру деңгейіне сәйкес келетін болады. Базалық әлеуметтік төлемдерді арттыру, зейнетақы төлемдерін бірте-бірте ұлғайту, халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және әлеуметтік сақтандырумен қамтылуын кеңейту егде жастағы адамдар, мүгедектер, асыраушысынан айрылған адамдар және әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж өзге де азаматтар үшін лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеді.»;

«Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру»  деген 2-кіші бөлімде:

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауында айтқан тапсырмасына сәйкес, еңбек өтілі мен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтiк төлемдердiң арасындағы өзара байланысты күшейту үшiн әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнен төлемдердi тағайындау кезiнде қолданылатын параметрлердi (қатысу ұзақтығы, еңбекке жарамсыздық дәрежесі және табысты алмастыру коэффициенті) жақсарту арқылы жұмысшы халықтың мүдделерiн қорғау үшiн шаралар қабылданатын болады.»;

мынадай редакциядағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Бұдан басқа, жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде болатын жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады.»;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген кіші бөлімде:

бірінші бөліктің бесінші абзацы алып тасталсын;

бірінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2018 жылдың соңына дейін МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер төлеу параметрлерін өзгертуді көздейтін «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның тұжырымдамасы мен жобасы жаңа редакцияда әзірленетін болады, оның ішінде төлемдер мөлшерінің әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне тәуілділігі күшейтіледі. Тиісінше, сақтандыру қағидаттары мен әлеуметтік әділеттілік қағидатын ескере отырып, әлеуметтік қатер түрлері бойынша төлемдер мөлшерін анықтау тетіктері жөніндегі халықаралық стандарттар мен практика зерделенді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік қатерлер жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті көрсетуге көшу жүріп жатыр.

Сондай-ақ, міндетті сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында жазатайым оқиғаға байланысты жарақат алған немесе еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау салдарынан мүгедектік белгіленген азаматтарды қорғау тетігін қайта қарау жоспарлануда.»;

«Ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін іске асыру және жетілдіру» деген 2-басым бағытта:

бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасына сәйкес ана мен баланы қолдау жүйесі азаматтардың өзін-өзі жүзеге асыруында және еңбек ресурстарының теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Ана мен баланы қолдау тетіктері ата-аналардың табысын қорғауға және балалардың туылуына жағдай жасайтын болады. Тууды ынталандыру және көп балалы отбасыларға қолдау көрсету жүйесі материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын бірқатар шараларды әзірлеу арқылы жетілдірілуде.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасы аясында балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру жалғасады.»;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген кіші бөлімде:

екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«- 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1-топтағы кәмелетке толған мүгедектерге күтімді жүзеге асыратын адамға берілетін жаңа жәрдемақы түрін енгізу;

  • Бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету.»;

«Әлеуметтiк масылдықты болдырмауға бағытталған азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қолдау жүйесiн жетiлдiру» деген үшінші-басым бағытта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес күнкөрісі төмен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету жүйесін одан әрі дамыту атаулылықты күшейтуге, әлеуметтік қатерлерді төмендетуге және кедейлікті белсенді түрде еңсеру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады. Атаулы әлеуметтік көмек азаматтарға олардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып тағайындалатын болады.»;

екінші бөліктен кейін мынадай мазмұдағы бөлікпен толықтырылсын:

«Еңбек етуге қабілетсіз адамдарға көмек шартсыз ретінде көрсетіледі. Жұмыс істей алатын адамдар үшін әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетіледі.»;

төртінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Сондай-ақ Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы қызметтердің қолжетімділігін және сапасын жақсартуға бағытталған.»;

он екінші бөлік алып тасталсын;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген бөлімде:

1-тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«- Мемлекет басшысы айтқан Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның 84-қадамын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілетін болады, ол мұқтаж азаматтарға еңбек етуге қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы шартымен (қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына және әлеуметтік келісімшартқа қол қою) олардың нақты табысын және тұрмыстық жағдайын бағалау негізінде беріледі. Өңірлер арасында әлеуметтік әділетсіздікті және атаулы әлеуметтік көмек көлемінің алшақтығын жою мақсатында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен жаңа форматтағы АӘК көрсету критерийлерін қайта қарау жоспарлануда.»;

4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ерекше еңбек жағдайларына мұқтаж азаматтар санатын жұмыспен қамту мәселелері бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылданатын болады.»;

«Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» деген 4-басым бағытта:

алтыншы бөліктің алтыншы абзацынан кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

«2018 жылдан бастап кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетудің жаңа түрі қарастырылған - жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін азаматтарға 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттар ұсыну.

Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларына сәйкес, 2018 жылы микрокредиттеу кеңейтіледі, қосымша бөлінген қаражат оның ішінде ауылдарда кредит беруге және ірі қайта өңдейтін ауыл шаруашылығы кәсіпорындары айналасында якорлы кооперацияны дамытуға бағытталатын болады, бұл өнімнің тиісті сатылымын қамтамасыз етеді.

Жалпы, Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтумен қатар кәсіпкерлік бастаманы дамыту, қосымша жұмыс орындарын құру, жаңа өндірістерді ашу немесе қызмет көрсетуді дамыту және шығарылатын өнім көлемін ұлғайту түрінде мультипликативтік әсерін тигізетінін де атап өткен жөн.»;

алтыншы бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«2018 жылдан бастап азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ынталандыру мақсатында, мысалы, қоныс аударушыларды (кемінде 5 адам) жайластырудың барлық мәселелерін шеше отырып, оларды тұрақты жұмысқа қабылдауға дайын жұмыс берушілердің шығындарын 450 АЕК мөлшерінде субсидиялау сияқты  қосымша шаралар қабылданады.»;

«Іске асыру жөніндегі шаралар» деген кіші бөлімде:

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

««Еңбек» бағдарламасын жұмыспен қамтуды қолдаудың жаңа бизнес-идеяларды дамытуға гранттар беру бойынша және қоныс аударуға көмек көрсететін жұмыс берушілерді субсидиялау бойынша, микрокредит беруді кеңейту бойынша жаңа құралдарымен іске асыру;»;

«Жұмыспен нәтижелі қамтылуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу» деген 5-басым бағытта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында тәуекел-менеджмент негізінде еңбекті қорғауды басқарудың инновациялық стандартталған жүйесін енгізу көзделген. Өндірісте еңбекті қорғауды басқарудың негізі Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті қорғауды басқару жүйесінің талаптарына сәйкес келетін қауіпсіздік стандарттары болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада белгілеген басымдықтарды іске асыру да еңбекті қорғау жүйесін Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына, ал өндірістік жарақаттану көрсеткіштерін дамыған елдердің нормаларына сәйкестендіруді көздейді.»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік әріптестіктің жаңа идеологиясы негізінде                             Үкімет, бизнес және кәсіподақтар арасында 2018 – 2020 жылдарға арналған Бас келісім жасалды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік үшжақты комиссиялардың жұмысының форматы қайта қаралды.»;

«Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы» деген 4-бөлімде:

«Елдің жалпыұлттық көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:

«Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы және

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама

  • Экономиканың өсіміне байланысты өмір сүру сапасының стандарттарын кезең-кезеңімен сапалы арттыру.
  • Мемлекет қоғамның әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбек етуге қабілеті жоқ адамдарға, науқас балаларға және т.б. атаулы көмек көрсетуге толық жауапкершілік алады.
  • Жұмыс берушілердің халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарын жұмысқа белсенді тарта отырып, оларды жалақымен қамтамасыз ететін жағдайлар жасағаны маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай жасауға тиіспіз.
  • Мемлекеттік жәрдемақыны шын мәнінде жұмыс істей алмайтындар ғана алуға тиіс. Жұмысқа мүгедектерді қабылдайтын және оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек.
  • Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді белгілеуіміз керек.
  • Еңбекке ақы төлеуге және мұнда бар сәйкессіздіктерді қысқартуға қатысты мүлде жаңа тәсілдер әзірлеу шараларын қабылдау қажет.
  • Зейнетақы жүйесін жаңғырту азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің ортақ жауапкершілігін одан әрі күшейтуге негізделетін болады.
  • Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленетін болады.
  • Бұған қоса, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады.
  • Базалық зейнетақыны кепілдік берілген ең төменгі зейнетақыға өзгерту мәселесі пысықталып, оны тағайындаудың жаңа критерийлері мен шарттары әзірленеді.
  • Көмек алушыны жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына міндетті түрде белсенді қатысуын көздейтін әлеуметтік келісімшарт тетігі енгізілетін болады. Әлеуметтік келісімшарт мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларының кешенін, оның ішінде еңбек нарығына қайтару жолдарын қамтитын болады. Алушының әлеуметтік келісімшартты орындау жөніндегі міндеттемелерді бұзуы әлеуметтік көмек беруді тоқтатуға әкеледі.
  • Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі шеңберінде егде адамдар үшін олардың жас шектеулеріне және қайта әлеуметтенуге бейімделуі бойынша қызметтер көрсетілетін болады.
  • Ашық нарықта үздік шетелдік мамандарды тарту.
  • Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың еңбек нарығына бейімделген айқын бағдарламалары болуға тиіс.
  • Бізге, жалпы алғанда, көші-қон мәселелерін кешенді түрде шешу бойынша ел өңірлеріндегі еңбек нарығына ықпал ететін шаралар қабылдау қажет.
  • Жұмыскерлердің мүдделерін ескере отырып кәсіпкерлікті қолдауды қамтитын еңбек қатынастарының жаңа моделін жасау.
  • Біз әйелдерге жұмыспен қамтудың икемді түрлерін ұсынуға, үйде жұмыс істеу үшін жағдайлар жасауға тиіспіз.
  • Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейде өңірлерде әйелдердің бизнес ашып, оны жүргізуіне де қолайлы жағдайлар жасаған абзал.
  • Елде жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде гендерлік теңдікті және әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет.
  • Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 2,5%-ынан кемінде 1 %-на төмендейді.
  • Сондай-ақ өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
  • Орта мерзімді перспективада өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың еңбек қатынастарын, оның ішінде оқыту, микрокретиттер беру және экономикалық қолайлы өңірлерге көшуге жәрдемдесу есебінен заңдастыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
  • Орта мерзімді перспективада аналарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің, оның ішінде жұмыспен қамтудың икемді нысандарын (үйде жұмыс істеу, толық емес жұмыс күні) дамыту арқылы жәрдемдесудің арнайы тетіктері әзірленеді.
  • Еңбек етудің ерекше жағдайларына мұқтаж азаматтар санатын жұмысқа орналастыру шеңберінде кәсіптік бағдарлау жөнінде консультациялар беріледі және арнайы жабдықталған әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады.
  • Орта мерзімді перспективада оқытуды бүкіл өмір бойы қаржыландыруға мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің үшжақты қатысу моделі әрекет ете бастайды. Бүкіл өмір бойы оқу ақысы үшін негізгі жауапкершілік жұмыскерге жүктелетін болады.
  • Мемлекет және жұмыс берушілер белгілі санаттағы жұмыскерлерді, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды окытуды қаржыландыруға қатысады.
  • Мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын құруға жәрдемдесуге және мүгедектерге олардың өзін-өзі жетілдіруі үшін мүмкіндік беретін арнайы оқу бағдарламаларына негізделетін болады.
  • Еңбекті қорғау жүйесі Халықаралық еңбек ұйымының нормаларына сәйкестендіріліп, ал өндірістік жарақаттану көрсеткіштері дамыған елдердің нормативтеріне сәйкес келетін болады.
  • Жұмыспен қамтуды арттыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде еңбек ресурстарының еңбек қызметінің өнімділігі төмен салаларынан табысы әлдеқайда жоғары және перспективалы салаларына көшуі үшін жағдайлар жасалады.
  • Ауылдан қалаға ішкі көші-қонның теріс әлеуметтік салдарының алдын алу мақсатында көшіп-қонушыларды шартты жұмысқа тартуға бағытталған шаралар кешені қабылданады.
  • Жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету, көшуге субсидиялар беру және кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарында оқыту арқылы халықтың ұтқырлығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру жалғасын табады.
  • Осы бағыт шеңберінде Қазақстанға еңбек нарығында сұранысқа ие шетелдік білікті жұмыскерлерді тарту, оның ішінде қызметін жүзеге асыру шарттарын жеңілдету жолымен тарту үшін жағдай жасалатын болады.

 

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

  • Экономикалық өсу мен бюджеттік мүмкіндіктерге байланыстырылған ең төмен әлеуметтік стандарттар кезең-кезеңімен халықаралық баламаларға жақындай түседі.
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері мен құрылымы мемлекеттің барлық базалық әлеуметтік төлемдерін есептеудің негізі ретінде тұтыну себетінің нақты құнын көрсете отырып, тұрақты негізде қайта қаралады, халыққа, оның ішінде базалық зейнетақы мен базалық жәрдемақы алушыларға қолайлы өмір сүру деңгейіне кепілдік береді.
  • Кедейлік шегін айқындау әдістемесі оңтайландырылады: бірінші кезеңде оның деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына қатысты артады, кейіннен кезең-кезеңімен ел бойынша орташа кіріспен байланыстырылады, бұл күнкөрісі төмен халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшеріне оң әсерін тигізеді.
  • Жалақының ең аз мөлшерін кезең-кезеңімен өзгерту мәселесі пысықталады, ол барынша дамыған елдерде елдегі орташа жалақыға қатысты айқындалады және ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан асып түседі.
  • Зейнетақы жүйесі одан әрі дамиды, бұл ретте нәтижелі және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыруға басты назар аударылады.
  • Зейнетақы жасына жеткендердің барлығына мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады. Жұмыс істейтін азаматтар бұрынғы жұмыссыздармен немесе зейнетақы жарналарын төлемегендермен салыстырғанда үлкен мөлшердегі базалық зейнетақы алатын болады.
  • Базалық зейнетақыдан басқа жұмыс істеген зейнеткерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алады, онда зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышы шеңберінде жұмыс істеген зейнеткердің 10% зейнетақы жарналарына қосымша оның жұмыс берушісінен 5% зейнетақы аударымдары жинақталады.
  • Жұмыс істеген зейнеткер үшін зейнетақы төлемдерінің үшінші көзі оның ерікті зейнетақы жинақтары болуы мүмкін.
  • Әлеуметтік сақтандыру нәтижелі және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатын болады.
  • Зейнетақы жүйесіне ұқсас, әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қатысу өтілі мен төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады: табысты алмастыру коэффициенттері (жұмысынан айрылу, асыраушысынан айрылу, еңбекке қабілеттілігінен айрылу) ұлғаяды, төлемдердің ұзақтығы (жұмысынан айрылу) ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін кезең-кезеңімен ұлғаяды.
  • Халықтың күнкөрісі төмен топтарына әлеуметтік көмек көрсету кезінде атаулылық күшейтілетін болады. Еңбекке жарамсыздар үшін көмек шартсыз тәртібінде көрсетіледі.
  • Мемлекет тарапынан проактивті тәсілді кезең-кезеңімен енгізу әлеуметтік көмек көрсетудің маңызды аспектісі болады. Қолдау органдары көмекке жүгінген адамдарға қызмет көрсетуден басқа, халықтың күнкөрісі төмен санаттарын ақпараттық жүйелер арқылы анықтау жолымен ауылдық жерлерге баса назар аудара отырып, халықтың мұқтаж санаттарын өздігінен анықтайды.
  • Арнаулы әлеуметтік қызметтердің атаулылығын, қолжетімділігі мен сапасын күшейтуді көздейтін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады.
  • Қолжетімділік мұқтаж және қонаққа қабылдайтын отбасыларда патронатты күтімдегі жұмыспен қамтылмаған отбасы мүшелерін; әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының базасында жеке сектор, қалалар мен ауылдарда МЖӘ қағидаттары негізінде құрылған аз сыйымды көп бейінді үйлер, сондай-ақ шалғай ауылдардағы «мобильді қызметтерді»; мемлекеттік мамандандырылған интернат-үйлерін жұмысқа тарту есебінен күшейтілмек.
  • Жеке сектордың сапасын және қатысуын күшейтуге қызмет көрсетудің жаңартылған стандарттары мен экономикалық тұрғыдан ақталған тартымды тарифтер себеп болады.
  • Мұқтаж жандар біліктілігі туралы, көрсетілетін қызмет түрлері, жұмыстарының нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын Мамандардың бірыңғай тізілімін құру арқылы әлеуметтік қызмет алу түрін таңдау мүмкіндігіне ие болады.
  • ...Гендерлік аспектіні ескере отырып, еңбек режимі мен еңбекті қорғау бойынша заңнама жетілдіріледі, еңбек жағдайлары жақсартылады, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу мен кеңейту мүмкіндіктері қаралады. Жұмыспен қамтылуға және кәсіпкерлікпен айналысуға жәрдемдесу арқылы, оның ішінде әдетте ер адамдар жұмыс істейтін экономика секторларында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсетіледі...
  • ...Заңнамалық реттеу шеңберінде кәмелетке толмаған балалары бар ата-аналар үшін жұмыс уақытын қысқарту мәселесі қаралады...
  • Жергілікті атқарушы органдар кәсіпорындармен бірлесіп, кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыру нәтижесінде босатылған жұмыскерлерді қолдау бойынша келісілген саясатты әзірлейді. Босатылған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жаңа жұмыс орындарын құру (оның ішінде ірі бизнестің ұзақ мерзімді тапсырыстар беруі және өңірдің ШОБ кәсіпорындарында талап етілетін өнімдерді игеруге өзге де жәрдемдесу арқылы), қайта оқыту мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің басқа да шаралары көзделетін, бірлескен Жол карталары іске асырылатын болады.
  • Жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету, өнімділігі төмен салаларда, экономиканың формальды емес секторында жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздарды қолдауға бағдар беруді сақтау, еңбек нарығының инфрақұрылымын жақсарту арқылы қазіргі еңбек ресурстары өнімділігінің жылдам өсуіне жәрдемдесу жалғасатын болады
  • Жергілікті атқарушы органдар кәсіпорындармен бірлесіп кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыру нәтижесінде босатылатын жұмыскелерді қолдау бойынша келісілген саясатты әзірлейді
  • Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында талап етілетін кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Халықтың аса мұқтаж топтары: жастар («Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы шеңберінде); мүмкіндігі шектеулі адамдар мен егде жастағы адамдар үшін (арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу есебінен) инклюзивтілікке ден қоя отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді курстар актуалдандырылып, іске асырылады.
  • Формальды емес жұмыспен қамтуды азайту үшін шаралар кешені, оның ішінде жеңілдетілген тіркеу, есепке алу және салық салу жүйесін енгізу, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесімен қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылғандарға ерекше назар аудара отырып, еңбек шарттарын «заңдастыру»; «көлеңкелі» жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, профилактикалық шараларды кеңейту, «жосықсыз жұмыс берушілердің» тізілімін енгізу; мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жеке тұлғалардың статустарын актуалдандыру; ақпараттық-түсіндірме жұмыстары іске асырылатын болады.
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды арттырудың негізгі бағыттарының бірі жаппай кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Ол үшін кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытуды, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауды қоса алғанда, ауылдық жерлердегі қызмет көрсету мен кооперацияны кеңейтуді ескере отырып, оның ішінде қаладағы және ауылдық жерлердегі микрокредиттеуді дамыту арқылы қолдау шараларының толық спектрі көрсетілетін болады.
  • Жұмыс күші артық облыстардан кадрлар жетіспеушілігі байқалатын облыстарға ерікті түрде қоныс аудару кезінде еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жалғастырылады.

Тәсіл еңбек ресурстарына сұранысқа сәйкес кейін ішкі мигранттар ағынын саралай отырып, өңірлік квоталар белгіленетін «экономикалық өсу нүктелерінде» (агломерацияларға, ірі және орта қалаларға, ірі жобаларды көшіру, перспективалы шекара маңы аумақтарға) негізделетін болады.

Қоныс аударушыларға тұрғын үй жалдау мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша жылдық шығыстарды өтеуге субсидия нысанында қаржылық қолдау көрсетіледі. Бұл ретте аталған қаражатты қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға пайдалану мүмкіндігі берілетін болады. Сонымен қатар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй қарыздарын беру мүмкіндігі қарастырылады.

Қоныс аударушыларды жұмысқа орналастыру үшін қосымша ынталандыру шаралары жергілікті атқарушы органдардың субсидиялау құқығымен, сондай-ақ қоныс аударушыларды кәсіпкерлік негіздеріне алдын ала оқытып, оларға жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар мен бау-бақша, ауыл шаруашылығын жүргізуге немесе коммерциялық мақсаттарға жер учаскелерін беруді қамтамасыз ете отырып, жұмыс берушілерді тарту болып табылады.

  • Салалар, елді мекендер мен санаттар арасындағы еңбек ресурстары ағынын тиімді басқару қатарлас жұмыс істейтін арналарды үйлестіретін еңбек нарығының дамыған инфрақұрылымы есебінен қамтамасыз етіледі, олар арқылы мемлекет пен бизнес барлық жүгінген азаматтарға қолдау шараларын көрсететін болады
  • Онлайн-портал базасында мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарынан, жекеше агенттіктерден берілген, бұқаралық ақпарат құралдарындағы, интернет-алаңдардағы барлық вакансиялар мен жұмыс іздеушілер туралы деректерді шоғырландыру үшін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң енгізілетін болады. Электрондық биржа қаржылық шығындарсыз және қамту географиясының ауқымдылығы арқылы резюмелер мен вакансияларды электрондық форматта іздестіру үшін кең мүмкіндік береді. Азаматтарға арналған ақпараттық пакет вакансиялардың және мемлекеттік қолдаудың қатар көрсетілетін қолжетімді шараларының сипаттамасын, оның ішінде уақытша тұрғын үй алу шарттары мен мүмкіндіктері, көшуге дайындық тәртібі, біліктілік алу мүмкіндіктері мен ұсыным жасалатын оқу орындары туралы ақпаратты қамтитын болады.

Онлайн-портал сервистері онлайн-режимде кәсіптік бағдарлау, азаматтарды сұранысқа ие кәсіптер мен оқыту курстары, сапа болжамдары және еңбек нарығы бойынша талдама туралы хабардар ету сияқты көрсетілетін қызметтердің кең спектрін қамтитын болады.

Сонымен қатар еңбек кітапшаларының электрондық форматы енгізіледі. Бұл азаматтардың формальды жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат алуға, жұмыскер профилін онлайн-режимде жүргізуге және оның құзыреттілігін растауға мүмкіндік береді.

  • Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына трансформация жүргізіледі. Жүгінген жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтарға, әрбір іздеуші үшін оның дағдыларын диагностикалауға және оны тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атаулы шаралар кешенін әзірлеуге негізделген кәсіби дамудың жеке стратегиясын әзірлей отырып, кәсіптік бағдарлау, талап етілетін кәсіптер бойынша оқыту, жұмысқа орналастыру бойынша қызметтер көрсетілетін болады.

Жұмыс берушілерге қатысты мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары өзара іс-қимылдың проактивті және электрондық форматын енгізеді. Вакансияларды, оның ішінде цифрлық арналар есебінен тіркеу рәсімдерін оңайлату жұмыс берушілердің базасын едәуір кеңейтеді, олар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары қазіргі заманғы HR-қызметтер ретінде жұмыс істейтін болады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысында барлық рәсімдер барынша автоматтандырылады, ал жұмыс іздеушілермен де, сол сияқты жұмыс берушілермен де байланыстар «бір терезе», атаулылық пен нәтижелерге бағдарлану қағидаттарында жолға қойылатын болады. Бұл ретте еңбекті үйлестірудің көп арналы жүйесінің тиімділігін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қызметтеріне қол жеткізу нүктелерінің көптігі: халыққа қызмет көрсету орталықтары, egov «электрондық үкімет» порталы, ауылдық елді мекендердің әкімдері мен бірыңғай электрондық еңбек биржасы есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.

  • Жұмыс берушілерге қатысты мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтары өзара іс-қимылдың белсенді және электрондық форматын енгізеді.
  • Азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту үшін кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру, кадрлар даярлау және қайта даярлау бойынша көрсетілетін қызметтер сияқты жекелеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері тартылатын болады. Жеке ұйымдардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу олардың жүгінген азаматтарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі мен тұрақты жұмыспен қамтуы көрсеткіштеріне байланысты болады.

Бұл еңбек нарығында мамандандырылған делдалдардың нарығын құрады, еңбекке орналастыру арналарын, азаматтардың еңбек ұтқырлығының мүмкіндіктерін кеңейтеді және бәсекелестік есебінен қызмет көрсету сапасын арттырады.

  • Жоғары білікті мамандарды тарту үшін преференциалдық режим құрылады, біліктілік деңгейі бойынша шетелдік жұмыскерлер үшін визаларды санаттандыру жүзеге асырылатын болады. Жоғары білікті кадрлар үшін квоталар, экономикалық орындылығына тест жүргізу қажеттілігі жойылады, виза алу мерзімі қысқарады, елде болу ұзақтығы ұлғайтылады, құжаттарды тапсыру процесі оңайлатылады.

Ел үшін басым жобаларды іске асыруға қатысу үшін білікті шетелдік жұмыскерлерге іске асыратын жобаларының сипатына байланысты рұқсаттар бірден үш жыл мерзімге беріледі. Қазақстанда, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және өңдеу өнеркәсібі салаларында дербес және ұзақ мерзімді кәсіби қызметті жоспарлайтын жұмыскерлер үшін біліктілінің сәйкестігі туралы анықтама да үш жыл бойы жарамды болады.

  • Еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің түрлі элементтері арасындағы өзара байланысты қалыптастыру негізі еңбек нарығын диагностикалаудың негізгі құралы ретінде Ұлттық кәсіптер классификаторын (кәсіптердің біртекті топтарының стандартталған тізбесі) үнемі жаңартып отыру арқылы жасалатын болады. Классификатор жұмыс күшінің сапасына қойылатын талаптардың қалыптасуын да қамтамасыз етеді.
  • Кәсіптердің актуалды классификациясы еңбек нарығының жағдайын уақтылы және толық есепке алуға және оны дамытудың егжей-тегжейлі болжамдарын жасауға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай таяудағы және ұзақ мерзімді перспективаға кадрлық қажеттіліктерді айқындау бойынша еңбек ресурстарын дамытуды болжаудың ұлттық жүйесі жұмыс істейтін болады.
  • Бизнестің тікелей қатысуымен жаңа кәсіптік стандарттар әзірленеді және қолданыстағы кәсіптік стандарттар актуалдандырылады. Олар бизнестің нақты кәсіптік түрлеріне қоятын талаптарының эталонына, яғни бизнестің мамандар даярлауға арналған техникалық тапсырмасына айналады және барлық мамандықтар бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктердің толық жиынтығын айқындайды.
  • Технологиялық өзгерістерді іске қосу үшін қажетті мамандарды қайта даярлау үшін қазіргі жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдары жұмыскерлерді қайта оқыту мен біліктілігін арттыру курстарын ашады. Бұл курстар жұмыс пен оқуды біріктіруге ыңғайлы түрлі форматта – кешкі оқыту нысанында, өндірістен қол үзіп және қол үзбей оқыту нысанында ұсынылады.

Жұмыс істеп тұрған кәсіптік білім беру ұйымдарынан басқа оқыту инфрақұрылымы кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарымен және жеке провайдерлермен толықтырылады. Операторлардың бәсекелі нарығын дамыту қайта даярлау бағдарламаларын тезірек ауқымды етуге және еңбек ресурстарына сұраныстың өзгеруіне ден қоюдың жедел тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқытуды бюджеттік қаржыландырумен қатар компаниялар тарапынан бірлесіп қаржыландыру оқыту барысында алынған білімді белсенді қолдануға ынталандырады.

  • Еңбек өнімділігі төмен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 2025 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан 13,6%-дан 10%-ға дейін төмендейді.
  • Жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту қысқа мерзімді кезеңде еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Тәуекел-менеджментке негізделген еңбекті қорғауды басқарудың стандартталған инновациялық жүйесі енгізіледі.
  • Стандарттардың сақталу мониторингін стандарттардың электрондық дерекқоры негізінде іске асыру жоспарланған.

 

»;

 

«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімде:

«Халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» деген 1.1-мақсат мынадай редакцияда жазылсын:

«

1.

Табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті (жинақтаушы зейнетақыны есепке алмағанда)

Вице-министр

 

Еңбек-мині дерек-тері

%

42,0

43,7

45,2

49,8

49,8

49,8

49,8

2.

ЖЗЖ-мен қамтылған, жұмыс істейтін  халықтың үлесі (ЖЗЖ-ға қатыспайтындарды қоспағанда)

Вице-министр

 

Еңбек-мині дерек-тері

%

70,4

70,8

70,8

72,4

73,0

73,7

74,4

3.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі

Вице-министр

 

ҚР ҰЭМ СК ресми стат. дерек-тері

 

%

2,7

2,6

4,0

8,0

8,0

8,0

7,0

4.

АӘК алушылардың құрамындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлес салмағы 

Вице-министр

 

Еңбек-мині дерек-тері

 

%

29,2

27,0

27,0

-

-

-

-

5.

Еңбек етуге қабілетті ШАК алушылардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған  ШАК алушылардың үлесі

Вице-министр

 

Еңбек-мині дерек-тері

 

%

90

90,5

90,8

-

-

-

-

6.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК алушылардың (шартты ақшалай көмек) үлес алмағы

Вице-министр

 

Еңбек-мині

дерек-тері

%

-

-

-

22

22,2

22,3

22,5

                                                                                                                            »;

«Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын реттеу саясатын қалыптастыру, көші-қон процестерін басқару» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» деген 2.1-мақсатта:

реттік нөмірі 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

3.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан Бағдарламаға тартылған адамдардың үлесі

Вице-министр

 

Еңбек-мині дерек-тері

 

%

 

-

-

92

92,3

92,8

93

93,3

4.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі

Вице-министр

 

ҚР ҰЭМ СК ресми стат. деректері

 

%

-

-

15

13,4

13

12,6

12,4

»;

реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

6.

Мемлекет субсидия лайтын арнайы жұмыс орындарыда жұмысқа орналастырылған мүгедек тердің осы санаттағы жұмыссыз мүгедектер санындағы үлесі

Вице-министр

Еңбек-мині дерек-

тері

%

-

-

-

9,9

2

2

3

»;

«Ресурстар» деген 6-бөлімде:

       «

Қаржылық, барлығы:

мың теңге

 

 

2 129 670 

888,9

2 612 874 533

2 952 567 234

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Қаржылық, барлығы:

мың теңге

 

 

2 129 670 

888,9

2 606 658 105

2 952 567 234

 »;

«

«027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу» **

мың теңге

1 583 

225 553

1 819

 239 105

104 

049 305

2 574 578 073

2 912 495 057

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

«027 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу» **

мың теңге

1 583 

225 553

1 819 

239 105

104 

049 305

2 570 699 721

2 912 

495 057

»;

«

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» 1.1-мақсаты бойынша нәтиже

мың теңге

1 588

 957 728

1 819 

239 105

104 

049 305

2 574 

578 073

2 912 

495 057

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

«Әлеуметтік қамсыздандыру қызметтерін ұсыну» 1.1-мақсаты бойынша нәтиже

мың теңге

1 588 

957 728

1 819 

239 105

104

 049 305

2 570 699 721

2 912 

495 057

»;

 «

«058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» **

мың теңге

4 506 480

5 852 712

9 882 010

10 591 448

10 148 273

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

«058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту»**

мың теңге

4 506 480

5 852 712

9 882 010

9 949 533

10 148 273

»;

«

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу 1.2-мақсаты бойынша нәтиже

мың теңге

4 585 480

6 010 122

10 079 790

11 047 247

10 633 396

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз топтарына қызмет көрсету тиімділігіне жәрдемдесу 1.2-мақсаты бойынша нәтиже

мың теңге

4 585 480

6 010 122

10 079 790

10 405 332

10 633 396

»;

«

068 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру»

мың теңге

 

 

7 812 852

11 263 607

11 897 611

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

068 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру»

мың теңге

 

 

7 812 852

12 122 864

11 897 611

»;

«

056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту»

мың теңге

424 372

296 221

2 176 167

1 120 200

1 191 777

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

056 «Әлеуметтік-еңбек саласын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер, жұмыспен қамту саясатын жаңғырту»

мың теңге

424 372

296 221

2 176 167

1 465 013

1 191 777

»;

«

062 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

мың теңге

 

 

 

110 000

 

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

062 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»

мың теңге

 

 

 

105 567

 

»;

«

«Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» 2.1-мақсаты бойынша нәтиже

мың теңге

37 450 332

101 072 778

9 989 019

12 493 807

13 089 388

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

«Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру және көші-қон процестерін басқаруды қамтамасыз ету» 2.1-мақсаты бойынша нәтиже

мың теңге

37 450 332

101 072 778

9 989 019

13 693 444

13 089 388

»;

«

034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»

мың теңге

82 234

64 451

96 240

99 088

110 670

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

034 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»

мың теңге

82 234

64 451

96 240

98 200

110 670

»;

«

066 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру»

мың теңге

 

106 611

1 651 416

10 652 571

 

12 438 905

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

066 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру»

мың теңге

 

106 611

1 651 416

7 213 133

12 438 905

»;

«

«Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету»                  2.2-мақсаты бойынша нәтиже

мың теңге

206 528

215 372

1 785 440

10 751 659

12 549 575

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

«Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету»                  2.2-мақсаты бойынша нәтиже

мың теңге

206 528

215 372

1 785 440

7 311 333

12 549 575

»;

«

001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

мың теңге

 

7 964 279

3 750 632

4 003 747

3 799 818

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру»

мың теңге

 

7 964 279

3 750 632

4 548 275

3 799 818

»;

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                    М. Әбілқасымова

                                      

КЕЛІСІЛДІ                                        

Қазақстан Республикасының        

Қаржы министрі 

                            

___________  Б. Сұлтанов

 

2018 жылғы  ______________          

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі   

      ___________  Т. Сүлейменов

2018 жылғы _______________ 

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon prikaz_gos.pdf1.84 MB
Microsoft Office document icon sp_2017-2021_kaz.doc754 KB
9 тамыз, 2018 - 10:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші