check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бірыңғай жиынтық төлем енгізу туралы

Мемлекет басшысының өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне қатысу бойынша мәселелерді пысықтауға қатысты тапсырмасын орындау және ол Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сапалы жұмыспен қамтуды және әділ әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Өзгерістер мен толықтырулар 3 кодекске (Салық, Кәсіпкерлік, Бюджет) және 6 Заңдарға («Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы») енгізіледі.

Осы мақсаттарға байланысты, Заң жобаның шеңберінде мыналар ұсынылады:

Бірінші, бірыңғай жиынтық төлемін енгізу арқылы формальді емес өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметін заңдастыру бойынша жүйелі шаралар.

Екінші, «жұмыспен қамтылған» және «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» бірыңғай анықтама, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халыққа жататын санаттар.

Үшінші, әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және зейнетақылық қамтамасыз ету туралы заңдарда төлеушілер санатын біріздендіру.

Ағымдағы жағдай көрсеткендей формальды емес жұмыспен қамтылуға салық органдарында тіркелу және есептен шығу рәсімдерінің қиындығы сияқты факторлар әсер етеді.

Формальды емес жұмыспен қамтылғандардың қызметін заңдастыру үшін салық органдарында жеңілдікпен тіркеуді көздейтін Бірыңғай жиынтық төлем енгізу жоспарланып отыр.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін жалпы режимге қарағанда салық және әлеуметтік төлемдер бойынша ең төмен мөлшерлемелер айқындалады.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеу формальды емес жұмыспен қамтылғандардың қызметін тіркеуге ғана емес, сонымен қатар міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері сараланған, яғни әр түрлі сақтандыру қорларына жарналар сомасын өз бетінше төлеу қажеттілігі жоқ.

Бірыңғай жиынтық төлем табыс алу мақсатында қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылады, алайда олар:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбау;

2) жеке тұлғалар үшін жұмыс істеу, қызмет көрсету;

3) жеке тұлғалардың тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру талаптарын сақтауға тиіс.

Бұл ретте, күнтүзбелік жыл ішіндегі шекті табыс 100 еселенген ең аз жалақыдан аспауға тиіс.

Бірыңғай жиынтық төлем:

  1. сауда объектілерін қоса алғанда, мүліктің сауда объектілерінің аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғаларға;
  2. кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын мүлікті жалға беретін жеке тұлғаларға;
  3. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;
  4. оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
  5. дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдарға қолданылмайды.

Осылайша, Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу формальды емес жұмыспен қамтылғандар үшін:

  • медицинского учреждения медициналық мекемелерді таңдау құқығымен сомасы және түрлері шектелмеген медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
  • жүйеге қатысу өтіліне қарай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және базалық зейнетақы төлемдерін алуға;
  • еңбек ету қабілетін, асыраушысынан айрылу, жүктілік және туу, бала асырап ал, 1 жылға дейін баланы күтіп бағу жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.

Мыналар айқындалды:

  1. Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшерлері қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш, ауылдарда 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
  2. Бірыңғай жиынтфқ төлемді енгізу мерзімі 5 жыл;
  3. Бірыңғай жиынтфқ төлемнің үлесі:
  • жеке табыс салығы 10 %;

- мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар 20 %;

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 30 %;

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына                40 %.

Бірыңғай жиынтық төлем 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады деп жоспарлануда.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» қолданыстағы заңда «жұмыспен қамтылған адам» айқындамасы жоқ, ал «өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам» айқындамасы Халықаралық еңбек ұйымының статистикалық жіктеліміне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санатын атап өтеді.

Бұдан басқа, заңнамаларда «өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам» ұғымы әр түрлі түсіндіріледі.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда жоғарыда көрсетілген терминдерді бірыңғай қолдану үшін мынадай айқындамалар ұсынылады:

Жұмыспен қамтылған адам – ақы және (немесе) кіріс алу үшін мүлікті пайдалану, тауарлар өндіру, тауарларды сату, қызметтер көрсету арқылы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

Тәуелсіз жұмыскер – кіріс алу мақсатында тауарлар өндіру (өткізу), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша дара кәсіпкерлерді, жеке практикамен айналысатын адамдарды, шаруашылық серіктестіктің және акционерлік қоғамдың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері), өндірістік кооперативтердің мүшелерін қоспағанда мемлекеттік тіркелусіз, дербес қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға.

Жалдамалы жұмыскер – еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын жеке тұлға не тәртіптемені және жұмыс істелген уақыт не өндірілген тауардың бірлігі үшін не көрсетілген қызметтер үшін төлемді тапсырыс беруші айқындайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

Заң жобасында жеке тұлғалардың қызметі нысанын, олар алатын табыс көздерін және жұмыс орнын қамтитын жұмыспен қамтылған халықтың санаттары қайта қаралды.

Осылайша, қолданыстағы регламентпен салыстырғанда жұмыспен қамтылған халықтың құрамына жұмыспен қамтыған халық санаты енген жұмыспен қамтылған адамдарды барынша нақтылау ұсынылады.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерді енгізумен қатар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңдарда әлеуметтік төлемдер мен жарналар төлеушілер бір жүйеге келтірілді.

14 қыркүйек, 2018 - 15:48 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші