check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2019 жылғы                    1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                     Б. Сағынтаев

 

 

 

«Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабы 4) тармақшасын іске асыру мақсатында және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерлерін арттыру тәсілдерінің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Сондай-ақ жоба мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 5%-ға индексациялау жолымен халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржылық шығындарды талап етпейді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан қосымша шығыстар 2019 жылы 1 461 млн. теңгені құрайды.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері, сондай-ақ егер ол қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобамен сәйкестендіру қажеттілігі туралы мәліметтер жоқ.

Жоба халықаралық шарт болып табылмайтындықтан, оның одан әрі ратификациялаудың қажеттілігі жоқ.

Жобада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат жоқ. Осыған байланысты жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі. 

Жоба тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты болмағандықтан, оны әкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру талап етілмейді.

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Еңбек және халықты

 әлеуметтік қорғау министрі                                           М. Әбілқасымова

 

 

          2018  жылғы «__» _____________   ___

ТіркемеМөлшер
Package icon pp_rk_gfss.zip51.23 KB
28 қыркүйек, 2018 - 16:24 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші