A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты

есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі

қаулысының жобасына баспасөз релизі

                                                   

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық жалақының ең төмен мөлшері 1,5 есеге - 42 500 теңгеге артады.

Еңбек заңнамасына сәйкес (104-б.) бірінші разрядты жұмыскердің еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген айлық жалақысының ең төмен мөлшері немесе айлық тарифтік мөлшерлемесінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Азаматтық қызметшілердің жалақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы                     31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) айқындалады.

Бүгінгі күні аталған жүйе бойынша бюджеттік саладағы қызметкердің (1-разрядтағы жұмысшының) ең төменгі жалақы мөлшері 28 315 теңгені (БЛА 17697 х 1,60 еңбек өтілі бойынша коэффициент) құрайды және айлық жалақының ең төмен мөлшерін 1,5 есеге арттыру кезінде аталған жұмысшының жалақысы айлық жалақының ең төмен мөлшерінен төмен болады, бұл еңбек заңнамасының нормасына қайшы келеді.

Осыған байланысты, Қаулыға өзгерістер енгізілуде, оларға сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының, техникалық персоналдың және негізгі персоналдың жалақы деңгейі базалық лауазымдық айлықақыға қолданылатын лауазымдық айлықақыларды анықтау коэффициенттерін ұлғайту жолымен арттырылатын болады.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 85,8 млрд. теңге бөлінді (хаттама).

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.  Керісінше бюджеттік саладағы біліктілігі төмен және орташа деңгейдегі қызметкерлердің табысы артады.

5 қазан, 2018 - 15:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші