A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 9 қазанда № 624 қаулысы бойынша баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 9 қазанда № 624 қаулысы қабылданды.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 165-VІ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленіп 8 Үкімет қаулыларына:

- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын тұлғалардың санатын нақтылау бөлігінде;

- қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімін 10 жұмыс күнінен 8 жұмыс күніне дейін қысқарту бөлігінде;

- мемлекеттік корпорация (композиттік қызмет) арқылы зейнетақы төлемдерін алу үшін жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Бірыңғай жинақтау зейнетақы жинақтары бар тұлғалардың жүгіну тәртібін айқындау бөлігінде;

- азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт негізінде жұмысты немесе қызметті орындайтын азаматтарға зейнетақы салымдарын төлеу тәртібін айқындау бөлігінде;

- инфляция деңгейін және зейнетақы жинақтарын ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы салымдары, міндетті кәсіптік зейнетақы салымдары және зейнетақы салымдары сомаларының (алушының жалпы белгіленген зейнет жасына жеткен жағдайда) (мемлекеттік гарантия) арасындағы айырмашылықты өтінішті қабылдаудан басқа проактивті қызметті көрсету тәртібіне төлеу бойынша мемлекеттік қызметке көшу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар қарастырылады.

Қабылданған қаулы құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарға әкелмейді.

16 қазан, 2018 - 15:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші