A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова АҚШ-тың Сауда Өкілдігінің делегациясымен кездесті

АҚШ-тың Сауда Өкілдігінің делегациясымен кездесу

Тамыздың 13 күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде АҚШ-тың Сауда Өкілдігінің делегациясымен кездесу өтті.

Кездесуге қатысқандар арасында америка тарапынан Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша АҚШ-тың сауда өкілінің көмекшісі-Марк Линскотт, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі -Джордж Крол, Саяси және экономикалық мәселелер бойынша АҚШ-тың Сауда өкілінің көмекшісі - Эдвард Грессер және тағы басқалар болды.

Кездесу барысында GSP жүйесі аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бұл дамып келе жатқан елдерге арналған жеңілдіктер жүйесі. Бұл жүйе дамыған елдермен шығарылған тауарларға жеңілдетілген кедендік тарифтерді қамтиды.

Сондай-ақ, тараптар сауда ынтымақтастығы аясындағы мәселелерді және аймақтық ынтымақтастықты дамытуда TIFA механизімін пайдалануды талқылады.   TIFA – Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы  сауда және инвестициялық шектелмелі келісімі. Бұл келісім Қазақстан экономикасының жаһандық және аймақтық жүйесінде заманауи халықаралық процесстерінде интеграциялау құрылымы болып табылады.   

Кездесу соңында тараптар конструктвті диалогқа дайын және ашық екендіктерін айтты. Сондай-ақ, тиімді нәтиже шығару үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Бөлімдер:
26 қазан, 2018 - 13:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші