A A A
Мазмұнына өту

You are here

қорғаншының қамқорлыққа алынған мүгедектік жәрдемақысын алу туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Мадина Ерасылқызы !

ҚР "Неке  (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 125- бабы 2-тармағында   " Қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыларды өз есебiнен күтіп-бағуға мiндеттi емес. Қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу қамқорлыққа алынушының алатын жалақысы, алиментi және басқа да әлеуметтiк төлемдерi есебiнен, сондай-ақ оған тиесiлi мүлiктің есебiнен жүзеге асырылады"- деп көрсетілген.Сонымен қатар,128-бабында " Қамқорлыққа алынушының өз бетінше билiк етуге құқығы бар табыстарын қоспағанда, қамқорлыққа алынған адамның табыстарын, оның iшiнде қамқорлыққа алынушының мүлкiн басқарудан түскен оған тиесілі табыстарды тек қана қамқорлыққа алынушының мүддесінде және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушының табысы ретiнде оған тиесiлi, қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу үшiн қажеттi сома есебiнен ең төмен күнкөріс шегінде шығыстар шығаруға құқылы" деп көрсетілген.Осыған орай, "Халық банк"АҚ қызметкерлері іс-әрекетке қабілетсіз мүгедектің 43275 теңге  әлеуметтік жәрдемақысынан тек ең төмен күнкөріс шегінде  28284 теңге мөлшерінде мүгедектің шотынан қамқоршыға  төлеуде.Толық  әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін қамқоршы және қорғаншы функциясын жүзеге асыратын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің рұқсат хатын банк қызметкері талап еткен.Ай сайын іс-әрекетке қабілетсіз мүмкіндігі шектеулі азаматқа тиесілі жәрдемақыны қамқоршы алу үшін аталған бөлімнің рұқсат қағазын талап етілгені дұрыс па? Сонымен қатар, бұл талап азаматтарды ай сайын әуре-сарсаңға салмайды ма? Себебі, жоғарыда аталған Кодекстің 127-бапта көрсетілгендей әлеуметтік төлем қамқорлыққа алушының өз бетінше билік етуге құқығы бар табыс болып есептеуге және бөлімнің рұқсатынсыз мүгедектің (іс-әрекетке қабілетсіз  кәмелет жасындағы 30 жастағы азамат) шотынан қамкоршының алуға құқы бар  ма?  Бөлім рұқсат берген жағдайда рәсімдеу үшін  қандай нормативтік-құқықтық актіге сүйуену қажет.

Жауап: 

Құрметті, Нурбиби Сеильбековна!

 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 120-бабының 3-тармағына сәйкес «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы   № 382 қаулысы).

Осы Қағидалардың негізінде аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттiң кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын білім беру мен денсаулық сақтаудың уәкілетті органдары, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтiк қорғаудың уәкілетті органдары (бұдан әрі – орган) жүзеге асырады.

Сондықтан, Кодексте көрсетілген қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушының табысы ретiнде оған тиесiлi, қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу үшiн қажеттi сома есебiнен шығыстар ең төмен күнкөріс шегінен асқан жағдайда шығыстар шығаруға рұқсат алу сұрағы бойынша толық ақпарат алу үшін тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органмен хабарласуды ұсынамыз.

 

Сұрақтың нөмірі: 352934
19 қараша, 2018 - 17:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші