A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жеке көмекші

Сұрақ тақырыбы: 

Мен Қызылорда облысы Қармақшы ауданында 1 топ мүмкіндігі шектеулі азаматтқа жеке көмекші болып әлеуметтік қызмет көрсетемін. Менің  Сіздерге қояр сұрағым: Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Қызылорда қаласындағы Талсуат елді мекенінде орналасқан "Мүгедектерді оңалту орталығы" КММ-нде менің жеке көмекшілік  қызмет көрсететін  мүмкіндігі шектеулі азамат  45 күн ем қабылдаған болатын. Осы ем қабылдаған уақытында маған жеке көмекшілікке төленетін еңбек ақым төленеді ме?  Оңалту орталығында ем қабылдап жатқанда мен ол кісінің қасында болған жоқпын ол кісіге оңалту орталығының әлеуметтік қызметкерлері қызмет көрсетті. Бірақ мен Жосалы кентінен апта сайын мүгедек кісіге ауыстыратын киімдерін апарып тұрдым. Қатынаған күндеріме маған еңбекақы төленеді ме? Осы сұраққа тиісті заңдылықтарға сәйкес нақты және толыққанды түсіндірме беруіңізді сұраймын. Алдын ала рахметімді білдіремін.

Жауап: 

Құрметті Ғабит Баймуратович!

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ресми әлеуметтік желіге жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес жеке көмекшішарт талаптарымен мүгедекпен бірге оның тұратын жерінен баратын пунктіне дейін және қайтарда: жұмысқа, оқу орындарына, сондай-ақ мүгедек жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік сала объектілеріне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, спорт ғимараттарына, сауда объектілеріне, медициналық мекемелерге, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және оқуына, жұмысқа орналасуына, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауына және іске асыруына, ақпарат алуына, қажетті құжаттарды ресімдеуіне байланысты мәселелерді шешуі үшін өзге де ұйымдарға барған кезде ілесіп жүру бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсететін маман болып табылады.

Сонымен қоса, осы Бұйрықтың 10,11-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді қоспағанда, жұмыспен қамту бөлімдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін сатып алуды жүргізеді.

         Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеу шарттары, оның ішінде жол жүру шығыстары мен басқалары, сондай-ақ жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері мен ұсынылатын қызметтердің тізбесі шартта ескеріледі.

         Сондықтан көтеріп отырған мәселеңізге байланысты толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуыңыз қажет.

 

Сұрақтың нөмірі: 353001
22 қараша, 2018 - 13:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші