check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 21.05.2013 ж. № 504 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиев бекіткен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін оңтайландыру және ішінара автоматтандыру бойынша жол картасының 1.1.-тармағын орындау мақсатында әзірленді.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаты аталған мемлекеттік қызметті арнайы комиссияны жою жолымен оңтайландыру болып табылады.

Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Қаулы жобасы egov.kz сайтында орналастырылды.

11 желтоқсан, 2018 - 16:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші