A A A
Мазмұнына өту

You are here

қорғаншының қамқорлыққа алынған мүгедектік жәрдемақысын алу туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті  Мадина Ерасылқызы!

Мен  ағымдағы жылдың 9 қарашасында №352934 сұрақпен өтініш білдірген едим. Алайда, нақты  жауап қойылған сұраққа алмадым, қанағаттандырылмаған..Себебі ,cоттың шешімі негізінде іс-әрекетке қабілетсіздігі анықталуына байланысты қорғаншы тағайындалған.Сондықтан бүгінгі таңға  дейн "Халық банк" АҚ қызметкерлері жәрдемақыны қорғаншыға рұқсат қағазсыз төлем жүргізген.Қазір қорғаншыдан  ай сайын мүгедекке тиесілі әлеуметтік жәрдемақыны 43275 теңгені  алу үшін қорғаншы функциясын атқаратын мекемеден (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) рұқсат қағаз алуды талап етіп,толық төлем жүргізбеуде. Осыған орай, түпкілікті көтерілген мәселені заңды шешу үшін, азаматтарды әуре-сарсаңға салмау үшін  жергілікті атқарушы орган қандай нормативтік-құқықтық акті негізінде рұқсатты рәсімдейді? Жауапта "қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органмен хабарласуды ұсынған",Ал, жергілікті атқарушы органда  кәмелет жасқа толған мүгедекке қатысты функцияны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  орындайды. Туындаған сұрақ бойынша   жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тәжірибеде бірінші рет кездесуіне байланысты  шешімін  таппаған соң, кеңес сұраған болатынмын.ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №382 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру туралы"Қағидасында  фукцияны жүзеге асыратын орган:қамқорлыққа алынушының мүлкін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту жөніндегі мәмілелерді жасасуға немесе оның атынан кепілгерлік, осы мүлікті жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға беру немесе кепілге салу шартын, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартуына, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлесті бөліп алуға әкеп соғатын мәмілелерді жасасуға, сондай-ақ қамқорлыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын кез келген мәмілелерді жасасуға қорғаншыға немесе қамқоршыға келісім береді"деп көрсетілген.Ал, жәрдемақы алуға келісім береді деп көрсетілмеген. Сондықтан, алдында жіберген және осы өтінішімді зерделеп, кеңес беруіңізді сұранамын.

 

Жауап: 

Құрметті, Нурбиби Сеильбековна!

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда сот тәртібімен қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырып отырған заңды өкілдерінің міндеттері мен құқықтары қарастырылған.
Кодексте көрсетілген қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушының табысы ретiнде оған тиесiлi, қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу үшiн қажеттi сома есебiнен шығыстар ең төмен күнкөріс шегінен асқан жағдайда шығыстар шығаруға рұқсат алуға:
- мүгедек бала он сегіз жасқа толмаған жағдайда – білім беру басқармасының балалардың құқықтарын қорғау бөліміне;
- он сегіз жасқа толған соң мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органына өтінішті қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қажетті құжаттарыңызбен бірге мекен-жайыңыз бойынша тапсыруға кеңес береміз.
Осы аталған уәкілетті органдар «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларының» негізінде қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу үшiн қажеттi сома есебiнен шығыстар ең төмен күнкөріс шегінен асқан жағдайда шығыстар шығаруға рұқсат алу сұрағын жүзеге асырады (негізі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы).
Осымен қатар, қорғаншының немесе қамқоршының қаражатты жұмсауын бақылау тек қамқор алушының мүддесінде мақсатты пайдалану үшін жүргізетінін атап өткен жөн.

Сұрақтың нөмірі: 353321
25 желтоқсан, 2018 - 09:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші