A A A
Мазмұнына өту

You are here

2018 жылдың қаңтарынан көрсетілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы толық айтыңызшы

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт немесе одан да көп баласы бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмектің құрамына кірді. Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің елу пайызынан төмен отбасыларға еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ұсынылады.

АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.

  • шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе қария зейнеткерлер отбасылары), немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартыла алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.
  • шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен, құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.

Шартты ақшалай көмек кешенді болып табылады және өзіне қолдаудың үш түрін алады:

Бұл:

1) атаулы әлеуметтік көмек төлемі (ақшалай түрдегі жәрдемақы түрі);

2) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

а) жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына жіберу;

б) оқуына, тұратын жеріне, жолына, бір реттік ыстық тамағына (ТжКБ-да оқыған жағдайда) және мемлекет есебінен стипендия төлеуіне шығындарды өтей отырып, оқытуға жіберу;

в) еңбекақысын мемлекет есебінен субсидиялай отырып жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жіберу; өз ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге микрокредит ұсыну).

3)мүгедектерді оңалту шараларын қоса отырып, әлеуметтік арнаулы қызметтер және тағы басқасы кіретін әлеуметтік қызметтер пакетіне мұқтаж жағдайда көрсету

 

14 желтоқсан, 2018 - 15:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші