A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қызметкер азаматтығын өзгертті

Қайырлы күн, Құрметті Мәдина Ерасылқызы! Біздің компания ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады және соңғы кездері қызметкер жұмыс берушіні хабар етпестен шет мемлекеттің азаматтығын қабылдайтын жағдайлар жиі кездесетін болған. Жаңа паспорт бірнеше айдан кейін беріледі, бұл кейін салықтық аударымдармен және көші-қон қызметімен байланыста қиындық тудырады. Төмендегі сұрақтарыма түсініктеме беруіңізді сұраймын:

Жауап:

Сіздің қойған сұрағынызға келесіні хабарлаймыз.

Сіздің кәсіпорныңызда істейтін қызметкердің Ресей Федерациясының азаматтығын алуы онымен еңбек шартын бұзуға негіз болмайды. Бұл жағдайда қызметкермен еңбек қатынастары жалғаса береді.

2014 жылғы 14 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасында еңбек қызметін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жүзеге асырады. Еңбек шартын жасасу жеткілікті.

Бұл ретте ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматтары Қазақстан Республикасына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген және келген күнінен 30 күннен артық уақыт болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қантардағы №148 қаулысымен бекітілген «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларына сай ішкі істер органдарында тіркелуі қажет.

Өз кезегінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексте шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ішкі істер органдарында тіркелу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тартылады деп көзделген.

Тараптардың деректемелері, қызметкердің тұрғылықты мекенжайы және оның тұрғылықты жері бойынша тіркелу туралы мәліметтері, жеке басын куәландыратын құжатының атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі өзгерген кезде (жеке басын куәландыратын құжаттар көрсетілсе) еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіледі.

Еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде, оның ішіндегі басқа жұмысқа ауысу кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 33-бабының 1-тармағына сәйкес жазбаша қосымша келісім жасалады.

Сонымен қатар, мүше мемлекет  еңбекшісі мен оның отбасы мүшелерінің жұмыс істейтін мемлекеттің аумағында уақытша болу (тұру) мерзімі мүше мемлекет еңбекшісі мен жұмыс беруші немесе тапсырыс беруші арасында жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттың жарамдылық мерзімімен анықталады.

20 желтоқсан, 2018 - 10:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші