A A A
Мазмұнына өту

You are here

ШЖК бойынша депозиттен ақша алу

Бұрын, ШЖК тарту үшін рұқсат алғанда, біз өз қызметкерлеріміздің депозиттері бойынша банкке салым салдық. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысына сілтеме жасай отырып, екі қызметкерге біз 916 676 теңге төледік. Осы жылдан бастап бізге ақшаларынызды депозиттен қайтара аласыздар деп айтылды, бірақ біздің банк ақшаны қайтару үшін уәкілетті мемлекеттік органның ресми хатын сұрайды. Біздің әрекеттеріміз құқылы ма? Егер болса, заңның сілтемесін беруді сұраймыз.

Жауап:

Сіз айтқан мәселе бойынша, келесіні хабарлаймыз.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 167 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы Ереженің 8-тармағына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары шетелдік қызметкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс шыққанына растамасы болған кезде, жұмыс берушіге ол енгізген кепілдік жарнаны қайтаруға жазбаша келісім береді.

Сонымен бірге аталған бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 314 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 қарашадағы № 15962 тіркелген) күші жойылды, ол «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жарияланған ағымдағы жылғы 16 қарашада жарияланды және 2017 жылғы 27 қарашада күшіне енді.

Осылайша, шетелдік жұмысшыларға төленген кепілдік жарналарын қайтару үшін жұмыс берушілерге уәкілетті органның келісім хатын беру талап етілмейді.

20 желтоқсан, 2018 - 10:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші