check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қоғамдық-саяси ахуалға әлеуметтанушылық мониторинг нәтижелері және жетекшілік жасайтын салалардағы мемлекеттік саясатқа халықтың көзқарасы туралы

Қоғамдық-саяси ахуалға әлеуметтанушылық мониторинг нәтижелері және жетекшілік жасайтын салалардағы мемлекеттік саясатқа халықтың көзқарасы туралы[1]

Халықтың табыс деңгейін арттыру

Конституциялық кепілдіктерді іске асыруда табыс саясатының және халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың мәні ерекше.

  Еңбекақы төлеу. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖМ) 15,6%-ға өсіп, ағымдағы жылы 28 284 теңгені құрады.

Еңбекке ақы төлеу саласындағы ахуалды талдау республикада бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 2018 жылғы 2-тоқсанда 162 751 теңгені құрап, 2017 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 8,5%-ға өскенін көрсетеді. 2018 жылғы 2-тоқсандағы нақты жалақының индексі 2017 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 102,2%-ды құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналдық ақшалай табысы 2018 жылғы 1-тоқсанда 83 954 теңге деңгейінде қалыптасты және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,2%-ға (76 903) артты.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру

Қазіргі уақытта елімізде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі қолданылады, ол нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келеді және базалық, міндетті ынтымақты және ерікті деңгейлерде мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті бөлуді көздейді.

«2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8%-ға арттырылды, базалық зейнетақы мөлшері 6%-ға арттырылды. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 15 274 теңгені құрады.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгерді. Базалық зейнетақы мөлшері нақты алушының зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне байланысты күнкөріс деңгейінің ең төменгі көрсеткішінен 54%-дан (15 274) 100%-ға дейін (28 284) құрайды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми деректері бойынша 2018 жылғы 1 қыркүйекте зейнетақы жинақтарының жалпы мөлшері 9 805,4 млрд. теңгені құрады. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 10,3 млн. шотты құрады.

Міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша төленген мемлекеттік кепілдік көлемі инфляция деңгейін ескергенде 2018 жылғы шілде айында 4,6 млрд. теңгені құрады, бұл ретте алушылардың саны 37 425 адамды құрады.

2014 жылдың басынан бері жүргізіліп келе жатқан зейнетақы жүйесін жаңғырту нәтижесінде:

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс кезеңінде жұмыс істейтін әйелдерге, олардың зейнетақы жинақтарын көбейтуге және зейнетақымен қамсыздандырудың қажетті деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау. 2018 жылғы тамыз айында республикалық бюджеттен бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін әлеуметтік төлемдерді 74,6 мың алушының жеке зейнетақы шотына МӘСҚ-тан 346,5 млн. теңге аударылды, бұл ретте 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бүкіл кезең үшін субсидиялаудың жалпы көлемі 19,4 млрд. теңгені құрады.

- еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтін жұмыскерлердің пайдасына жұмыс берушілердің қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді. 2018 жылғы 1 қыркүйекте жағдай бойынша (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 31 тамыз аралығында) 10,3 мыңнан астам жұмыс берушілермен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 476,3 мың жұмыскерлердің пайдасына аударылды, аударылған жарналардың жалпы сомасы 150,7 млрд. теңгені құрады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жетілдірілуде. Қолданысқа енгізілген күннен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты 1 031,1 млрд. теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленді.

  2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша МӘСҚ-тан төленетін еңбек қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 14 183 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 16 766 теңгені құрады.

Әлеуметтік қамсыздандырудың басқа салаларында мынадай ахуал қалыптасты.

2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша № 1 және № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың саны 13,9 мың адам болды.

№ 1 және № 2 тізімдер бойынша Мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың арттырылуын ескере отырып, 2018 жылдың басынан бері жәрдемақылардың мөлшері тиісінше 22 656 теңгені және 20 154 теңгені құрайды.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс мөлшерін қайта қарау нәтижесінде оның мөлшері 2017 жылмен салыстырғанда 16%-ға дейін көбейді, тиісінше мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері арттырылды.

Мәселен, 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша аталған жәрдемақыларды 668 212 адам алады. Оның ішінде: мүгедектігі бойынша – 509 163 адам, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты –  159 049 адам. 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері мүгедектігі бойынша –
40 855 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты – 3 117 теңгені құрады.

  Әлеуметтік қорғалуды күшейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету және қолдау жөніндегі қосымша шаралар қабылданды.

а) ана мен баланы әлеуметтік қолдау бөлігінде, 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша:

- бала тууға байланысты жәрдемақыны 23,3 млрд. теңге сомасында 226,5 мың адам алды (бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,1%-ға көп);

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақымен 19,3 млрд. теңге сомасында орташа есеппен 126,3 мың адам қамтылды (бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 16,4%-ға аз);

- мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақыны жалпы 19,5 млрд. теңге сомасында орташа есеппен 80,0 мың адам алды.

б) халықтың осал санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша

- атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күнкөрісі төмен отбасын қолдау мақсатында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді, мәселен 2018 жылғы 1 қыркүйекте 488 082 адам  (94 302 отбасы) атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылады, оның ішінде – 73 665 адам (18 482 отбасы) шартсыз ақшалай көмекті алушылар; 414 417 адам (75 820 отбасы) шартты ақшалай көмекті алушылар, бұл ретте тағайындалған сома – 16 738,1 млрд. еңгені құрады. Көрсетілген кезеңге АӘК-тің орташа мөлшері – 4 286,7 теңгені құрады.

- 2018 жылғы 1 шілдеде тұрғын үй көмегі 56,2 мың отбасыға, 1 465,4 млн. теңге сомасында көрсетілді (2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,0%-ға азайды). Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 4 341,7 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,3%-ға көп.

2018 жылғы 2-тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 4,7%-ды құрады.

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша, әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту реформасы жүргізілуде, мемлекеттік, жеке және үкіметтік емес секторларда стационарлық, жартылай стационарлық және үйдегі күтім, уақытша болу бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары кезең-кезеңімен енгізілуде.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын іске асыруға 2017 жылы 978,8 млн.теңге мөлшерінде нысаналы ағымдағы трансферттер игерілді.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен:

- 114 стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеде 23,4 мыңнан астам қарт пен мүгедек, оның ішінде мүгедек балалар;

- 99 жартылай стационарлық үлгідегі мекемеде (күндіз болу бөлімшелері, оңалту орталықтары) 14,2 мың адам;

- қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бойынша 506 бөлімшеде 55,7 мың адам;

- 26 Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу орталығындағы, оның ішінде түнде болу және әлеуметтік патруль бөлімдерінде 13,2 мың адам қамтылды.

- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 6 дағдарыс орталық-приютта 1 мыңнан астам адам қамтылды.

2018 жылғы 1 қаңтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік тапсырыс 16 өңірде 9,2 мыңнан астам адамды қамтитын 130 үкіметтік емес ұйымда жүзеге асырылды.

- мүгедектерді әлеуметтік қорғауда және оларды қоғамның өміріне етене қатысуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудағы (анықтама үшін: қазіргі кезде республикада 670 мыңнан астам мүгедек тұрады, оның ішінде 416 мыңы еңбекке қабілетті, 84 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар) жұмыс Қазақстан  Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар (бұдан әрі – Іс-шара) жоспарына сәйкес жүргізілуде.

2016 жылдан бастап Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) басталды.

2017 жылы Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен жүріп-тұрудың арнайы құралдарының тізбесі кеңейтілді, бұл көру қабілеті бұзылған жандар үшін жаңа тифлотехникалық құралдар; міндетті гигиеналық құралдар; физикалық бұзылу салдарынан өз бетінше қызметі қиындатылған мүгедектер үшін қосымша техникалық құралдар, есту қабілеті бойынша мүгедектер үшін қимыл тілі мамандарының қызметі 30-дан 60 сағатқа дейін ұлғайтылды; бірінші рет 18 жастан асқан кохлеарлы импланты бар мүгедектерге сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызмет көрсетіледі, 2018 жылдан бастап көру қабілеті бұзылған мүгедектерге брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал, Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе, ине сабақтағыштар, тігін инелері беріледі.

2017 жылы республикалық бюджеттің қолдауымен жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 488 бірлік жол белгісі мен көрсеткіштерді және 45 бірлік жүргіншілер өткеліне дыбыстық құрылғылар орнатты.

Мүгедектердің негізгі тіршілік салаларында пайдаланылатын нысандар мен қызметтерге қол жетімділік бағасы жүргізіледі. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 31,5 мың нысан паспортталған, оның 21,1 мыңы бейімдеуге жатады, 18,2 мың нысан бейімделді.

Еңбек қатынастары

Еңбек саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік диалогты дамыту, туындаған еңбек шиеленісінің алдын алу және шешу бойынша шаралар қабылдануда.

Еңбек қатынастарын жетілдіру мақсатында Әлеуметтік шиеленісушіліктің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу жөніндегі кешенді жоспар (бұдан әрі – Жоспар) (2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 1295 ҚБПҮ ҚР ҮҚ) іске асырылуда. Жоспар шеңберінде еңбек ұжымындағы еңбек шиелінісі деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің критерийлері мен жүйесі ай-сайын әзірленеді. 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша наразылық акцияларының саны 2-ні құрады (Астана қ., Маңғыстау облысында);

Кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмысшыларды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негіздеріне оқыту жұмысы жалғасуда 2018 жылғы 2-тоқсан қорытындысы бойынша облыстардың, Астана және Алматы калаларының жергілікті еңбек инспекциясы органдары еңбек заңнамасы жөнінде 1 468 семинар өткізді.

Өндіріс жағдайларын (тәуекелді бағалау жүйесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды, кәсіпорындарды аттестациялауды енгізу) жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Анықтама үшін: 2018 жылғы 1 шілдеде еңбек жағдайлары бойынша аттестацияланған объектілер саны 3 459-ды құрады (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 651 объекті), еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша енгізілген халықаралық және ұлттық стандарттар саны 2018 жылғы 1 қаңтарында – 1 752-ні құрады (2016 жылы – 1 476).

2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша өндірісте 975 адам жарақат алды (өткен жылдың ұқсас кезеңінде – 1 070 адам), бұл ретте қаза тапқандардың саны 133 адамды құрады (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 152 адам).

Жұмыс берушілердің еңбек жағдайларын тұрақты түрде жақсартып отыруға мүдделілігін арттыру мақсатында 2014 жылдан бастап өндірістік объектілерді аттестациялау нәтижелерімен расталған зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларын жойған жағдайда жұмыс берушілерді міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатуды көздейтін зейнетақымен қамсыздандыру туралы норма қолданылады.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес 2018 жылғы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша мерзімінен кешіктірілген (3 айдан артық) жалақы бойынша берешек 28 кәсіпорынның 2 104 жұмыскері алдында 428 млн. тенгені құрады (2017 жылғы 6 қыркүйекте 18 кәсіпорынның  1 772 жұмыскері алдында 239,5 млн. теңгені құраған).

Жалақы бойынша берешек көбіне Шымкент қаласында (192,8 млн. теңге), Түркістан (56,6 млн. теңге) және Жамбыл (55 млн. теңге) облыстарында орын алды.

2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 743 тексеру жүргізіп, еңбек заңнамасы бойынша 8 801 бұзушылық анықтады. Анықталған бұзушылық нәтижесі бойынша ұйымдардың заңды және лаузымдық тұлғаларына мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 295,2 млн. теңгеге 1 964 айыппұл салды (2017 жылғы 1 қыркүйекте – 326,2 млн. теңге).

Өндіріс жүрісінің тұрақтылығы үшін, еңбек құқығын қамтамасыз ету және жұмысшыларды жұмысқа орналастыру мақсатында облыс әкімдіктері, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында 2015 жылдан бастап меморандумдар жасалады. 2018 жылғы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша жасалған меморандумдар саны – 115,1 мыңды құрады, оның ішінде ірі кәсіпорындармен – 1,6 мың (қамту 81,2%) және орта және кіші кәсіпорындармен – 113,5 мың (қамту – 67,9%).

Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамытуда, барлық деңгейде үшжақты комиссия жұмыс істейді.

2018 жылғы 31 қаңтарда Үкімет, жұмыс берушілердің республикалық бірлестігі және республикалық кәсіподақтар арасында Мемлекет басшысы Үшінші жаңғыруда қойған міндеттерді іске асыруға бағыттылған 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісім жасалды.

Бас келісімде экономиканы технологиялық жаңғырту, халықты формальды және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, адами капиталдың сапасын, еңбек жағдайлары мен оны қорғауды, сондай-ақ өндірістік әрі экологиялық қауіпсіздікті жақсарту қамтылған.   

Кәсіпорындар мен ұйымдарды ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамту және оған мониторинг өткізу бойынша жұмыс жалғасуда. 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ұжымдық шарт жүйесімен 79,8 мың кәсіпорын, немесе қолданыстағы кәсіпорындардың 34,1%-ы қамтылды. Бұл ретте ірі және орта кәсіпорындардың 89,9%-ы ұжымдық келісім шарт жасаған.

Еңбек нарығы және жұмыспен қамту

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) күшіне енді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы).

2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушылар қатарына 430,3 мың адам енгізілді, оның ішінде жұмыссыздар – 354,9 мың адам (82,5%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 75,3 мың адам (17,5%). Бұл ретте, 29 жасқа дейінгі жас азаматтардың үлесі – 34,5%-ды, әйелдердің үлесі 44,3%-ды құрайды.

Бірінші бағыт бойынша оқыту бойынша шаралар шеңберінде екі тетік қолданылады:

бірінші тетік – тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан жастарды мектеп бітіргеннен кейін оқу орындарына түспесе 2,5 жылға дейін колледждер базасында тегін кәсіптік-техникалық оқыту.

Екінші тетік – кәсіпорындарды тарта отырып колледждердің және «Атамекен» ҰКП оқу орталықтарының базасында 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде дуальды оқытудың қысқа мерзімді курстары.

Оқуды еңбек нарығында қажетті дағдылар мен білімдерді алуды қажет ететін барлық жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өте алады.

Сонымен қатар, шалғайдағы ауылдық аудандарда және ауылдарда оқу дағдыларына оқыту бойынша пилоттық режимде мобильдік оқу орталықтары іске қосылды.

Қазіргі таңда 421 техникалық және кәсіптік оқыту ұйымында, 5 пилоттық өңірдегі (Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Қостанай, Маңғыстау) 7 мобильдік оқу орталығында және «Атамекен» ҰКП тізіліміне кірген жұмыс берушілер жанындағы 354 оқу орталығында 6 айға дейінгі қысқа мерзімді оқу жүзеге асырылады.

Аталған бағыт шеңберінде былтырғы жылдан бері ТжКОҰ бойынша   20 170 адам оқуды жалғастыруда. Бағдарлама қатысушылары стипендиямен, бір жолғы ыстық тамақпен және жол жүруге материалды көмекпен қамтылған.

2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 35 089 адам жіберілді (2018 жылға жоспар – 37 249 адам).

Екінші бағыт бойынша микрокредит беру тетіктері ауылдық және қалалық елді мекендерде де кеңейтілді.

Осы бағыттың негізгі міндеті жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін кепіл мүлкі жоқ азаматтарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтардың микрокредиттерге қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Микрокредиттер жылдық 6%-бен, 7 жылға дейінгі мерзімге 8000 АЕК- ке дейін, бұл ретте кепілдің жеткіліксіз көлемінде жеке ісін бастағандар үшін 85%-ға дейін және қолданыстағы кәсіпкерлер үшін 50%-ға дейін кредиттерді кепілдендіру тетігі қолданылады.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Атамекен» ҰКП арқылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша өткізіледі.

2018жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 30 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте 17,7 мың адам жіберілді.

Бағдарламаға сәйкес қалаларда микрокредит беруді екінші деңгейдегі банктер арқылы, микроқажылық ұйымдар (бұдан әрі – МҚҰ) іске асырады.  «Даму» КДҚ» АҚ оператор болып табылады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, кредиттік серіктестіктер және МҚҰ арқылы іске асырылады. «Аграрлық кредиттік корпорация» оператор болып табылады.

Аталған бағыт шеңберінде есепті кезеңде 6 341 микрокредит (жоспар – 14 208), оның ішінде ауылда – 3 734 адамға, қалаларда – 691 адамға берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде мынадай міндеттер іске асырылады:

1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда жәрдемдесу, оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультациялар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру: еңбек ресурстарының ұтқырлығының міндеті шеңберінде Үкімет айқындайтын өңірлерге өз еркімен қоныс аударған адамдарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету көзделген. Бұл өңірлік диспропорцияларға байланысты, олар алдағы уақытта күшейетін болады.

Анықтама үшін: Үкімет ішкі қоныс аударушыларды қабылдайтын төрт өңірді (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) және бес шығу өңірлерін (ОҚО, Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) айқындады.

3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру. Жұмыс іздеу, азаматтардың белгіленген санаттарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қолдау үшін Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық жүйесі немесе Еңбек биржасы құрылды.

Аталған жұмыс қолданыстағы enbek.kz платформасының базасында іске асырылады.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде есепті кезеңде барлығы 354 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде бос орындарға (тұрақты жұмыс орындарға) 239,5 мың адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарына 19,0 мың адам жіберілді немесе жоспардан 113%-ы (жоспар – 16,9 мың адам). Жастар практикасына 22 мың адам немесе жоспардан 103%-ы жіберілді. Қоғамдық жұмысқа орналастыру шаралары 69,4 мың адамға көрсетілді (жоспар – 75,3 мың адам).

Жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізуде.

2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 236,1 мың, оның ішінде тұрақты – 78% жаңа жұмыс орны құрылды (немесе 184,5 мың жұмыс орны).

Салалар бөлінісінде жұмыс орындарының анағұрлым көп бөлігі құрылыста – 30,6 мың, ауыл шаруашылығында – 22,8 мың, саудада – 21,8 мың жұмыс орны құрылды.

Облыстар бөлінісінде ең көп құрылған жұмыс орындары:

-Алматы облысында – 23,8 мың жұмыс орны

- Алматы қаласына – 21,3 мың жұмыс орны келеді.

2018 жылғы 2-тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,9% деңгейде қалды.

         Жұмыспен қамтылғандардың саны 8 541,0 мың адамнан 8 637,5 мың адамға дейін көбейді. Жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 25,3%-дан 23,9%-ға дейін төмендеді.

         Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас аралығындағы азаматтар) 3,9%-ды құрады (2017 жылғы 2-тоқсанда – 4,1%).

Көші-қон процестерін реттеу (Министрліктің құзыреті бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында республикаға шетелдік мамандарды тарту үшін жыл сайын квота белгілейді.

2018 жылға арналған квота республиканың экономикалық қызмет түрі бойынша жұмыс күніне 0,46%-ы мөлшерінде белгіленді.

Шетел жұмыс күшін тарту мәселесінде басымдық жоғары білікті мамандарға беріледі. 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың еңбек қызметтерін жүзеге асыру үшін 23 604 рұқсат берілді, оның ішінде мамандар – 77,9% (1-3 санат), білікті жұмыскер – 7,6% (4 санат), 8,4%-ы маусымдық шетел жұмыскерлері, сондай-ақ аударылатын корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 6,1%.

Еңбекші мигранттар шыққан негізгі елдер Қытай (6 954), Түркия (1 952), Үндістан (1 451), Ұлыбритания (1 387) және Украина (983) болып табылады.

Оралмандардың көші-қоны. 1991 жылдан бастап 2018 жылғы 1 шілде аралығында 299 761 отбасы немесе 1 034 379 этникалық қазақ, оның ішінде 2018 жылғы 1 шілдеде 5 411 отбасы немесе 9 301 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды.

Оралмандардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан – 49%, Қытайдан – 40%, Моңғолиядан – 4%, Ресейден – 4%, Түркменстаннан – 3%, және 3,7%-ы басқа елдерден келген оралмандар.

Оралмандардың ең көбі Алматы – 31%, Оңтүстік Қазақстан – 25%, Маңғыстау – 10% облыстарына және Астана қаласына – 9% қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағы адамдар саны 65%-ды, 18 жасқа дейінгі балалар – 26%-ды және зейнеткерлер – 9%-ды құрайды.

Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті оралмандар санының 15%-ы жоғары білімді, 26%-ы арнайы орта білімді, 53%-ның жалпы орта білімі бар, 6%-ның білімі жоқ.

 

[1] Жетекшілік ететін салалардың 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prilozhenie_kaz.doc136 KB
20 желтоқсан, 2018 - 15:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші