check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

2018 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң бойынша ақпарат

1. Жалақының ең төмен мөлшерiн жоғарылату және оны ең төмен күнкөріс деңгейіне байланыстыруын алып тастау бойынша түсініктеме

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы  Президентінің тапсырмасы бойынша жалақының ең төмен мөлшерi (ЖТМ) 1,5 есе көтерілді, ЖТМ белгілеу ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болмайды. Жаңа жылдан бастап ЖТМ 42 500 теңгені құрайды.

 Бұл ретте ең төмен күнкөріс деңгейі ЖТМ белгілеу үшін негіз болып табылмайды, сондай-ақ ЖТМ ең төмен күнкөріске деңгейінен төмен болмайтын принцип сақталады.

ЖТМ жоғарылату нәтижесінде 6 млн. астам жалдамалы жұмыскерлердің иемделетін табысы салықтан босатылған табысының көлемін жоғарылату есебінен жылына 15 мың теңгеге дейін өседі.

ЖТМ жұмыскердің еңбек жалақысының ең төменгі стандарт рөлі сақталатынын ескере отырып, 1 млн. аса қазақстандықтар үшін (еңбек жалақысының төмен деңгейімен) жалақының өсуі 2018 жылғы деңгейдің 50%  дейін жетеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның шеңберінде қабылданған барлық заңнамалық түзетулер бірінші кезекте әрбір қазақстандықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

2. «Фрилансерлер» - азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарды орындайтын/қызмет көрсететін жеке тұлғалардың табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мәселесі бойынша өзгерістерге қатысты

Сондай-ақ Заңда көзделген түзетулер «фрилансерлердің» міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ)төлеуіне де қатысты.

Бұл түзетулер МЗЖ төлеу рәсімдерін оңайлатуға бағытталған және жұмыс істейтін азаматтар санаты өкілдерінің көпшілігі, депутаттық корпус өкілдері және жұмыстар/қызметтердің әрбір түрлерін орындау үшін «фрилансерлерді»  тартуды жүргізетін заңды тұлғалар қатары пікірлерін ескереді.

Қабылданған заңнамалық түзетулерді жүзеге асыруда 2019 жылғы бірінші тоқсанда Қағидаларға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

Еңбек қызметін жалдамалы жұмыскерлер ретінде қоса атқаратын (азаматтар жасасқан жеке еңбек шарт шеңберінде) және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС шарттар) жасасқан шарттар бойынша жұмыстарды орындау/қызмет көрсету АҚС шарттары бойынша табыстан МЗЖ төлеу міндеттемелерінен босатылады.

Жеке табыс салығын есептейтін және төлейтін бүгінгі күні салық агенттер болып саналатын заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар, АҚС шарттары бойынша жұмыстарды орындайтын/қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін («фрилансерлер») МЗЖ төлеу міндетті.

Бұл ретте жеке тұлғалармен жасасқан АҚС шарттары бойынша жұмыстарды орындау/қызмет көрсету жеке тұлғаларға өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын дербес төлеу жолымен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу құқығы сақталады.

3. Өтінішсіз негізінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке зейнетақы шоттарын ашуға қатысты

Келесі жағымды жаңалық - жинақтаушы зейнетақы жүйесіне азаматтардың қатысуына байланысты  - көрсетілген Заң шеңберінде көзделген  міндетті зейнетақы жарналарын жаңа салымшылары үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттарын (ЖЗШ) ашу рәсімдерін оңайлату болып табылады.

Егер қолданыстағы заңнамаға сәйкес (2018 жылғы 27 желтоқсандағы өзгерістерді енгізгенге дейін)БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғалар МЗЖ есебінен ЖЗШ  ашу туралы өтінішпен БЖЗҚ бөліміне дербес жүгінуі қажет, ал жаңа тетік бойынша жаңа салымшылар үшін ЖЗШ БЖЗҚ-да – БЖЗҚ-ға бірінші түскен жарна негізінде автоматты түрде ашылатын болады.

Шотты МЗЖ есебінен ЖЗШ өтінішсіз ашу бойынша бұл механизм 2019 жылдың бірінші тоқсанында қабылданатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына өзгерістер енгізген сәттен бастап жұмыс істейді.

Бұл ретте МЗЖ бойынша салымшының жеке куәландыратын, тұрақты тұратын жері туралы қолданыстағы құжаттың деректемелері  және т.б. барлық қажетті мәліметтер БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

15 қаңтар, 2019 - 14:56 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші