A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР ЕХӘҚ министрі М.Е. Әбілқасымованың «Бес әлеуметтік бастаманың іске асырылу барысы туралы» ҚР Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төртінші әлеуметтік бастамасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту арқылы халық табысының артуын қамтамасыз ету үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халыққа микрокредит беру жүзеге асырылуда.

Төртінші әлеуметтік бастамасы шеңберінде 2018 жылы микрокредит беру бағдарламасын қаржыландыру 20 (жиырма) миллиард теңгеге, оның ішінде ауылдарда – 14 (он төрт) миллиард, қалаларда – 6 миллиард теңгеге ұлғайды. Қосымша бөлінген қаражатты есепке алғанда, микрокредит берудің жалпы сомасы 62 (алпыс екі) миллиард теңгені құрады. Оның ішінде 45 (қырық бес) миллиард теңге ауылдық жерлерге (73%) және 17 (он жеті) миллиард теңге (27%)  қалалық жерлерге жіберілді.

2018 жылға арналған  микрокредитпен қамту жоспары 14 мың адамды құрады.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес микрокредиттер микробизнесті ашу, бар бизнесті кеңейту және якорлы кооперацияны дамыту мақсатында беріледі.

Микрокредиттер 5 жыл мерзімге, ауыл шаруашылығы саласында 7 жылға дейінгі мерзімге 6%-дық номиналдық ставкамен беріледі.

Микрокредит берудің  сараланған лимиттері белгіленген, мысалы:

  • Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалалары үшін – 19 млн.теңгеге дейін;
  • басқа қалалар үшін – 15 млн.теңгеге дейін;
  • ауылды жерлерде – 6 млн.теңгеге дейін;
  • якорлы кооперацияны дамытуға – 12 млн.теңге.

Микрокредит беру бағдарламасының операторлары ауылда – Ауыл шаруашылығы министрлігі, қалаларда - Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.

2018 жылы Төртінші әлеуметтік бастаманы тиімді іске асыру үшін Бағдарламаға:

  • ауылдар мен қалаларда микрокредит беру лимиттерін саралауды;
  •  якорлы кооперацияны дамыту үшін ауылды елді мекендерде микрокредит беру мөлшерін 5 мыңнан 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтуды;
  • Бағдарламаға қатысушылар санын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлермен толықтыруды;
  • жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, якорлы кооперация мен ауылшаруашылық кооперативтері қатысушылары үшін кемінде бір тұрақты жұмыс орнын құру бойынша талаптарды азайтуды және тағы басқа нормаларды көздейтін өзгерістер енгізілді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша микрокредит беру бойынша барлығы – 59,5 (елу тоғыз жарым) миллиард теңге немесе  бір жылға арналған жоспардың 96%-ы игерілді, оның ішінде ауылдарда – 45,4 (қырық бес те төрт) миллиард теңге (100 %), қалаларда – 14,1 (он төрт те бір) миллиард (83 %) игерілді.

Өңірлер бөлінісінде қаражатты игеру бойынша жақсы көрсеткіштер Алматы қаласында (2,1 млрд. теңге немесе (161%), Түркістан облысында (оның ішінде Шымкент қаласында) (7,4 млрд. теңге немесе 111% (жүз он бір пайыз), Алматы (6 млрд. теңге немесе 105% (жүз бес пайыз) және Атырау облысында (1,6 млрд. теңге немесе 102%  жүз екі пайыз) байқалады.

Қаражатты игеруден төмен көрсеткіштер  Астана қаласы (72% жетпіс екі пайыз), Маңғыстау 88% (сексен сегіз пайыз), Павлодар (88% сексен сегіз пайыз), Қарағанды (89% сексен тоғыз пайыз) облыстарында байқалады:

2018 жылы барлығы 14 053 (он төрт мың елу үш) микрокредит берілді, оның ішінде ауылдарда – 12 760 (он екі мың жеті жүз алпыс) немесе жылдық жоспардың 116% (жүз он алты пайызы) (11 мың), қалаларда – 1 293 (мың екі жүз тоқсан үш) немесе жылдық жоспардың 43% (қырық үш пайызы) (3 мың).

Ауылдарда микрокредит берудің орташа мөлшері 3,5 (үш жарым) миллион теңгені, ал қалаларда 11 миллион теңгені құрайды.

Берілген микрокредиттердің ішінен Start-up жобаларды қолдауға 9 772 (тоғыз мың жеті жүз жетпіс екі) микрокредит (70%), якорлы кооперацияның жаңа бағытын дамытуға 1 024 (мың жиырма төрт) (7%), жеке істі кеңейтуге 3 257 (үш мың екі жүз елу жеті) (23%) микрокредит берілді.

Осылайша, Төртінші әлеуметтік бастаманы іске асыру толық қамтамасыз етілді.

Экономика салалары бөлінісінде: мал шаруашылығын дамытуға - 76% (жетпіс алты пайыз) (10 699), өсімдік шаруашылығын дамытуға – 2,7% (екі де жеті пайыз) (376), құс шаруашылығын дамытуға –  2,2% (екі де екі пайыз) (307), көлік және қоймалау саласына - 6% (843), тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтерге - 4% (562), өңдеуші өнеркәсіп саласына – 2% (282), көтерме және бөлшек сауда саласына - 1% (141), басқа да қызмет түрлері бойынша – 5,6% (бес те алты пайыз) микрокредит бөлінді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықтың табысын өсіруде микрокредит берудің маңызы зор.

Микрокредит беру шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарынан 13 367 (он үш мың үш жүз алпыс жеті) адам және 1 686 (бір мың алты жүз сексен алты) жұмыссыз адам кәсіпкерлікпен айналысуға, сондай-ақ, өз қызметін заңдастыруға мүмкіндік алды.

Кәсіпкерлікті дамытуда әйелдердің белсенді қатысуын атап өту қажет. Атап айтқанда, 3 033 (үш мың отыз үш) әйел немесе қатысушылардың барлық санының 21% (жиырма бір пайызы) микрокредит алды. Оның ішінде 1 849 (бір мың сегіз жүз қырық тоғыз) әйел алғаш рет жеке ісін ашты.

Микрокредиттер жастар арасында да сұранысқа ие. 2018 жылы 2 048 (екі мың қырық сегіз) (15%) жас азамат кәсіпкерлікпен айналыса бастады, оның ішінде 1 008 (мың сегіз) адам старт-ап жобаларына микрокредит алды.

Микрокредит беру нәтижесінде 9 мыңнан астам адам салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелді.

Сонымен қатар, жұмыс орындарын құру түрінде маңызды әлеуметтік әсер алынды. Микрокредит алған адамдар қосымша 12 613 (он екі мың алты жүз он үш) жұмыс орнын құрды. 

Бағдарлама шеңберінде микрокредит алу шарттарының бірі «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бизнес негіздеріне оқыту болып табылады.

Бұл жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге іске асырылуда.

2018 жылы оқумен 28,3 (жиырма сегіз де үш) мың адам немесе жылдық жоспардың 100%-ы қамтылды, оның ішінде 19,4 мың (он тоғыз мың төрт жүз) қатысушы бизнес-жобаларын қорғап шықты, ал 7,7 (жеті мың жеті жүз) адам микрокредит алды.

2018 жылы оқыту қорытындысы бойынша бизнесін бастаған қатысушылардың 95%-ы (тоқсан бес пайызы) бюджетке салық аудара бастағанын атап өткен жөн.

2019 жылға арналған міндеттерге жеке тоқтала кетсем.

Ағымдағы жылы микрокредит беру бағдарламасын қаржыландыру көлемі 62 (алпыс екі) млрд. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 54 млрд. теңге, жалпы сипаттағы трансферттер – шамамен 8 млрд. теңге.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нұсқамасына сәйкес ағымдағы жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен  микрокредит беруге көзделген қаражат Бағдарламаның басқа іс-шараларына қайта бөлінгенін ескерсек, жергілікті атқарушы органдарға ағымдағы жылдың басында бюджетті нақтылау кезінде 8 млрд. теңге сомасында қаражатты толықтыру қажет.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы бөлінген қаражат есебінен 14 мың адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде 12 мың адамды, ал қалаларда 2 мың адамды микрокредитпен қамту міндеті қойылды.

Микрокредит беру бойынша көрсеткіштерді орындау үшін Бағдарлама операторларына өңір әкімдіктерімен бірлесіп, үш жақты кредиттік келісімдерге қол қоюды тездету және бөлінген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылып, соңғы қарыз алушыларға жетуін қамтамасыз ету қажет.

Назарларыңызға рақмет!

22 қаңтар, 2019 - 10:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші