A A A
Мазмұнына өту

You are here

ЕХӘҚ вице-министрі С.Қ. Жақыпованың Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті әріптестер!

Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекет тиімділігінің мақсаты мен критерийі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын арттыру болып табылады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тапсырмаларды іске асыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық қажетті шараларды қабылдап, бүгінгі күні келесі жұмыстарды атқарды.

Біріншіден, Мемлекет басшысының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру бойынша тапсырмасын орындау үшін Министрлік әлеуметтік төлемдердің параметрлерін қайта қарау бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта әлеуметтік сақтандыру жүйесінде әлеуметтік қатердің үш түрі бойынша параметрлерді қайта қарау ұсынылады. Ол – еңбек ету қабілетін жоғалту, асыраушысынан және жұмысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдер. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді.

Бұл әлеуметтік қатер туындаған кезде азаматтардың әлеуметтік сақтандыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуға ынталандыруды, тиісінше, еңбек қатынастарын формализациялауды қамтамасыз етеді.

Заңнамаға әлеуметтік сақтандыру бойынша тиісті түзетулер енгізіледі.

Екіншіден, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды әзірлеу бойынша

Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды қоғамға толық интеграциялау үшін жағдайлар жасауға арналған кешенді және ведомствоаралық тәсілді қамтамасыз етуге тиіс.

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және  құқығын қамтамасыз ету бойынша  жеті басым бағыт белгіленді. Олар:

Денсаулық профилактикасы – мүгедектік патологияларын азайту.

Инклюзивті білім беру – бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Дербес мобильділік. Қолжетімді орта.

Енбек және жұмыспен қамту – өмір сүру деңгейін арттыру.

Әлеуметтік оңалту мен абилитацияны дамыту.

Мүгедектік проблемаларына көзқарасты өзгерту.

Әлеуметтік қызметкерлердің кадрлық әлеуетін дамыту.

Бақытжан Әбдірұлы, Сізден Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қоғамдық даму министрліктерінің басшыларына Ұлттық жоспардың бейінді бөлімдерін сапалы пысықтау, оны іске асыру үшін бюджет қаражатының белгілі көлемін қажет ететін стратегиялық шаралар кешенін айқындау тапсырмасын беруіңізді сұраймын.

Ұлттық жоспардың жобасы азаматтық қоғамның кең талқылауына шығарылады.

Айтылғанның негізінде, Бақытжан Әбдірұлы, Сіздің келісіміңізбен Ұлттық жоспар жобасы 2019 жылғы мамыр айында енгізілетін болады.

Үшіншіден, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау, жалақы бойынша берешектерді өтеу мәселелері Министрліктің ерекше бақылауында.

Еңбек қатынастарын реттеудің барлық бағыттары бойынша қатерлерді анықтау жұмысы жүргізілуде.

Өңірлерде прокуратура, мемлекеттік кірістер және әділет органдарының қатысуымен арнайы штабтар жұмыс істейді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2018 жылы 32 мың жұмыскердің алдында 3,7 (үш те жеті) млрд. теңге сомасында жалақы берешегі төленді.

Анықтама: 2019 жылғы 23 қаңтарға жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 139 кәсіпорында 6,3 мың жұмыскердің алдындағы берешек 1,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 100 банкрот кәсіпорынға шаққанда 75%
(4470 жұмыскердің алдында 1,4 млрд. тенге), олар бойынша шараларды Мелекеттік кірістер комитеті «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның шеңберінде қабылдайды.

Жалпы, 2018 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары
8 774 (сегіз мың жеті жүз жетпіс төрт) тексеру жүргізді, оның барысында 11 976 (он бір мың тоғыз жүз жетпіс алты) бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге 5 139 (бес мың жүз отыз тоғыз) ұйғарым берілді және 402,5 млн. (төрт жүз екі миллион бес жүз мың) теңге сомасына 2 492 айыппұл салынды.

Негізгі бұзушылықтар: жалақыны уақытында төлемеу (20%), қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу (20%), жұмысқа заңсыз тарту және жұмыстан заңсыз босату (14%) болып келеді.

Шетелдің қатысуы бар кәсіпорындардағы жағдай бақыланады, оларға қатысты 38,9 (отыз сегіз де тоғыз) млн. теңгеге 124 (жүз жиырма төрт) айыппұл салынды. (530 бұзушылық анықталды).

Мемлекеттік инспекторлар еңбекті қорғау талаптарын бұзу фактілері бойынша құқық қорғау органдарына 1 400 (бір мың төрт жүз) материал жіберді, олар бойынша 98 (тоқсан сегіз) қылмыстық іс қозғалды.

Жұмыскерлердің еңбек жағдайын профилактикалық бақылау нәтижесінде 2018 жылы өндірістік жарақаттану деңгейі 6,6% (алты да алты пайызға) төмендеді (2018 жылы - 1 568 адам, 2017 жылы – 1 678 адам). 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау - біздің басты басымдығымыз. 2019 жылы, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы аясында  ақпараттық науқанын жүргізуді ұсынамыз. Министрлік тиісті іс-шаралар жоспарын Кәсіподақтар федерациясымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және әкімдіктермен келісті.

Қазіргі уақытта Министрлік Жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған кешенді жол картасын іске асыруға кірісіп кетті. Жол картасы аясында жүйелі шаралар іске асырылады, атап айтқанда, кәсіптік қатерлерді басқаруға негізделетін еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесі енгізіледі; еңбекті қорғау талаптарын сақтауды мемлекеттік, ішкі және қоғамдық бақылау механизмдері жетілдіріледі.

Төртіншіден, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне тарту үшін азаматтардың статусын нақтылау және формализациялау жөніндегі жол карталарын іске асыру жалғасады.

2019 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік дерекқорларда статусы болмаған 2,7 млн. адамның ішінен 1,8 млн. адамның статусы нақтыланды.

Формализациялау жұмысын белсенді түрде жүргізу үшін өңірлерге қалған нысаналы топтар бойынша толық жоспарлар жіберілді. Жыл соңына дейін 915,6 (тоғыз жүз он бес те алты) мың азаматтың статусын нақтылау жұмысын аяқтау жоспарланған.

Қазіргі уақытта нақтылау жұмыстары халыққа қызмет көрсету орталықтары, e-gov порталы, Қазақтелеком және 1414 байланыс орталығы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

 

2019 жылдан бастап жаңа құқықтық режим – Бірыңғай жиынтық төлем енгізілді, ол бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарға және фрилансерлерге кәсіпкерлік қызметін жеңілдетілген тәртіппен тіркеуге және әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.  

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4 мыңнан астам азамат бірыңғай жиынтық төлем жүргізген.

Біз азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерді алуын қамтамасыз ету үшін нақты нысаналы топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде жоспарларды, әдістемелік құралды өңірлерге жібердік.

Бүгінде әкімдіктердің алдында нақтылау каналдары және Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы формализациялау туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеті тұр.

 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет басшысы Үкіметтік кеңейтілген отырысында берген, Министрліктің қызметіне қатысты барлық тапсырмалар ерекше бақылауға алынды және белгіленген мерзімде орындалады.

Баяндамам осымен аяқталады.

Назарларыңызға рахмет!

 

5 ақпан, 2019 - 11:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші