A A A
Мазмұнына өту

You are here

«ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау бойынша берген тапсырмаларының орындалуы туралы» тақырыбына арналған Үкімет сағатына ҚР Еңбек министрінің баяндамасы

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті депутаттар!

Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының ХVІІІ съезіндегі сөзінде негізгі басымдық – азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету және Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамуы болып табылатынын атап өтті.

Президент белгілеп берген әлеуметтік саясат бағыттарына сәйкес Еңбек министрлігі халықтың аз қамтылған топтарының табысын арттыру және оларды қолдау бірінші бағыты бойынша Жаңа әлеуметтік бастамаларды іске асыруға ерекше ден қойды.

Бірінші, бюджеттік саланың жалақысы төмен қызметкерлерінің жалақысын арттыру

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы 1 шілдеден бастап бюджеттік саланың жекелеген қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға дейін арттырылады.

Бұл, тікелей республика бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда қызмет атқаратын 1 миллионнан аса азаматтық қызметшілерді қамтитын болады.

Аталған қызметкерлердің жалақысы олардың лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған еңбек өтілі бойынша коэффициенттерді көбейту жолымен сараланып артатын болады.

Олардың жалақысын арттыруға 2019 жылы республикалық бюджетте 115,7 млрд. теңге, 2020-2021 жылдарға 234,4 млрд. теңге жыл сайын қарастырылатын болады.

Жалақының 30%-ға дейін артуын келесі қызметкерлер алатын болады: 1 разрядтан 8 разряд аралығындағы барлық жұмысшылар, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдардың қызметкерлері.

Мысалы,

Білім беру саласында:

– жалпы білім беретін мектеп мұғалімнің орташа жалақысы 79 088 теңгені құраса, артқаннан кейін - 96 488 теңгені құрайды;

– тәрбиешінің орташа жалақысы 68 912 теңгені құраса, артқаннан кейін - 88 207 теңгені құрайды;

Денсаулық сақтау саласында:

– медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК),  жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК), онкология дәрігерінің орташа жалақысы 108 908 теңгені құраса, артқаннан кейін - 141 580 теңгені құрайды;

– МСАК, ЖМК, онкология мейіргерінің орташа жалақысы  76 398 теңгені құраса, артқаннан кейін - 99 318 теңгені құрайды;

Әлеуметтік салада:

– әлеуметтік қызметкердің орташа жалақысы 71 301 теңгені құраса, артқаннан кейін - 92 692 теңгені құрайды;

Өзге салаларда:

– психолог, логопед, дефектолог МӘМ орташа жалақысы  59 232 теңгені құраса, артқаннан кейін - 75 817 теңгені құрайды;

– әртістің орташа жалақысы 87 458 теңгені құраса, артқаннан кейін - 110 197 теңгені құрайды;

– кітапханашының орташа жалақысы 77 088 теңгені құраса, артқаннан кейін - 96 360 теңгені құрайды.

Әкімшілік персонал:

– бухгалтердің орташа жалақысы 65 992 теңгені құраса, артқаннан кейін - 82 490 теңгені құрайды;

– статистиктің орташа жалақысы 59 374 теңгені құраса, артқаннан кейін - 71 248 теңгені құрайды.

Техникалық персонал және жұмысшылар:

– іс-қағаздарын жүргізушінің, хатшының орташа жалақысы 52 366 теңгені құраса, артқаннан кейін - 62 839 теңгені құрайды;

Екінші, аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша

Аз қамтылған отбасыларды  қолдау үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілгенін білесіздер.

Табысы әр отбасы мүшесіне есептегенде ең төмен күнкөріс деңгейінің 50%-ы критерийінен аспайтын отбасылар аз қамтылған отбасы болып танылады.

 Атаулы әлеуметтік көмек мынадай шаралар кешешнін қамтиды:

біріншіден, шартты және шартсыз түрде тағайындалатын ақшалай төлем;

екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни, оқуға, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу,  микрокредиттер беру, жұмысқа орналастыру;

үшіншіден, әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі.

2018 жылы 571 мың адам немесе 111 мың отбасы АӘК алушы болды. Барлық еңбек етуге қабілетті АӘК алушылар жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
125 мың адамға әлеуметтік бейімдеу шаралары көрсетілді.

Қабылданған шаралар 44 мыңнан астам адамға кедейліктен шығуға мүмкіндік берді.

Президент тапсырмасына сәйкес аз қамтылған отбасыларды, табысы төмен көп балалы отбасыларды атаулы әлеуметтік көмекпен көбірек қамту үшін қазіргі уақытта АӘК тағайындау механизмі жетілдіріліп жатыр.

Президент 2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК көрсетудің жаңа механизмдерін қолданысқа енгізуді тапсырды.

Біз осы жұмысқа кірістік. Сол себепті Сіздің қолдауыңызбен наурыз айында «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заң мен тиісті Қағидаларға өзгерістер енгізіледі.

Біріншіден, АӘК тағайындау критерийін көтеру үшін «Кедейлік шегін айқындау туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізілді.

1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50%-дан 70%-ға дейін, яғни 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін арттырылады.

Жалпы, аталған шаралар 830 мыңнан астам адамды АӘК-пен қамтуға мүмкіндік береді (2018 жылы 571 мың адам қамтылған).

Екіншіден, ай сайын аз қамтылған отбасының әрбір баласына күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде кепілдендірілген көмек (20 789 теңге) көрсетілетін болады. Отбасының ересек мүшелері үшін АӘК мөлшері  бұрынғыдай есептеледі.

Үшіншіден, біз Жиынтық табысты есептеу қағидаларын өзгерттік. 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар және шәкіртақы алып тасталады.

Бұл көмек мөлшерін орта есеппен 40%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сұратылатын құжаттарды оңтайландыру арқылы АӘК тағайындау рәсімі жеңілдетіледі. Барлық қажетті құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұратылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары немесе ауылдық округтер әкімдіктерінің мамандары ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салулар жолдайды.

Өңірлерде электрондық әлеуметтік карталар жасалатынын атап өту қажет. Олар отбасының қажеттіліктерін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын бағалауды көздейді.

Анасы мен 4 баласынан тұратын, еңбек қызметінен түсетін табысы жоқ, тек 10 504 теңгені (1.01.2018 ж. дейін тағайындалған жағдайда) құрайтын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын нақты бір отбасыны мысал ретінде алайық.

Жаңа критерийлерді ескергенде бұл отбасының тағайындалған АӘК 103 945 теңгені құрайды, қолданыстағы АӘК жүйесі бойынша 63 741 теңгемен салыстырғанда 63%-ға өседі.

Мүгедектігі бар балалардың күтімімен айналысатын отбасыларды әлеуметтік қолдауды күшейту бойынша 2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсету бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері артады. Нәтижесінде 100 мың азамат үшін жәрдемақылардың мөлшері 31 183 теңгеден  41 578 теңгеге дейін өседі.

Осылайша, халықты әлеуметтік қорғау және өмір сүру сапасын арттыру шаралары азаматтардың өміріндегі барлық салаларды қамтитын кешенді тәсілді ескере отырып, орталық, сол сияқты жергілікті деңгейлерде кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту шараларын кеңейту бойынша

Біздің алдымызда тағы бір міндет - көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту шараларын кеңейту міндеті тұр.

Ол үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізу көзделуде.

Біріншіден, көп балалы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету, оларға отбасылық бизнес ашу, табысын арттыру үшін жаңа бизнес-идеяларға 505 мың теңге  мөлшерінде өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар беріледі.

Микрокредит беру шеңберінде 2019 жылға жоспарланған 14 мың микрокредит ішінен 5 мың микрокредитті ауылдағы көп балалы отбасылар мен мүгедектігі бар адамдар арасында кәсіпкерлікті дамытуға бағыттау ұсынылып отыр.

Нәтижесінде 15 мың көп балалы отбасы өз ісімен айналысып, табысын арттыруға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, ауылдық жерлердегі көп балалы аналарға және мүгедектігі бар адамдарға өз ісін ашу үшін 6,5 млн. теңгеге дейін және якорлы кооперацияны дамытуға 20 млн. теңгеге дейін жеңілдікті микрокредиттер беріледі.

Екіншіден, ауылдық жерлердегі аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін сұранысқа ие кәсіптерге қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жекелеген жұмыс түрлері бойынша жалақысы субсидияланатын үйде орындалатын әлеуметтік жұмыс орындары ашылады.

Бұл бала күтімі мен еңбек қызметін қоса атқаруға, сондай-ақ қосымша табыс көзін алуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік қызметтер мен қолдау шараларының бірыңғай пакетін енгізу бойынша

Барлық атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен көп балалы отбасылар үшін әлеуметтік қызметтер мен қолдау шараларының бірыңғай пакеті әзірленеді, оны жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.

Бұдан басқа, әр өңірге бюджетінің мүмкіндіктеріне қарай барлық атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен көп балалы отбасылар үшін қосымша қолдау шараларын пысықтау қажет.

Азаматтардың әлеуметтік қызметтердің бірыңғай және қосымша пакетіне қол жеткізуіне мониторинг Министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы қамтамасыз етіледі.

Халықтың саны артып, жаңа отбасылар құрылады, яғни өз үйіне, өз пәтеріне мұқтаждылығы да артылып келеді.

Оның ішінде, ерекше назарда – көп балалы отбасылар. Қазіргі таңда елімізді 340 мың осындай отбасылары саналады, ал оның ішінен 28 мыңнан аса отбасы баспанаға мұқтаж болып, әкімдіктердің кезегінде тіркелген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде 2025 жылға дейін көпбалалы отбасылардың қатарынан, әсіресе жағдайы төмен отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлер салынатын болады. Ол үшін жыл сайын 6 мың пәтер салынып тұрады.

Бұл ресми кезекте тұрған 28 мыңнан аса көп балалы жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді. Өткен жылы
1 193 отбасына баспана берілді.

Осы мақсаттарға алдағы 7 жыл ішінде қосымша жыл сайын 50 млрд. теңгеден бөлу жоспарлануда. Қаржыландырудың жалпы сомасы 350 млрд. теңгені құрайтын болады.

Осы жоспарымызды орындау үшін қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізіп жатырмыз.

Анықтама:

Бірінші жартыжылдықта пәтерлерді беруді жеделдету мақсатында дайын пәтерлерді алу сұрағы жаңа тұрғын- үй нарығында құрылыспен бірге қарастырылуда.

 

Елімізде халықтың әртүрлі топтарына баспананың қолжетімділігіне баспалдақ құрайтын тұрғын үй және ипотекалық бағдарламалары тиімді іске асырылып келеді.

2019 жылы біз республикалық және жергілікті бюджет есебінен 20 мыңнан аса жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй салуды жоспарладық, оның ішінде 1-ші жартыжылдықта
5 мыңнан аса баспана тапсырылатын болады.

Оның ішінде көп балалы отбасыларына 2 мың пәтер беру қажет болады.

Ал өз иелігінде қымбат емес тұрғын үйдің болуын қалайтын көп балалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қосымша шара ретінде Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 20 жылға дейін жылдық 2%-бен жеңілдетілген кредит беру мәселесі пысықталуда.

Аталған тетік ең төмен жалақыдан аз табысы бар, жағдайы төмен көп балалы отбасыларға ұсынылатын болады.

Бұл мақсаттар үшін 25 жылдың ішінде 3 қайтарым жасау үшін республикалық бюджеттен жыл сайын 50 млрд. теңгеден бөлінетін болады, жалпы осы тетікті іске асыруына 150 млрд. теңге қажет болады.

Нәтижесінде 56 мыңға жуық жағдайы төмен отбасылар жеңілдетілген қарыз алып, өз үйіне ие бола алады.

Анықтама:

Мысалы: Пәтер бағасы 8 млн. теңге болған кезде, алғашқы жарна (10%) 800 тыс. теңгені құрайды, қарыз мерзімі 18 жыл,

Ай сайынғы тӛлем кӛлемі:

Алғашқы 8 жыл – 42,1 мың теңге,

Қалған 11 жыл – 27,4 мың теңге

Төлем сомасы пәтер параметрлеріне, бағасына, егер отбасы алғашқы жарнаға қосымша қаражаттар ұсынса немесе ҚТҚЖБ жинақтауы бар болса, және т.б. факторларға байланысты тӛмендеуі мүмкін).

Жылдық 2%-бен жеңілдетілген кредит беруге мынадай талаптар қойылатын болады.

Біріншіден, сатып алынатын пәтерлер жаңа көпқабатты немесе жеке тұрғын үйлерден болу тиіс.

Екіншіден, 10%-дан кем емес бастапқы жарнасы болу қажет.

Бұл ретте бастапқы жарнаны Әкімдік беретін тұрғын үй сертификатының есебінен жабуға болады. Тұрғын үй сертификаттарын алушыларды Әкімдік анықтайды.

Кредит 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Сонымен қатар, жеңілдетілген кредит мөлшері отбасының табысына қарай берілетін болады.

Мысалы:

6 млн. теңге кредит алу үшін табысы 56 850 теңгені құрау тиіс, сонда кредит алушы ай сайын бастапқы 8 жыл – 31 600 теңге, кейінгі 11 жылында 18 898 теңге төлеп тұрады.

15 млн. теңге кредит алу үшін табысы 104 250 теңгені құрау тиіс, сонда кредит алушы ай сайын бастапқы 8 жыл – 79 мың теңге, кейінгі 11 жылында 57 482 теңге төлеп тұрады.

Осындай кредит:

- 4 баладан бастап баласы бар көп балалы отбасыларға;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасыларға;

- кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасыларға берілетін болады.

Баспана еліміздің заңдарына сәйкес бөлінетін болады.

Назарларыңызға рақмет!

18 наурыз, 2019 - 16:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші