A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары жоспарының орындалуы туралы 2018 жылға ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары жоспарының орындалуы туралы 2018 жылға ақпарат

Кадр қызметі басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары жоспарының орындалуы туралы келесіні хабарлайды:

1.1-тармақ бойынша. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылдың 30 қарашасындағы №516 бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық)  көпшіліктің талқылауы үшін 2018 жылғы 27 қыркүйектен 27 қазан аралығында ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына орналастырылды.

Көпшіліктің талқылау қорытындысы бойынша бұйрыққа ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жоқ.

2019 жылғы екінші тоқсанда Министрлік әкімшілік кедергілерді алып тастауға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізуді жоспарлап отыр.

2.1-тармақ. «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» мүгедектікті белгілеу қызметімен композиттік проактивтік нысанда іске қосылды.

2.2-тармақ ҚР Еңбек министрлігінің 2018 жылы 30 қарашадағы
№ 516 бұйрығымен бір реттік пароль арқылы 3 мемлекеттік қызметті көрсету көзделген (тағайындау туралы ақпаратты алу бөлігінде):

1. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау»;

2. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама бер»;

3. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру».

Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау жолымен заңнаманың тиімділігін бағалау және болжамдау мақсатында, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында қолданыстағы заңнамаға тұрақты негізде құқықтық мониторинг жүргізеді.

Құқықтық мониторинг нәтижесі бойынша қолданыстағы НҚА-ға тиісті  өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылданады.

Норма шығармашылық жағдайына, оның ішінде  ҚР Әділет министрлігінің Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге жүргізген заңды сараптама нәтижелері бойынша ескертулері бойынша талдау жүргізіледі.

Талдау нәтижелері басшылықтың назарына жеткізіледі және жиі кездесетін ескертулер Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде жіберілген қателіктер тізбесіне жинақталады, ол да жұмыста ескеру және келешекте осындай қателіктерді болдырмау үшін  құрылымдық бөлімшелерге жолданады.

Осылайша, жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 2019 жылғы
1 қаңтарға дискрециялық өкілеттік анықталған жоқ.

19-тармақ. Министрліктің тиісті қызметтері тұрақты негізде мемлекеттік қызметтегі шектеулер мен мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізеді.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша мүдделер қақтығысына жол беру және мемлекеттік қызметтегі шектеулердің сақталмау фактілері анықталмады.

Мүдделер қақтығысын болдырмау және шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі шектеулерді сақтау мәселелері Министрлік басшылығының  қатаң бақылауында.

31-тармақ. Министрлік мемлекеттік кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізу мәселесін пысықтады. 

Мемлекеттік кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізу бойынша бірыңғай ұстаным әзірлеу мақсатында Министрлік мүдделі мемлекеттік органдар мен кәсіподақтардың қатысуымен кеңес өткізді (2018 жылғы 13 сәуір, 18 мамыр), оның барысында бюджеттік ұйымдардың атқарушы құрамына конкурстық іріктеу жүргізу орынсыз деп шешілді.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылы 31 желтоқсанда № 1193 қаулысына сәйкес еңбекақы мөлшері базалық лауазымдық айлықақыны (17 697 тг.)   қызметкердің санатына байланысты тарифтік сетка коэффицентіне көбейту жолымен есептеледі.

Мысалы, қосалқы персоналға жататын әлеуметтік сала маманының жалақысының мөлшері шамамен 30 мың теңгені құрайды (32 385 тг – кір жуу жөніндегі машинист, қолына 25908 тг. алады, палата санитары – 34 686 тг., қолына 27748 тг. алады). Бұл фактор азаматтық қызметтің тартымдылығына  теріс әсерін қалдыруда.

Осыған орай, кеңес қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуді тек қана бос азаматтық қызметтегі басқарушы лауазымдарға өткізу керектігі туралы шешім қабылданды.

Азаматтық қызмет жүйесінде меритократия қағидаларын нығайту мақсатында аталған түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының Тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) енгізіледі.

32-тармақ. Жоғарыда  көрсетілген Тұжырымдамада  еңбек қатынастарын реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның азаматтық қызметшілердің қызмет этикасының тәртібін әзірлеу және бекіту бойынша құзыретін толықтыру көзделген.

Заң жобасына Тұжырымдама жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2018 жылғы 19 қыркүйекте мақұлдады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес Заң жобасын  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсыну мерзімі – 2019 жылғы ақпан, Қазақстан Республикасының Үкіметіне – 2019 жылғы наурыз, Қазақстан Республикасының Парламентіне – 2019 жылғы мамыр.

49-тармақ. Министрліктің «Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылы 12 желтоқсандағы № 826 қаулысына сәйкес таратылды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ғана жүзеге асырады, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты бойынша курстар білім беру бағдарламаларына кіргізілген.

64-тармақ. Министрліктің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі  2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына бекітуге қол қойды. 

Бұдан басқа, Министрліктің жауапты хатшысының 2018 жылғы 6 ақпандағы  № 37 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

66-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларына сәйкес «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының және ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 4 және  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 20 бірлескен бұйрығына қол  қойылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2019 жылғы 17 қаңтардан бастап  22 ақпанды қоса алған мерзімге белгіленді.

Министрлік  талдамалық  анықтама ұсынылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде сыртқы талдау қорытындысы бойынша шығарылған ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын  дайындайтын болады.

Министрлікте 2016 жылдан 2018 жылдар аралығындағы кезеңге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілмеген.

73-тармақ. Еңбек заңнамасының бұзушылығын алдын алу үшін мемлекеттік еңбек инспекторлары  2018 жылы 8 874 тексеру жүргізіп, оның барысында 11 976 бұзушылық анықтады.

Тексеру барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары  еңбек шартын жасаспай қызметкерлерді жұмысқа тарту бойынша 309 факт анықтаған.

Барлық фактілер бойынша жұмыс берушілерге ұйғарымдар беріліп, кәсіпорындардың басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта Министрлік Е-hr – электрондық еңбек шарттарын  енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде, оның мақсаты электрондық нысанда еңбек шартын жасасу процедурасын заңнамалық тұрғыда реттеу және жеңілдету болып табылады, нәтижесінде еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етіледі және қағаз түріндегі еңбек шарттарынан әрі еңбек шартын жасасу кезінде қағаздағы құжаттарды ұсынудан  бас тартуға мүмкіндік береді.

2018 жылғы шілдеден бастап квазимемлекеттік сектордың ірі  компанияларының базасында Қызметкерлердің профильдерін және  электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесін (бұдан әрі – E-hr) енгізу бойынша пилот іске қосылды. Министрлік электронды еңбек шарттарының қоймасын ашты, жұмыс берушілерге қосымшаларды ІТ компаниялар әзірлейді.

Сонымен бірге, E-hr-да цифрландыруды және роботтандыруды ендіру есебінен еңбек ресурстарын босату бойынша болжамды деректерді және оларды қайта профильдеу және жұмысқа орналастыру шараларын есептеуді енгізу функционалы іске асырылған.

2018 жылғы 1 қарашадан бастап Enbek.kz Порталында кадрлық есепке алудың ақпараттық жүйесі жоқ ұйымдар үшін еңбек шарттарын тіркеу бойынша сервис іске қосылды. 2019 жылы Egov.kz. порталында ұқсас сервисті енгізу жоспарлануда.

Бұдан басқа, Министрлік электрондық еңбек шарттарының құқықтық статусын және жұмыс берушілердің еңбек қатынастары туралы мәліметтерді ұсыну бойынша міндеттемелерін реттеу мақсатында заңнамаға түзетулер пакетін әзірледі.

Сонымен бірге, Министрлік бейресми еңбек қатынастарын анықтау және болдырмау, еңбек қатынастарының жасырын нысандарын қысқарту, азаматтардың еңбек саласындағы құқықтары туралы хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында ағымдағы  жылдың наурыз айында «Еңбек шартын жасау» жалпы республикалық акция жарияланады (бұдан әрі – Акция).

Акцияның мақсаты бейресми еңбек қатынастарын анықтау және болдырмау, еңбек қатынастарының жасырын нысандарын қысқарту, азаматтардың еңбек саласындағы құқықтары туралы хабардарлық деңгейін арттыру болып табылады.

Аумақтарда Акцияны іске асыру мақсатында халыққа бейресми еңбек қатынастарының проблемалары және оның теріс ықпалы туралы  консультация беру үшін «Тікелей желі» құрылды.

Жергілікті атқарушы органдар еңбек қатынастары субъектілерімен еңбек қатынастарын заңдастыруды  насихаттауға арналған 40-қа жуық форум ұйымдастырды.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам жұмыс беруші жұмыскерлермен 37,9 мыңнан астам еңбек шартын жасап, еңбек қатынастарын заңдастырды.

89-тармақ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4) және 7) тармақшаларына сәйкес Министрліктің ведомствоаралық ұйымдары мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік сатып алу туралы толық ақпараты мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады.

99-тармақ. Министрлік Бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жол картасы) іске асырады.

2018 жылы Жол картасын іске асыру нәтижесінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде азаматтардың статустарын өзектендіру бойынша келесі динамика байқалады.

2018 жылдың басынан бері мемлекеттік дерекқорда 2 707,6 мың адамның статусы болмаған. Ағымдағы жылдың 3 қаңтар айына 1 785,7 мың адамның статусы өзектендірілді.

763,8 мың қызметкер еңбек шаттарын жасап, олар бойынша міндетті зейнетақы жарналары түсе бастады, 11,6 мың кәсіпкер өз қызметтерін тіркеді, 11,9 мың адам – жұмыссыздар ретінде тіркелді, 124,1 мың адам – атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 28,7 мың адам – 3 жасқа дейін бала күтімі бойынша әйелдер, жүктілер.

845,6 мың адам – үй шаруашылығындағы әйелдер, студенттер, қайтыс болғандар, жол жүргендер, 18 жастан асқан мектеп оқушылары, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер, АҚС шарты бойынша жұмыс істейтіндер, еңбек шартысыз үйде жұмыс істейтіндер, шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер, оралмандар, арнаулы қызметкерлер, құрылтайшылар және т.б.

Адамдардың негізгі санаттары бойынша өзектендірудің 2018 – 2019 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспары әзірленді. Олардың саны 921,9 мың адамды құрайды, сауалнама кезінде өздерін төмендегідей мәлімдеген:

  • 87,8 мың адам – тіркелмеген жұмыссыздар;
  • 136,8 мың адам – тіркеусіз дара негізде өзін өзі жұмыспен қамтығандар;
  • 13,5 мың адам – еңбек шартысыз жалдамалы жұмыскерлер;
  • 300,2 мың адам – жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатындар;  
  • 383,6 мың адам – шетелге шыққан, қайтыс болған азаматтар, 3 жасқа дейін бала күтімі бойынша әйелдер, жүктілер, мерзімді әскери қызметтегі әскери  қызметшілер, оралмандар, студенттер және т.б.

Барынша қамту, жеңілдету және қолайлы жағдай жасау мақсатында азаматтар үшін өзектендірудің  жаңа каналы әзірленіп, электрондық үкімет, Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚКО) және «Қазақтелеком» АҚ порталы арқылы енгізілді.

Осы жұмыстың нәтижесінде азаматтар электрондық үкімет, ХҚКО, «Қазақтелеком» АҚ порталына кірген немесе «1414» бірыңғай байланыс орталығына хабарласқан кезде олардың статустары автоматты түрде өзектендіріледі.

Сонымен бірге, медициналық мекемелердің ақпараттық жүйелері арқылы азаматтардың статустарын өзектендіру бойынша қосымша каналдар әзірленді.  Медициналық мекемелердің қызметкерлері ЖСН арқылы статусының болмауы туралы хабарлап, оны сол жерде өзектендіреді не электрондық үкімет порталына жібереді.

Бұдан басқа, жұмыс істейтін азаматтар жұмыс берушілер тарапынан еңбек шарттарынсыз жұмысқа мәжбүрлеу және «конвертте» ақша төлеу фактілері туралы әрбір аумақта құрылған жедел ақпарат желісі арқылы хабарлай алады.

2018 жылы 26 желтоқсанда Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы  Заңына (Бұдан әрі – Заң) қол қойды.

Заңның негізгі жаңалығы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) енгізу болып табылады, ол бейресми жұмыспен қамтылғандарды салық органдарында тіркеу тәртібін жеңілдетуді көздейді.  

БЖТ төлеу бейресми қызметті тіркеуге ғана емес, сонымен қатар міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.

БЖТ төлеушілер үшін республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 АЕК (2019 жылы 2 525 теңге) мөлшерінде және басқа елді мекендердің тұрғындары үшін 0,5 АЕК (2019 жылы 1 263 теңге) мөлшерінде табыс салығы мен әлеуметтік төлем бойынша ең төмен ставкалар белгіленген.  

Бұл ретте, күнтізбелік жылға шекті табыс 1 175  АЕК-тен (2019 жылы жылына 2 966  мың теңге, айына 247 мың теңге) аспауға тиіс.

БЖТ қызметін табыс алу мақсатында жүзеге асыратын жеке тұлғаларға келесі талаптарды орындаған кезде оларға қатысты қолданылады:

  1. жалдамалы жұмыскердің еңбегін пайдаланбау;
  2. жеке тұлғалар үшін қызмет көрсету, жұмыстарды орындау;

3) жеке тұлғалардың тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылығынан түскен ауыл шаруашылығы өнімін өткізу.

Жалпы алғанда, бейресми жұмыс үшін БЖТ енгізу:

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға және медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы мен түрлері бойынша шектелмеген медициналық қызметтерге қолжеткізуге;

- жүйеде қатысу өтілімі бойынша зейнетақы жасына келуімен базалық зейнетақы төлемдерін алу және жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қатысу;

- еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілік пен босану бойынша, бала асырап алу, бала 1 жасқа толғанына дейін оны күту бойынша әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.

12 сәуір, 2019 - 09:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші