check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары қандай?

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің, мемлекеттік қолдаудың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын шаралары.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары: кәсіптік оқытуға жіберуді; азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесуді; жастар практикасына жіберуді; әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды; жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуді; мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруды; қоғамдық жұмыстарды қамтиды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі адамдардың құқығы бар.

20 наурыз, 2019 - 11:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші