Ия, еңбек заңнамасы аясында мұндай ұғым алғаш рет енгізіліп отыр.
Бейбәсекелестік туралы талаптың мақсаты – жұмыс берушіге нұқсан келтіруі ықтимал әрекеттерді жүзеге асыруға жұмыскердің құқығын шектеу болып табылады.
Дегенмен, Кодес бойынша бейбәсекелестік туралы шартты жасасу үшін тараптардың өзара келісімі қажет.
Бейбәсекелестік туралы шартта оларды қабылдау шектері мен жағдайлары белгіленеді, сондай-ақ осы жағдай қолданылатын кезеңге өтемақы белгіленуі мүмкін.
Олармен Бейбәсекелестік туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскер атқаратын немесе орындайтын лауазымдардың және қызметкерлердің тізбесі жұмыс берушінің актісімен көрсетіледі.
Келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.