check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

БЖТ азаматтарға не береді?

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) – бейресми жұмыспен қамтылған адамдарға дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін режим болып табылады.

БЖТ ақы алу немесе табыс табу мақсатында жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбастан жұмыс жасай отырып немесе жеке тұлғаларға қызмет көрсете отырып, бейресми қызмет атқаратын жеке тұлғаларға таралады.

БЖТ төлемі азаматтарға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

Біріншіден: міндетті медициналық әлеуметік сақтандыру жүйесіне қатысуға және МӘСҚ енгізілгеннен кейін медициналық мекемеге таңдау құқығына ие болумен медициналық қызметтерге қол жеткізу;

Екіншіден: жүйеде қатысудың ұзақтығына байланысты зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысу және базалық зейнетақы төлемін алу. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинақталған зейнетақы қаражатын толтырудан басқа, БЖТ төлеушілерге олардың еңбек өтілінің тіркелетіндігіне байланысты базалық зейнетақы көлемін ұлғайтылған мөлшерде алуға болады;

Үшіншіден: мүгедектігі, жұмысын, асыраушысынан айырылу, жүктілік және босану, бала асырап алу немесе баланы асырап алу, бала күтімі жағдайында әлеуметтік жәрдемақы алу.

Бұдан басқа төлемдердің тағы бір оң тарапы, өз табысын растау арқылы ол азаматтардың несиеге қабілеттілігін арттырады. Яғни, Сіз жүйелі жарналар жасау арқылы өз төлеу қабыілеттілігіңізді растай отырып, ресми түрде банктен несие ала аласыз.

БЖТ төлеу ерікті түрде азаматтардың өз қалауы бойынша жүргізіледі. Жүйеге қатысу құқығы жеке тұлғалардың өз құқығы, олар Бірыңғай жиынтық төлемді төлемегені үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Қалалық және ауыл тұрғындарының табыстарының айырмашылығын ескере отырып, қалалық тұрғындар үшін БЖТ мөлшері 2019 жылы 1 АЕК (2 525 теңге), ал ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК БЖТ мөлшері белгіленеді.

БЖТ төлеушілері салық есептерін тапсыруға міндетті емес.

Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі:

- жеке табыс салығы - 10 %;

- МӘСҚ әлеуметтік төлемдері - 20 %;

- БЖЗҚ зейнетақы жарналары - 30 %;

- МӘМҚ әлеуметтік аударымдары- 40 % құрайды.

1 сәуір, 2019 - 10:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші