A A A
Мазмұнына өту

You are here

ИПР

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе? Менің сұрағым, ИПР алуды,жұмысқа тұруды мүгедектер үшін жеңілдеу болса екен?! ИПР алу үшін әр дәрігерге қаншама кезек күтіп ,тексерістен өтеміз!Жұмыс істегім келеді,қоғаммен араласқым келеді!! Пропискам Алматы қаласында,баспанам болмаған соң.Түркістан облысында туған туыстардың үйіндемін.

Жауап: 

Сәлеметсізбе Айнур!
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (бұдан әрі – Комитет) Сіздің хатыңызды өз құзыреті шегінде қарап, төмендегіні хабарлайды.
Мүгедектікті белгілеу медициналық ұйымның берген жолдамасы негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу арқылы жүзеге асырылады (негіз: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 жылғы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидасы).
Қағидалардың 31 – тармағына сәйкес, жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне байланысты МӘС бөлімшесі 088/у нысанында көрсетілген немесе медициналық ұйымның дәрігерлік консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындысында көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып: медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі – ОЖБ) кәсіптік бөліктерін әзірленеді.
Осыған орай, ОЖБ әзірлеуге жергілікті медициналық ұйымына хабарласуға болатындығын қосымша хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359727
19 сәуір, 2019 - 16:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші