check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жумыска орналаскым келеди, былтыр июльден бастап жумыссыз отырмын таба алмай жатырмын озим 2 баланын анасымын мамадыгым произвотсвенный химик .

Жауап: 

Құрметті Әсел Еркінбекқызы!
Жауабы:
Сіздің сауалыңызды өз құзыретіміз шегінде мұқият қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес мемлекет халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, қазіргі таңда елімізде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама аясында қысқа мерзімдік оқу курстарына баруға, кәсіби мамандықты игеруге немесе кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктері және еңбек ұтқырлығын арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, солтүстік облыстарға ерікті түрде қоныс аударуға және тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар.
Бұдан басқа, республикадағы, оның ішінде барлық бос жұмыс орындары туралы деректерді қамтитын www.enbek.kz мемлекеттік интернет-ресурсынан лайықты жұмыс қарап, резюмелерді осы сайтқа орналастыруға немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қызметін пайдалануға болатынын хабарлаймыз.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның «Еңбек нарығы» ААЖ ақпаратына сәйкес бүгінгі күні Сіз халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінбедіңіз.
Осыған орай, аталған халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуі қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359798
19 сәуір, 2019 - 15:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші