A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаевтың XII АЭФ «Еңбек саласының болашағы» пленарлық сессиясына баяндамасы

Құрметті пленарлық сессияның қатысушылары!

Біз Халықаралық Еңбек Ұйымының Жаһандық комиссиясының еңбек саласының болашағы мәселесі бойынша ұсынымдарын жалпы қолдаймыз. Бүгінгі күні Қазақстан еңбек сапасын арттыру үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша жүйелі шараларды қолға алып келеді.

Еңбек нарығының негізгі индикаторлары тұрақты оң динамиканы көрсетеді.

Жұмыспен қамтылған халықтың саны 2010 жылдан бастап 7%-ға ұлғайып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша  8,7 млн. адамды құрайды.

Бұл ретте жалдамалы жұмыскерлердің саны 1 203 мың адамға өсіп, 6,6 млн. адамды құраса, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны  622 мың адамға  2,1 млн.-ға дейін қысқарды.

Жалпы, кейінгі 10 жылда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны 35%-дан 24%-ға дейін қысқарды, оны Оңтүстік Корея (25%) және Польша (21%) сияқты елдермен салыстыруға болады.

Егер алдағы перспективалар туралы айтатын болсақ,
еңбек нарығына өзгерістер әкелуі мүмкін жаһандық сын-қатерлерге тоқталып өткеніміз жөн.

Бірінші сын-қатер цифрландыруды және 4.0 индустриясы, жасанды интеллект және робототехника сияқты технологияларды дамытумен байланысты.

Екпінді технологиялық даму жұмыс күшінің біліктілігі мен дағдыларына қойылатын талаптарды өзгертеді, олар кәсіптік дағдылармен қатар, қосымша дағдылар тізбегін игеруге тиіс.

Екінші сын-қатер еңбек ресурстары құрылымындағы  демографиялық  өзгерістерге негізделген. Бүкіл әлемде
60 жастан асқан халық санының және белсенділігінің өсуі байқалады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ қажетті дағдыларды игеруге тиіс. Еңбек нарығында жұмыс күшінің инклюзивтілігі артып келеді. Әйелдердің, қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың экономикалық белсенділігі өсуде.

Гиг-экономика дамып келеді, ол «фрилансерлер» санының көбеюі ретінде білінеді. 

Қазақстан алдағы өзгерістерге дайын болуы қажет. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы өзгерістердің ықпалы дамушы елдерде, оның ішінде Қазақстанда, дамыған елдерге қарағанда баяу болатынын атап өткен жөн.

Еңбек министрлігі жаһандық сын-қатерлерді және елде болып жатқан үрдістерді ескере отырып, Қазақстанның болашақ еңбек нарығы туралы пайымын  әзірледі.

2025 жылға халық саны 19,8 млн-ға дейін немесе
1,6 млн.-ға өседі деген болжам бар (2017ж. 9%.).

Жұмыс күшінің саны 6,7 %-ға көбейіп,  9,8 млн. адамды құрайды (2017 ж. 9,0 млн.).

Экономиканың технологиялық жаңғыруын ескере отырып, 2025 жылға кадрларға деген қажеттілік 570 мыңнан астам адамды құрайды.

Орта және жоғары біліктілікті қажет ететін жұмыс орындарының саны 766 мыңға ұлғаяды деп болжануда.

Төмен біліктілікті қажет ететін еңбекке сұраныс қысқарады. Экономиканың дәстүрлі салаларын жаңғырту есебінен осындай жұмыс орындарының саны 530 мыңға азаяды.

Еңбек өнімділігінің өсу аясында жұмыс күшінің (343 мың адам) ауыл шаруашылығынан білім беру, құрылыс, көлік, сауда және басқа да қызметтер сияқты анағұрлым өнімді салаларға  ауысуы байқалады.

Көрсетілген сын-қатерлерді ескере отырып, болашақ еңбек саласындағы жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілетін болады.

***

Бірінші. Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша  Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда.

Мемлекеттік бағдарлама іске асырыла бастағалы
314 млрд. теңге бөлінді (2017-2018 ж.ж. – 190 млрд., 2019ж. – 124 млрд.), екі жылда оған  1,2 млн.-нан астам қатысты, тұрақты жұмыс орындарына 695 мың адам орналастырылды.

Ағымдағы жылы 570 мың азаматты қамту жоспарланып отыр, бүгінгі күннің өзінде бағдарламаға 168 мың адам қатысқан.

Атап айтқанда, техникалық және кәсіптік білім беру шеңберінде тегін оқытумен  53 мың жастарды,  қысқа мерзімді оқытумен 46 мыңнан астам азаматты қамту жоспарлануда.

14 мыңнан астам қатысушы микрокредиттер алады және 35 мың адамды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жіберміз. Бұдан басқа, өз бизнесін іске асыру үшін 
14 мыңға жуық қатысушы, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасы қатарындағы адамдар өтеусіз берілетін мемлекеттік гранттарды пайдаланады.

2019 жылы субсидияланатын  жұмыс орындарына  
115 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылады (жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары).
2017 жылдан бастап 1,1 млн. адам, оның ішінде 70%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

 «Еңбек» бағдарламасының тиімділігін арттыру үшін оны жетілдіру қарастырылуда. 

Мемлекеттік бағдарлама іс-шаралары соңында жұмысқа орналастыруға бағдарланған, халықты микрокредиттеу шарттары мен онымен қамту көлемі кеңейтілді, Бағдарламаның әр шарасы үшін нысаналы санаттардың қатысу критерийлері нақтыланды.

Жастар мен аз қамтылған көп балалы отбасыларға, көпбалалы аналар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарға гранттар мен жеңілдікті микрокредиттер беру түрінде қолдау шаралары көрсетіледі.

Көп балалы аналар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар үшін жұмысқа тұруына, жеке дамуына қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында үйдегі әлеуметтік жұмыс орындары құрылады. Бұл бала күтімі мен еңбек қызметімен қатар айналысуға, қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін мүгедектігі бар адамдардың еңбек құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту басым міндеттердің бірі болып қалуда.

Бүгінде шамамен 112 мың мүгедектігі бар адам еңбек қызметімен айналысады (бұл еңбекке қабілетті жастағы 418 мың мүгедектігі бар адамның 27%-ы). 

Ағымдағы жылы Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар қабылданады. Онда мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдау, оның ішінде олардың лайықты еңбегі бойынша кешенді шаралар көзделеді.

Екінші. Еңбек нарығының инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту бойынша екі нақты жоба іске асырылды.

Бірінші жоба – 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген Электрондық еңбек биржасы.

Биржа – бұл елдегі ең алғашқы цифрлық алаң және вакансиялар мен резюмелердің ең үлкен банкі.

Оған 203 жұмыспен қату орталығының барлығы, 51 жеке агенттік, 4 БАҚ және 7 онлайн-алаң қосылған.

Биржа жұмыс істей бастағалы онда 985 мың вакансия және 732 мың резюме орналастырылды. 630 мыңнан астам азамат Еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты.

Биржаны одан әрі дамыту оның базасында электрондық еңбек шарттарын жасасуды қарастырады. Сондай-ақ Биржа кәсіптік оқыту алаңына айналады, онда жұмыс берушілер сұранысқа ие кадрлар туралы, ал оқу ұйымдары оқыту курстары туралы хабарлай алады. 

Екінші жоба – бұл жұмыспен қамту қызметтерін жаңғырту.  Жұмыспен қамту туралы жаңа заң аясында барлық жұмыспен қамту орталықтары жұмыстың жаңа форматына ауысты.

Енді дағдыларды жеке диагностикалау мен жұмысқа орналастырудың жеке жоспарлары негізінде азаматтар үшін атаулы тәсіл қамтамасыз етіледі. Жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілермен персонал таңдау бойынша кәсіби HR-қызметтер ретінде жұмыс жасайды. Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары құрылды. 

Үшінші. Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту бойынша ұсынымдарын іске асыруда. Ұлттық біліктілік жүйесі еңбек ресурстары біліктілігінің еңбек нарығының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді.     

Бүгінде қажетті нормативтік база жасалды, Еуропалық біліктілік шеңбері негізінде Ұлттық біліктілік шеңбері қабылданды, онда 8 біліктілік деңгейі қамтылған.

Ағымдағы жылы біз 480 кәсіптік стандарт әзірлеуді жоспарлап отырмыз, жалпы, 2020 жылға дейін Қазақстан экономикасының барлық негізгі салаларына шамамен                   550 кәсіптік стандартты бекітеміз.

Төртінші. Еңбек заңнамасының икемділігін сақтай отырып лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету Үкімет қызметінің басым бағыты болып табылады.

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде еңбек қатынастырының жай-күйін сипаттайтын компонент бойынша 2018 жылы 140 елдің ішінен 30-орынға көтерілді.

Еңбек қатынастырын реттеу бойынша қазақстандық модель жұмыскерлер мен жұмыс берушілер мүдделерінің теңгерімі, әлеуметтік диалог негізінде дамып келеді.

Жалдамалы жұмыскерлердің табыстары артуда. Өткен жылмен салыстарғанда орташа айлық номиналдық жалақысы 7,5%-ға артқан  (2017 жылы 163 725 теңгеден 2018 жылы 176 050 теңгеге дейін).

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан халқына ең төмен жалақы 1,5 есе көтерілді (28,2 мың теңгеден 42,5мың теңгеге).

2018 жылы жұмыс берушілер түрлі квоталар мен өтемақыларға жүз он алты миллиард үш жүз миллион (116,3 млрд.) теңге бөлді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда сегіз пайызға (8 %) артық.

Сонымен қатар қазіргі уақытта еңбек қатынастары жүйесі өзгеруде, жұмыспен қамтылудың жаңа түрлері пайда болуда.

Ең нарығында алдағы уақытта болатын өзгерістерді ескере отырып, Министрлік Еңбек кодексіне өзгерістер әзірледі.

Ол өзгерістер мыналарға бағытталған:

  •  жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдалану бойынша қызметін реттеу;
  • жұмыскерлерді афилиирленген компаниялар шеңберінде іссапарға жіберу жағдайларын көбейту;
  • еңбек шарттарын жасасу және еңбек қызметін растау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануды реттеу;
  •  компанияларда кәсіптік қатерлердің алдын алуға, оларды анықтауға, бағалауға және басқаруға негізделген еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты – лайықты еңбек қағидаттарын кеңейту, жұмыскерлер құқықтарының бұзылуына жол бермеу, еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту.

Бесінші. Адамның туғанынан қарттығына дейін әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету.

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындауда. Бұ ретте әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке арналған шығыстар көлемі жыл сайын өсуде және тек республикалық бюджет есебінен жалпы ішкі өнімнің 5%-ын құрайды.

Әлеуметтік қатерлер туындаған кезде жұмыскерлерді қосымша қолдау үшін республикада міндетті әлеуметтік сақтандыру бар. 

Бүгінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры экономикалық белсенді халықтың 70%-ға жуығын (6 млн. адам) қамтыды, жыл сайын 770 мыңнан астам жұмыскер әлеуметтік қатер туындаған кезде төлем алады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі дамып келеді және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі сияқты еңбек өтіліне тікелей байланысты болады.

Қорытындылай келе, сессия қатысушыларына жемісті жұмыс, еңбек пен өмірде толағай табыс тілегім келеді.

16 мамыр, 2019 - 15:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші