A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

                                  

                 А. Мамин                                   

 

 

 

 

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»                      2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының                           (бұдан әрі – Заң) 6бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

2. Заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агент ретінде есепке алынуға жатады.

3. БЖЗҚ-ға төлеуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары агенттің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік есептеу аударым объектісі ретінде ескерілген табыстың 5 пайыз мөлшерлемесі бойынша субсидиялануға жатады.

4. Агенттер жұмыскерге бір айға есептелген табыстың сомасын негізге ала отырып, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын табыстан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

5. Заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер есептелген (есебіне жазылған) және аударылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары туралы, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде заңнамада белгіленген тәртіппен сақтайды.

Заңды тұлға таратылған кезде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледі.

 

2. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) тәртібі

6. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асыру кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) көзделген жұмыскердің барлық ай сайынғы табысы ескеріледі.

7. БЖЗҚ-ға төлеуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары Заңның 25-1-бабында белгіленген мөлшерлемені жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын табыс сомасына қолдану жолымен есептеледі:

            1) заңды тұлғалар үшін – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын жалдамалы жұмыскерлердің ай сайынғы табысы, ол республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінен аспайды;

2) жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жалдамалы жұмыскерлердің ай сайынғы табысы, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінен аспайды;

3) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының 100 пайыздық мөлшері;

4) жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін олар алатын табыстарынан өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарнасын есептеу жүзеге асырылады.

Бұл ретте, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мақсаттары үшін жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін алынатын табыс Заңның 25-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын, олар дербес айқындайтын сома болып табылады.

Табыс болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен 5 пайыз есебінде БЖЗҚ-ға өзінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;

5) арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – БЖЗҚ-ға төлеуге жататын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептелінген және шаруа немесе фермер қожалықтарының жалдамалы жұмыскерлері және басшылары үшін, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

8. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асыру кезінде мынадай:

1)  Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында көрсетілген;

2) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12), 31), 32) және                             53) тармақшаларында, сондай-ақ Салық кодексінің 341-бабы 46) және                         47) тармақшаларында  (жоғалтылған жалақы (табыс) бөлігінде) белгіленгендерден басқа, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есептелетін табысты айқындау кезінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 52) тармақшасы ескерілмейді.

3) Мүгедектер мен Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының                              2) тармақшасында көрсетілген өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған  төлемдер мен  табыс түрлері ескерілмейді.

 

3. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу тәртібі және мерзімі

9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, агент жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.

10. Жұмыс берушінің есептелген міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:

1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар жұмыскерлерге төлеген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер, сондай-ақ  жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.

11. Міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға аударған кезде агент үш данада қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімнің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмаларының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агентке қайтарылады.

 Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарна сомасын және міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтиды.

 Арнаулы салық режимін қолданатын агенттер, шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға Салық кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде МТ-102 форматындағы бір төлем тапсырмасымен «ААЖЖЖЖ» форматында міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңдерді (ай/айлар, жыл) көрсете отырып аударады.

 Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы аудару әрбір ай үшін жеке жүргізіледі.

 Агенттер міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді төлемдерді банк шотын ашпай жүргізген кезде «Кезең» деген жолда, төлемдерді агенттің банк шотынан ақшаны есептен шығару жолымен жүргізген кезде «Төлемнің мақсаты» деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында «PERIOD» деген негізгі сөзде көзделген «ААЖЖЖЖ» форматында қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем құжаттарында көрсетеді.

12. Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы есептемегені, есебіне жазбағаны және аудармағаны үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және өсімпұлды төлеуді агенттер Мемлекеттік корпорацияға кейін БЖЗҚ-ға аударуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бектілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 қазанда № 14365 болып тіркелген Экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау қағидаларымен айқындалатын төлем тағайындау кодын көрсете отырып, Қағидалардың 13-тармағында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жүргізеді.

13. Жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер өз пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын және  жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүргізілетін адамдардың пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудара отырып, төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін, ал оларға қоса берілетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүргізілетін жеке тұлғалардың тізімдерінде мынадай мәліметтер (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарналардың сомалары мен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңді (айын/айларын, жылын) көрсетеді.

14. Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түсетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасы үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.

Мемлекеттік корпорация бір мезгілде электрондық тәсілмен агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматындағы төлем сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін БЖЗҚ-ға жібереді

15. Жұмыскердің  МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде және (немесе) егер оның деректемелерінде қателер жіберілген болса, Мемлекеттік корпорация жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын агенттің шотына қайтарады.

 

4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіріп алу

 

16. Табыс іс жүзінде төленген және қызметкер оны алған кезде агент уақтылы есебіне жазбаған және аудармаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агент мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса, қызметкерлердің пайдасына аударуға тиіс.

     Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы есептейді, есебіне жазады және төлейді.

17. Агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны (есебіне жазбағаны) және аудармағаны үшін өсімпұлды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның актісімен бекітілетін экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдерді тағайындау және оларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібіне сәйкес айқындалатын төлемдерді тағайындау кодтарын көрсете отырып, кейіннен салымшының (алушының) шарты қолданыста болатын БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияның аударуы үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына төлейді.

18. Агенттер жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы аудармағаны үшін өсiмпұл төлеуді осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Әрбір төлем құжаты, оған қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдері даналарының саны, сондай-ақ оларды беру және сақтау тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 13-тармағында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.

Агенттер өсiмпұлды уақтылы аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы төлем құжатын қалыптастыру арқылы әрбір ай үшін жеке-жеке жүргізіледі.

19. Саны елу адамнан асатын жұмыскерлерi бар агент өсiмпұл төлеу кезінде осы Қағидалардың 13-тармағында айқындалған тәртіппен банкке жеке тұлғалардың қағаз және электрондық жеткізгіштердегі тізімін қоса бере отырып, төлем құжатын ұсынады.

20. Төлем құжатына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдері әрбір жеке тұлға бойынша «жарна сомасы» деген бағанды қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсiмпұлдың тиісті сомасы көрсетіледі.

Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған агенттер (алушылар) ғана көрсетіледі.

21. Банктер агенттер төлем құжаттарын көрсеткен кезде жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен Мемлекеттік корпорацияның банк шотына өсiмпұл аударуды жүргізеді.

22. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға ақшаны уақтылы аудармағаны үшін Заңда белгіленген мөлшерде өсiмпұл төлейді.

Мемлекеттік корпорация өсiмпұл төлеу үшін агенттің төлем тапсырмасы негізінде әрбір жеке тұлға бойынша «жарна сомасы» деген бағанды қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелерді қамтитын жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса бере отырып, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тізімге сәйкес әрбір жеке тұлға бойынша бөлінген өсімпұл сомасы көрсетіледі.

23. Келіп түскен өсiмпұл сомаларынан БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақы алуы  жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

24. БЖЗҚ алынған өсiмпұлды жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың шартты зейнетақы шоттарына аударады.

25. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілмей аударылған өсiмпұл агентке қайтарылуға тиіс, келесі аударым кезінде өсiмпұлдың сомасы көрсетілген тізімді ұсынудың кешіктірілген күндерінің санына ұлғаяды.

26. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы агентке кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін Мемлекеттік корпорацияға аударылуға тиіс жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.

Хабарламаның нысаны салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

27. Хабарлама агентке жеке өзіне қол қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табысталуға тиіс. Бұл ретте төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:

1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында агент белгі қойған күннен бастап;

2) электрондық тәсілмен – веб-қосымшада мемлекеттік кірістер органы хабарламаны жеткізген күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) табысталған болып есептеледі. Электрондық тәсіл Салық кодексінің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген агентке қолданылады.

28. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы:

1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің;

2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің банк шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мыналардан:

      Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге тиіс айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан;

      ақшаны:

      өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

      еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін, жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбекақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі клиенттің міндеттемелері бойынша ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша;

      салық берешегін, кедендік төлемдер, салық және өсімпұл бойынша берешекті өтеу бойынша алып қоюдан басқа, агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға міндетті.

      Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісу бойынша бекіткен нысан бойынша шығарылады.

         Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналар:

      Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оны уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге тиіс айыппұлдарды төлеу есебіне кейіннен аудару үшiн ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсыру;

      егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты шығарылған болса, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.

      Агент мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақшаны Мемлекеттік корпорацияға аудару арқылы, қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұлжытпай орындауға тиіс.

      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім берешек сомасы туралы хабарламаны жіберу және ұсыну үшін осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген тәсілдермен агентке жолданады және ұсынылады.

      Мемлекеттік кірістер органының агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кірістер органы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

29. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы мұндай берешектің сомаларын:

1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің;

2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің банктік шоттарынан инкассалық өкімі негізінде мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

Агенттің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада шығарған инкассалық өкімдер негізінде агенттің шетелдік валютадағы банк шоттарынан жүргізіледі.

Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.

Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының  сомалары агенттердің банк шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынған жұмыскерлердің пайдасына тізімді қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.

30. Мемлекеттік кірістер органы пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынған жұмыскерлердің тізімін қоса бере отырып, агенттің банк шотына (шоттарына) инкассалық өкімдерді шығарады.

31. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын ашпай төлеген кезде банктердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.

32. Агенттердің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсiмпұл төлеуін, БЖЗҚ жүргізетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтаруын бақылауды қамтамасыз етуі үшін Мемлекеттік корпорация күн сайын (өткен күн үшін) мемлекеттік кірістер органдарына қате аударылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, сондай-ақ қайтарылған тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын ұсынады.

Мыналар жеке ұсынылады:

1) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер банкке қолма-қол ақшамен енгізген қате есептелген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, қайтарылған сомаларының тізілімдері;

2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілікке, босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұстап қалған, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын, қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналары есепке алынған аударылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.

 Қате аударылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, қайтарылған сомаларының тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Мемлекеттік корпорация мемлекеттік кірістер органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiнен кешіктірмей ұсынады.

 

5. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда агенттердің, алушылардың, Мемлекеттік корпорацияның және БЖЗҚ-ның іс-қимылы

33. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының жеке (немесе) зейнетақы төлемдерiн немесе шартты зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді алу кезінде өсімпұлдың жоқ екенін байқағаннан кейін тиісті мәліметтерді алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателердің анықталғаны және БЖЗҚ-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың аударылғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілген, өзінің жеке басына қатысты жеке тұлғалар тізімдерінің үзінді көшірмесін өзіне беруі жөнінде агентке жазбаша өтініш береді.

34. Агент заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған және тарату процесі аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) агенттің орналасқан жері бойынша архив мекемелеріне, ал тарату өндірісі барысында тарату комиссиясына өтініш жасайды, олар оған төлем құжаттарының расталған көшірмелерін береді. Салымшы (алушы) алған төлем құжаттарының көшірмелерін өтінішпен қоса Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

35. Салымшының (алушының) деректемелерінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды аудару кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда, салымшы (алушы) Мемлекеттік корпорацияға қателерді түзету туралы өтінішпен жүгінеді. Салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға                              3 (3)-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агент беретін растау-анықтама немесе салымшының (алушының) деректемелерінде орын алған өзгерістерді растайтын жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берiледi.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын пайдаланбай аудару кезінде растау-анықтаманың орнына қолма-қол ақшаның жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу есебіне енгізілгенін растайтын түбіртек-хабарламалардың көшірмелері қоса беріледі.

Мемлекеттік корпорация ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілген деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін осы Қағидаларға                      2 (4)-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) өтінішінің электрондық көшірмесін қоса бере отырып, БЖЗҚ-ға электрондық өтінімді ресімдейді.

 36. Агент жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған немесе салымшының (алушының) қателердің анықталғаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда қателерді жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді.

  Жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент осы Қағидаларға 1 (5)-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате аударылған жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішке осы Қағидаларға 4 (6)-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) өзінің шартты  зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші қоса беріледі.

37. Қате есептелген жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға берілген өтініште: агенттің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК), жеке сәйкестендiру коды (бұдан әрі – ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару жүргізілетін салымшының (алушының) деректемелері мен қайтаруға жататын жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады.

38. Қате аударылған жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға агенттер мен банктерден алынған құжаттардың негізінде Мемлекеттік корпорация көрсетілген зейнетақы жарналарының түсу фактісін және олар бойынша бұрын жүзеге асырылған қайтарулардың жоқ екенін тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қате есептелген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімді қалыптастырады.

          Электрондық түрдегі өтінімде: салымшының (алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) қайтаруға жататын өсімпұлдың сомалары мен қайтару себебі көрсетіледі.

          Салымшының өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды шығаруға келісетіні туралы өтінішінің электрондық көшірмесі бар электрондық түрдегі өтінімі ақпаратты тасымалдаудың автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып БЖЗҚ-ға жіберіледі.

39. Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем тағайындалған кезде алушылардың орташа айлық табысын айқындау үшін қабылданған, аударылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомалары қайтарылмайды.

40. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан қате есептелген жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электрондық түрде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате есептелген жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады.

      41. Банктің кінәсінен қате жіберілген жағдайда банк қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға хат жібереді.

      Банктің кінәсінен қате есептелген сомаларды қайтаруға арналған өтініште: БСН, ЖСК, БСК, қате жіберілген төлем құжаттарының референстері мен қайтару себебі көрсетіледі. Хат пен өтініш хаттарға және қате нұсқауды қайтаруға арналған өтініштерге қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмелерімен қоса банктің уәкілетті адамдарының қолымен ұсынылады.

42. Мемлекеттік корпорацияның облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы филиалдары (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның филиалы) және Мемлекеттік корпорация Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылуына және (немесе) жұмысынан айырылуына, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсімпұлды есептеу, ұстап қалу және аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның филиалы қате  аударылған жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінішті Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

43. БЖЗҚ қате есептелген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын Мемлекеттік корпорацияның электрондық түрдегі өтінімінде көрсетілген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың БЖЗҚ-ға нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргізеді.   

44. Мемлекеттік корпорация қате есептелген жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың сомалары БЖЗҚ-дан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен қоса төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.

45. Банк қате аударылған жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың сомалары Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде агентті жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы хабардар етеді.

 

 

Жұмыс берушінің

міндетті зейнетақы жарналарын

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу(есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша

өндіріп алу қағидалары мен

мерзімдеріне

1-қосымша

 

 

Агенттің қате аударылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтаруға арналған

өтініші

     _____________________________

     «Азаматтарға арналған үкімет»

     мемлекеттік корпорациясы      _____________________________

      1. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды төлеушінің (агенттің) деректемелері:

      Атауы ________________________________________________________

      БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша) ___________________________________

      СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша) ___________________________________

      БСК ________________________ ЖСК ____________________________________

      2. Қате жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері

      № ________ күні «___» ____________ 20__ жылғы

     Төлем тапсырмасының жалпы сомасы

____________________________________

      3. Салымшының деректемелері ____________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)

     

    Салымшының ЖСН

________________________________________________

     Салымшы жарнасының сомасы

_____________________________________________

     Қайтарылуға тиіс сома

________________________________________

      4. Мыналарға:

_________________________________________________________________

     (қайтару талап етілетін себеп көрсетіледі, мысалы, қызметкер жұмыстан

      босатылды, ТТК, кезең, агенттің банктік деректемелері, салымшының деректемелері қате көрсетілген, резидент емес және т.б.) байланысты кейінгі төлемдермен түзету мүмкін болмайды.

      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз

____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелер көрсетіледі)

      ________________________________________________________________ ___________________________________________

      (басшының қолы) (бас бухгалтердің қолы)

      ______________________________

      (күні)

 

 

 

 

Жұмыс берушінің

міндетті зейнетақы жарналарын

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу(есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша

өндіріп алу қағидалары мен

мерзімдеріне

2-қосымша

 

Салымшының (алушының) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу туралы

өтініші

 

      Мен, _________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)

     

осы арқылы жұмыс берушінің міндетті  зейнетақы жарналарын аудару кезінде менің деректемелерімде қателер

жіберілгенін хабарлаймын, атап айтқанда: _______________________

      ____________________________________________________________________

      (қателер жіберілген деректемелер көрсетіледі)

     Мынадай деректемелерді жарамды деп есептеуді сұраймын:

     ӘЖК (2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін) _______________________

     ЖСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезең үшін) _____________________

      Т.А.Ә. (бар болса) _____________________________________

      Туған күні ________________________________________________

         Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары  есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      ________________ __________

      (қолы) (күні)

 

 

 

 

 

Жұмыс берушінің

міндетті зейнетақы жарналарын

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу(есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша

өндіріп алу қағидалары мен

мерзімдеріне

3-қосымша

Растау анықтамасы

 

      _____________________________________________________                                            

                                                         ( төлеушінің атауы)

     жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде салымшылар деректемелерінде мынадай төлем тапсырмаларында қателер жіберілгенін растайды:

 

Төлем тапсырмасының нөмірі

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының референсі

Салымшының жеке сомасы

Т.А.Ә. (бар болса) және туған күні
(салымшының дұрыс емес деректемелері)

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

    Мыналар жарамды деп есептелсін

      ЖСН ______________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса) ___________________________________________

      Туған күні ______________________________________________________

      Бірінші басшы ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)

      Бас бухгалтер __________________________________________________

      (Т.А.О. (бар болса) (қолы)     

       Мөр орны

 

Жұмыс берушінің

міндетті зейнетақы жарналарын

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу(есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша

өндіріп алу қағидалары мен

мерзімдеріне

4-қосымша

 

Салымшының (алушының) қате есептелген сомаларды өзінің шартты зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісетіні туралы

өтініші

 

 

      Мен, ____________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)

      ЖСН ___________________________________________________________

     

Осы арқылы менің шартты зейнетақы шотыма қате аударылған

 

________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      ____________________________________________________________________

сомасындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қайтарылуына келісім беремін.

(Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және/немесе өсімпұлдың қате есептелген сомасын бірнеше төлем тапсырмалары бойынша қайтару қажет болған жағдайда, қайтарылуға тиіс сома әрбір төлем тапсырмасына жеке-жеке көрсетіледі)

     

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      _______________ ________________

      (қолы) (күні) 

ТіркемеМөлшер
Package icon gos.zip74.62 KB
Бөлімдер:
20 мамыр, 2019 - 12:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші