A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының № 105-V   Заңының  31-1бабын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан  Республикасы Премьер-Министрінің № 67-Ө өкімінің  2.1.5-тармағын іске асыру үшін әзірленді.

           2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің қаражаты есебінен   жұмыскер табысының 5% мөлшерінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары  енгізіледі.

           Көрсетілген зейнетақы жарналарын төлеуді енгізу азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруда жұмыс берушілердің рөлін күшейтуге және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуға бағытталған.  

            Қаулы жобасында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін  есептеу және жүзеге асыру тәртібі көзделеді.

23 мамыр, 2019 - 12:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші