A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК (бұдан әрі – «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК), «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК-дағы бос лауазымға орналасуға конкурс өткізеді.

Бос лауазымға орналасуға конкурс түрі:

  • «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК аға ғылыми қызметкері – 1 бірлік;
  • «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК ғылыми қызметкері – 1 бірлік;
  • «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК кіші ғылыми қызметкері – 1 бірлік;

Ұйымның қызметі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Аға ғылыми қызметкер:

Лауазымдық мiндеттерi:

Дербес тақырыптарды және де оған қатысты тақырыптар бөлімі болып табылатын (бөлiм, кезең) әзірлемелерді зерттеуде қызметкерлер тобын ғылыми басқаруды жүзеге асырады немесе өте күрделi және жауапты жұмыстардың орындаушысы сияқты ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді өткiзедi. Зерттеу жұмыстары мен әзірлемелерді өткiзудi жоспарлайды және әдiстемелiк бағдарламаларын дайындайды. Тақырып бойынша ғылыми-техникалық мәлiметтерді жинау мен меңгеруді ұйымдастырады, тәжірибелер мен бақылаулардың нәтижелерiн талдау мен ғылыми мәлiметтердің теориялық қорытындысын өткізеді. Оның қол астында жұмыс iстейтiн қызметкерлерден алған нәтижелердiң дұрыстығын тексередi. Өткiзiлген зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерiн енгiзедi.

Бiлуге тиiс:

Өткiзiлетiн зерттеулер және әзірлемелердің тақырыбы бойынша ғылыми проблемалар, тиiстi экономикалық қызмет түрлерi бойынша басшылық ететін материалдар, осы сұрақтар бойынша отандық және шетелдік мәлiметтер, зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи әдiсі мен құралдары, тәжiрибелер және бақылаулар, оның iшiнде ІТ-технологияны қолдана отырып өткiзу, тиiстi экономикалық қызмет түрiнiң экономикасы, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм (техникалық болса жақсы) және тиiстi мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс тәжiрибесi, өнертабыстағы ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға авторлық куәлiк қағаздарының бар болуы. Ғылыми дәрежесі болған, аспирантураны аяқтаған және тағылымдамадан өткен жағдайда - жұмыс стажына талап қойылмайды. 

Ғылыми қызметкер:

Лауазымдық мiндеттерi:

  • еңбек қатынастары және еңбекті қорғау саласында жауапты орындаушы ретiнде немесе ғылыми жетекшiмен бiрлесiп тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер және әзірлемелер өткiзедi;
  • экономиканың әртүрлі салаларының кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жай-күйін талдау және бағалау жүргізуге қатысады;
  • қауптердің туындауын, жарақаттану және кәсіби аурулардың себептерін талдау жүргізуге және оларды азайту мен алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
  • өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізуге, сондай-ақ оның нәтижелерін талдау жене сараптауға қатысады;
  • еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларын жақсарту бойынша озық отандық және шетелдік жұмыс тәжірибесін насихаттауға қатысады;
  • өндірістік тәуекелдерді бағалау жүйесін әзірлеуге және енгізуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар мен нысаналы бағдарламалардың тиімділігін бағалау әдістерін әзірлеуге қатысады.

Бiлуге тиiс:

Өткiзiлетiн зерттеулер және әзірлемелердің мақсаты мен міндеттерін, осы зерттеулер және әзірлемелер бойынша отандық және шетелдік ақпараттар, зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, тәжiрибелер және бақылауларды жүргізудің, ақпаратты жалпылау және өңдеудің заманауи әдiсі мен құралдары, оның iшiнде электронды-есептеуiш техниканы қолдана отырып өткiзу, ғылым туралы заңнаманң негіздерін, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

Тиiстi мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi техникалық бiлiм және мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 2 жыл. Ғылыми дәрежесі болған, аспирантураны тамамдаған және тағылымдамадан өткен жағдайда - жұмыс стажына талап қойылмайды.

Практикалық жұмыста сауатты мазмұндау деңгейінде мемлекеттік тілді міндетті білу.

Кіші ғылыми қызметкер:

Лауазымдық мiндеттерi:

Бекiтiлген әдiстемелерге сәйкес тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдер, тапсырмалар) бойынша ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді жүргізеді. Тәжiрибелердiң орындалуларында қатысады, бақылау және өлшем өткiзедi, олардың сипаттамасын құрайды және қорытындылар қалыптастырады. Зерттелетiн тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпараттарды, отандық және шетелдік тәжiрибенi үйренедi. Тақырып немесе оның бөлiмi (кезең, тапсырма)бойынша есептер (есеп бөлiмдерi) жасайды. Зерттеулер мен өңдеулердiң нәтижелерiн енгiзуге қатысады.

Бiлуге тиiс:

Өткiзiлетiн зерттеулер және әзірлемелердің мақсаты мен міндеттерін, осы зерттеулер және әзірлемелер бойынша отандық және шетелдік ақпараттар, зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, тәжiрибелер және бақылауларды жүргізудің, ақпаратты жалпылау және өңдеудің заманауи әдiсі мен құралдары, оның iшiнде электронды-есептеуiш техниканы қолдана отырып өткiзу, ғылым туралы заңнаманң негіздерін, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

Тиiстi мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм және мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 1 жыл. Ғылыми дәрежесі болған, аспирантураны тамамдаған және тағылымдамадан өткен жағдайда - жұмыс стажына талап қойылмайды. Жоғары оқу орындарының кеңестерiнен (факультеттер) ұсыныс болған айрықша жағдайда кiшi ғылыми қызметкердiң қызметiне жоғары оқу орнында оқу мерзiмі уақытында жұмыс iстеу тәжiрибесін алған бiтiрушiлер (магистратура) тағайындала алады. 

         Құжаттарды қабылдау күні 01.06.2019 ж.

         Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні 15.06.2019 ж.

Түйіндемені қабылдау 05.07.2019 жылға дейін ұзартылды.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бекіткен нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

22 мамыр, 2019 - 10:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші