A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

ұсынылған, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін негіздемелер болған кезде – 5 (бес) жұмыс күніне;

      қосымша құжатты (құжаттарды) талап ету қажет болған кезде – 30 (отыз) жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжатты (құжаттарды) ұсыну қажеттігі туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

      2) порталда – ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      4) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Порталда жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті "портал арқылы" броньдауға болады;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақыны және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір өтініш пен мынадай құжаттарды ұсынады:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

      3) екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесіндегі банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы анықтама, ал дара кәсiпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ нысанасы жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау болып табылатын, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін - мемлекеттік кірістер органы берген табысы туралы құжат (бар болса).

      Ұйым (мекеме) таратылған жағдайда табысы туралы мәліметтер көрсетілген архивтік анықтама немесе мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.

      Табыс туралы анықтамада көрсетілген сомалар салымшының транзиттік шотындағы айналымдардың электрондық үзінді көшірмесіне сәйкес келмеген жағдайда өтініш беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнынан міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы растау анықтамасын ұсынады.

      "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасында төленген табыстары туралы жұмыс берушінің анықтамасын (бар болса) ұсынады;

      5) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:

      еңбек кітапшасы;

      еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кiтапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер болған және әртүрлі оқылған кезде архив мекемелерiнен анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.

      Болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:

      бiлiмi туралы құжат;

      әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;

      балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);

      "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;

      ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;

      бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

      бұрынғы кеңестiк мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

      әскери қызметшi, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;

      Қазақстан Республикасына тарихи елінде тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек қызметін растайтын құжат ұсынылады.

      Жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім көрсеткенін растау үшін мына құжаттардың біреуі (болуына қарай) ұсынылады:

      балалардың жеке басын куәландыратын құжат;

      балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);

      орта кәсіптік оқу орнын бітіргені туралы аттестат;

      балалардың арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не оқитынын растайтын оқу орнының анықтамасы;

      балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама);

      балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;

      6) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).

      5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған жағдайда, қосымша балалардың туу туралы куәліктері (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.

      Балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 5-тармағына сәйкес құжаттар (олардың болуына қарай) ұсынылады.

      Төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған адамға жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған жағдайда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығында 5 жыл бойы төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжат қосымша ұсынылады.

      Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

      Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

      Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқығы болмаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ақпараттық жүйеден тиісті төлемдерді тағайындау немесе зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері кідіріссіз өтініш берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      10-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік, Мемлекеттік корпорация басшысының атына шағым беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Қызметкер дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

 

"Жасына байланысты зейнетақы
төлемдерін тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

 

                                                                                                                                                       Нысан

      Аудан коды _______________________
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің
      _________________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті

Өтiнiш

      Азамат (ша) _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күнi: ______________ жылғы "___" ______________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі:

      __________________________________________________________________________

      Құжаттың сериясы: _________ құжаттың нөмірі: __________ кім берген: ____________

      Берілген күні _____________ жылғы "___" _____________________________________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________________

      Облыс ____________________________________________________________________

      қала (аудан) _____________________________ ауыл _____________________________

      көшесі (шағынаудан) ______________________ үй _________________________ -пәтер

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Банк шотының № ___________________________________________________________

      Шот түрі: ағымдағы _________________________________________________________

      Маған ____________________________________________________________________

      (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу

      жағдайы бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.

      Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға

      өтініш берген жағдайда асырауындағы адамдардың санын көрсету қажет.

      Маған бұдан бұрын зейнетақы төлемдері немесе жәрдемақы тағайындалған /

      тағайындалмаған (қажет емесі сызылып тасталсын).

      Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне алып келетін барлық

      өзгерістерді, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының

      шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгергенін

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан

      төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк

    шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

     

2

     

      Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Жасына байланысты зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы

      бойынша; мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы

      шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны ________ ұялы телефон ______________ Е-mail ______________________

      өтініш берген күні: 20__ жылғы "___" _________

      Өтініш берушінің қолы ______________________

      Азамат (ша) _______________________________________________________________

      өтініші № _____________ болып тіркелді.

      Құжаттар қабылданған күн 20__ жылғы "___" ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

 

 

"Жасына байланысты зейнетақы
төлемдерін тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-1-қосымша

 

      Ауданның коды __________________

      Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің

      ___________________ облысы (қаласы) бойынша департаменті "Бірыңғай жинақтаушы

      зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ)

Өтiнiш

      Азамат (ша) _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күнi: ______ жылғы "___" ____________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: __________________________________________

      Құжаттың сериясы: _________ құжаттың нөмірі: ________ кім берген: ____________________

      Берілген күні: _______ жылғы "___" ____________

      Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы:

      _________________________ облысы _________________________ қаласы

      (ауданы) ________________________ ауылы ______________________ көшесі

      (шағын ауданы) _____ үй _____ пәтер

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ____________________________________________________________________

      Банк шотының № ________________________________________________________________

      Шот түрі: ағымдағы ______________________________________________________________

      Резиденттік: резидент бейрезидент

      Маған зейнеткерлік жасқа толуыма байланысты

      ________________________________________________________________________________

      (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін) тағайындауды сұраймын.

      Бұдан бұрын маған зейнетақы төлемдері тағайындалған / тағайындалмаған (қажет емесі сызылып тасталсын).

      БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері төленген кезде БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы

      төлемдері түріндегі менің табысыма БЖЗҚ-дан төлем берілген күніне, бірақ Қазақстан

      Республикасының салық заңнамасында белгіленген шектерден асырмай есептелген салықтық

      шегерімді қолдануды сұраймын.

      Жеке табыс салығымен салық салуға жататын БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері

      түріндегі менің табысыма салықтық шегерімнің қолданылуы салықтық шегерімге құқықтың

      қолданылу мерзімі ішінде қолданылатынына келісемін.

      Төленетін зейнетақы төлемдері мөлшерлерінің өзгеруіне әкеп соғатын барлық

      өзгерістерді, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының

      шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгергенін

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

     

2

     

      Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін,

      БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту)

      туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері: үй телефоны _______________

      ұялы телефон _______________ Е-mail ______________

      өтініш берген күні: 20__ жылғы "___" ____________

      Өтініш берушінің қолы _____________

      Азамат__________________________________________________________________________

      өтініші № _____________ болып тіркелді.

      Құжаттар қабылданған күн: 20__ жылғы "___" ____________

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің лауазымы және қолы, тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

 

 

"Жасына байланысты зейнетақы
төлемдерін тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

 

      Нысан

      Мөртаңбаның орны

      20__ жылғы "___" _______

      шығ. № _____________

______жылғы_________ ______ жылғы _________
аралығында жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы
АНЫҚТАМА

      Тегі |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

      Аты |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

      Әкесінің аты |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

      (бар болса)

      Негіздеме: __________________________________________________________

      (бұйрық, жеке іс парағы, жалақы жөніндегі ведомость, табельдер және басқа)

      Салымшының табельдік нөмірі _________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

      Төлеуші ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі және орналасқан

      жері________________________________________________________________

Жыл, айлар
 

Жалақы (табыс) сомасы
 

Міндетті зейнетақы жарналары
 

Міндетті зейнетақы жарналары аударылған күн, төлем тапсырмасының №, қай кезең үшін аударылды
(айлар көрсетілсін)
 

Ескертпе
 

Есептелген сомалар
 

Аударылған сомалар
 

оның ішінде өсімпұлдар
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

Қаңтар
 

           

Ақпан
 

           

Наурыз
 

           

Сәуір
 

           

Мамыр
 

           

Маусым
 

           

Шілде
 

           

Тамыз
 

           

Қыркүйек
 

           

Қазан
 

           

Қараша
 

           

Желтоқсан
 

           

____ жылғы жиыны
 

           

Қаңтар
 

           

Ақпан
 

           

Наурыз
 

           

Сәуір
 

           

Мамыр
 

           

Маусым
 

           

Шілде
 

           

Тамыз
 

           

Қыркүйе
 

           

Қазан
 

           

Қараша
 

           

Желтоқсан
 

           

____ жылғы жиыны
 

           

Қаңтар
 

           

Ақпан
 

           

Наурыз
 

           

Сәуір
 

           

Мамыр
 

           

Маусым
 

           

Шілде
 

           

Тамыз
 

           

Қыркүйек
 

           

Қазан
 

           

Қараша
 

           

Желтоқсан
 

           

____ жылғы жиыны
 

           

 

      Барлығы __________ айда ______________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      Ескертпе:

      1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстар туралы анықтамаға "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу, ұстап қалу және аудару жүзеге асырылған табыстардың барлық түрлері енгізіледі; егер өтініш берушінің табыс сомалары 1995 жылғы 1 қаңтардан 1998 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңге берілсе, анықтамадағы 3, 4, 5, 6-бағандар толтырылмайды.

      Негіздеме: __________________________________________________________

      (анықтаманы беру үшін негіздеме болған құжаттар)

Мөр орны
 

Кәсіпорын басшысы
 

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

(қолы)
 

Бас бухгалтер
 

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

(қолы)
 

 

 

"Жасына байланысты зейнетақы
төлемдерін тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

 

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (түрі көрсетілсін)

тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы
№ ______ қолхат

     20__ жылғы "___" __________

      Азамат(ша)_____________________________________ _____________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _____ жылғы "___" ____________

      Қамқоршы ____________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Жүгінген күні 20__ жылғы "___" ____________

      _____________________________________________________________________

      Құжаттардың толық топтамасын, төлем тағайындау үшін талап етілетін

      ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді ұсынбау, төлемге

      құқығының болмауы, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну себебі

      бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.

      _____________________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

 

 

 

"Жасына байланысты зейнетақы
төлемдерін тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

 

      Нысан

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
ҚОЛХАТ

      ____________________________________________________

      (түрін көрсету)

      20 ___ жылғы "___" ___________

      Азамат (ша)_________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні 20 ____ жылғы "___" ___________

      Жүгінген күні 20 ____ жылғы "_____________"__________________________

      Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі бойынша тағайындау, төлеу

      немесе өтініш беру фактісі расталды

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

 

 

"Жасына байланысты зейнетақы
төлемдерін тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша
Нысан

 

Мiндеттi зейнетақы жарналарының аударылғаны туралы
РАСТАУ АНЫҚТАМАСЫ

      Ескерту. Стандарт 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Салымшы ________________________________________________________
      Тегі |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
      Аты |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
      Әкесiнiң аты (бар болса)|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
      Туған күні |__|__|__|__|__|__|__|__|
      күні айы жылы
      Құжат түрі:
      Жеке куәлік _____________________________________________________
      Нөмiрi |__|__|__|__|__|__|__|__|__| берілді _________________________
      Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________
      № |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
      Ұйымның атауы ___________________________________________________
      Төлеуші ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
      Төлеуші ұйымның орналасқан жері __________________________________
      _______________ бастап _________________ қоса алынған кезең бойынша

Төлем тапсырмасының күнi

Төлем тапсырмасының №

Банктің банктiк бiрегейлендiру коды

Банктiң атауы

Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
 

Шот нөмiрi

Төлем тапсырмасының жалпы сомасы

Жарналар сомасы

 

      М.О.
      Кәсіпорын басшысы ______________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
      Бас бухгалтер ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

16 мамыр, 2019 - 12:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші