A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бердібек Сапарбаев «Нұрлы жүрек» орталығының тәрбиеленушілерін Балаларды қорғау күнімен құттықтады

"Нұрлы жүрек"

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің жұмысымен танысты. Ол мамандардың кабинеттері мен жартылай стационарлық бөлімшесі бар медициналық блокты аралап шықты.

Еңбек министрі орталықтың тәрбиеленушілерін және қызметкерлерін Балалар күнімен құттықтап, музыкалық орталықты сыйға тартты. Орталықтың тәрбиеленушілері мерекелік қойылым қойды.

«Сіздердің еңбектеріңіз үшін, күнделікті жұмыстарыңыз үшін рахмет. Сізге және сіздің қамқорлығыңыздағыларға денсаулық тілеймін, әрбір бала бақытты болсын», - деді министр, орталық қызметкерлеріне жұмыста табыс тілей отырып.

Өз сөзінде, Б. Сапарбаев халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мәселелерін қозғады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар әзірледі. Құжатты жақын арада қабылдау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар тұлғаларды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуді жақсартуға, оларды алу мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін және алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, өз бетінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Нұрлы жүрек «ӘҚКО» КММ-і 1981 жылы ашылды. Бүгінгі күні орталықта 281 қамқорлықтағы адам бар, оның ішінде 155 тәрбиеленуші күндізгі бөлімде, 126 тәрбиеленуші стационарлық бөлімде тұрақты тұруда.

31 мамыр, 2019 - 19:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші