«Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (12-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2019 жылғы _________ № ________ бұйрығының жобасына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
БТБА (12-шығарылым) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (12-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (12-шығарылым)) кіріспе және ремиз-берд өндірісі жұмыстарға арналған разрядтар бойынша 9 жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.
БТБА мазмұны (12-шығарылым) Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, мамандықтар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен берілді.
Қолдануға ыңғайлы болу үшін БТБА (12-шығарылым) жұмысшы кәсіптерінен, разрядтар аралығынан және беттердің нөмірленуінен тұратын алфавиттік көрсеткішпен беріледі (қосымша).
БТБА (12-шығарылым) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алған.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
Бұл нормативтік акт мемлекеттік шығындардың ұлғаюын немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттердің кірістерінің азаюын көздемейді.
Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Жұмысшылар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (12-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 252-ө-м бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 30 шілдеде № 7817 тіркелді.
Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту
және жоспарлау департаменті
Тіркеме | Мөлшер |
---|---|
![]() | 14.3 KB |